Босанудан кейінги сұлулыкты сақтау

✅ 1. 1 стакан таза суға лимонның жартысын салып ішіңіз, лимон шырыны бауырдағы таксиндарды шығарса ал су оларды шайады.

✅ 2. Чеснокпен пияз жеңіз бұл әрекетіңіз туыс туысқандарыңызға ұнамауы мүмкін бірақ бұған бауырыңыз риза болады))) Чеснокпен пиязда өсімдік витаминдері бар, майды ерітіп организмдегі қалдықтарды тазалайды және бактериялармен грибоктарды өлтіреді.

✅ 3. расторопша пятнистая деген шөптің шәйін ішіңіз (және де марьин чертополох деп аталады) Немесе осы шөптерді суға салып ішіңіз. Расторопшада силимарин бауыр клеткасын улы заттардан қорғайтын антиоксиданттар бар.

✅ 4. С Дарумендері мол жеміс жидектерден көбірек жеңіз - түрлі түсті капуста, болгарский перец, кулпынай, спаржа, лимон, капуста, шпинат, горох, апельсин, грейпфрут, помидор, малина, сельдерей, жалбыз, петрушка. көп болған сайын жақсы ал егер шикідей куйі болса тіпті жақсы.

✅ 5. одуванчик жапырағын кез келген түрін жеңіз (шәй, салат, сок, сорпа және т.б.). Уйіңіздің жанынан ала салмай экологиясы таза жерден алыңыз

✅ 6. Үнді тағамдарын дайындап үйреніңіз себебі ол тек дәмді емес әрі пайдалы болып келеді, Тағам түрі Куркума деп аталады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Кілемді қалай күту керек

Кілемдерді тазалаудағы бірінші қағида: Кілемді алдымен сыртқы жағынан, сосын барып бет жағынан тазалау керек.

Кір кілемдерді әртүрлі қоспалардың көмегімен мұнтаздай таза қылуға болады:

- 1 литр қайнаған суға жарты шай қасық кір жуу ұнтағы мен скипидар қосып араластырады. Сосын кілемнің беткі жағына осы құрамды жағып, алдымен ылғалды, кейін құрғақ шүберекпен сүртеді.

- 1 литр суға ас қасықпен мүсәтір спиртін қосып, кілемнің бірінші сыртқы жағын, кейін бет жағын щеткамен жуады. Сосын кілемді екі-үш рет жылы сумен ысқылайды, ал соңғы рет жуғанда суға аздап сірке суын қосады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Неліктен жаз мезгілінде балалардың іш өтуі көбейіп кетеді

- Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Газды сусындар

Жаз айларының басталуымен көптеп ішілетін газды сусындардың денеге біршама зияндары бар:

• Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді.

• Тістегі жұмсақ ұлпаның (пульпа) өлуіне себеп болуы мүмкін.

• Экзема, демікпе (астма) ауруларына себеп болуы мүмкін.

• Газды сусындарға жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сіңір тартылуы

Сіңір тартылуы және бұлшық ет діріліне қарсы үйде не істеуге болатынын көбіміз біле бермейміз. Барлығы өмірінде бірнеше рет бұлшық ет діріліне тап болған. Сіңір тартылуы әдетте қол, аяқ және арқада пайда болады. Сіңір тартылудың кейбір себептері: Қатты қиналу, жарақаттану және ұзақ уақыт қимылдамай, бір қалыпта отыру. Үйде жасауға болатын кейбір емдік тәсілдер:

Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.

Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.

Керу: Балдырдағы сіңір тартылғанда аяқ саусақтары жоғары қарайтын күйде аяқ басқа қарай тартылады және осы қалыпта 30 секунд уақыттай тұрады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қойылтылған сүт жасап үйреніңіз

Ол үшін сізге:

- 200 грамм сүт;

- 200 грамм қант;

- 20 грамм кілегей майы қажет.

Дайындау жолы:

1. Барлық ингредиенттерді кішкене кәстрөлге салып, араластырыңыз.

2. Баяу отқа қойып, қайнағанын күтіңіз.

3. Қайнай бастағанда отты арттырып, 10 минут тосыңыз. Қатты көпіршіктенеді.

4. 10 минут өткеннен кейін өте сұйық болады. Қорқып кетпеңіз, солай болуы керек. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса.

0,5 шай қасық кептірілген жанжабіл өсімдігі мен азғантай ыстық суды араластырып, паста дайындаңыз. Кейін сол пастаны маңдайыңызға қойып жатыңыз. Аздап күйдіру мүмкін, бірақ басыңыздың ауырғанын қойдырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ӘЙЕЛ

…Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:

— Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала:

— Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез-келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып: ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сарыаурудан сауықтыру халық емі

1. Сұлы сабағынан бір уыс алып, ұсақтап турап, бір литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып қойып ас алдында күніне үш рет әр жолы бір құтыдан ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. Бір апта үзілістен соң қайта жалғастыруға болады.

2. Талдың кептірілген қабығынан 60 г алып, 1 литр суға 20 минут қайнатып, бір тәулік термоста ұстайды. Ас алдында жарты құтыдан ішеді. Күніне үш рет. Емделу мерзімі 15 күн.

3. Бауыр ауруынан сарғаюға сиыр өтінен бір дана, қасбояу тамырынан 100 г, лундан шөбінен 35 г қосып, талқандап, лайықты мөлшерде бал қосып, әрқайсысы 8 грамнан домалақ дәрі жасайды. Осы дәрінің біреуін қайнап тұрған суға қосып астан жарты сағат бұрын ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. 10 күн үзіліс жасап, қайта жалғастырады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі

Бас ауыруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ, табиғи жолмен бас ауруынан қалай айығуға болады? Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.

1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

5. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.......
Кеңестер
Толық
0 0