Адамның ең жақсысы Үш нәрсеге шоқынар, Мақтаны, асы нәпсісі - Шоқынғаны осылар. Асты билер жас болса, Мақтанар, баққа мас болса. Аулақта арам ас болса, Асаудан деме шошынар. ....
Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей, Олар мінді көреді, қисық жерін жөндей. Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы, Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей. ....
Мен адамның таппаймын өнерлiсiн, Ерiнбей еңбек қылған көп жұмысын. Iш жарып, iшек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерiн, мұрын, түскен тiсiн. Аэроплан‚ телефон‚ грамофон, Электр, радий мен магнит iсiн. Терең оймен тексермес надандарды Дегiзген: «Сaйтанбысың, Тәңiрiмбiсiң?»....