Эссе: Жаңа жыл

Жаңа жыл,жаңа бағыт,жаңа күн,
Жаңа жылда кезігеді әсем үн.
Жаңа жылда дидарланып күн шықса
Жаңа жылды тойлауменен болар түн!

-дегендей жаңа жыл мерекесі барлығына өзгеріс орнатады.Жаңа жыл әркімнің үйіне бақыт,бақ-береке,ырыс әкеледі.Жаңа жыл тойланар күнге дейін әрбір шаңырақта асыға күткен жаңа жылдарына қамдану басталады.Әркім өздігінше үйін сәндеп,әр түрлі заттармен безендіріп,жаңа жылдық киімдер алып,үйге немесе сырт жаққа(ауланың ішіне) шырша қойып оған ойыншықтарын тағып, түрлі түсті шамдармен әсемдеп ауланы,үйді мұнтаздай етіп тазалап,жаңа жылды қарсы алады.Жаңа жыл тойланып атап өту үшін үйге азық-түлік алып,жаңа жыл жағдайын алдын-ала жасап алады.Бәрі мәз-мейрам боп,бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар татуласып,жаңа жыл сондай керемет барлығына қуаныш әкеледі.Аяз ата мен Ақша қар жаңа жылдың ең басты кейіпкерлері:Аяз ата сыйлыққа толы дорбасын арқалап,Ақша қарды жанына ертіп алып,үйді-үйді аралайды.Ал,бұл жаңа жылды жыл сайын көріп,сол жайлы біліп жүріп өзіне өте қатты әсер алған балалар Аяз атаға хат жазып,арманын айтып,жарқын-жарқын сөздерін қосып,лебіз тілектерін білдіреді.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Ел тірегі-Елбасы

Біз тарихы терең,рухы мықты елдің ұрпағымыз. Осы елдің ұрпағын жоғалтпай,одан әрі өрбтіп,бүкіл әлемге танытып отырған жеке дара ақылшымыз,тірегіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақтың бағдарламасы ретінде Қазақстан 2050 стратегиясын жарыққа шығарып ,2050 жылға дейін әлемдегі 50 дамыған мемлекет қатарына кіруіміз керек екенің мақсат етті. Ол дегеніміз бүкіл әлемді өзіне қаратқан,дамыған мемлекет ретінде өз мемлекетімізді тану. Біздің елбасымыз –ол көшбашымыз. Көшбасшы мықты ел-ешқашан құрдымға кетпейтіне кімге болса да мәлім.

Біздің еліміздің тірегі,көшбасшысы,жүрегі,елімізді әлемге танытқан дара тұлғамыз-біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол біздің патша,патша деген атқа кез-келген адам ие бола алмас. Ол кісінің атқарған жұмыстары Қазақстан үшін ұлы мәртебе. Біздің ата-бабаларымыз қасық қаның төгіп,осы жерімізді бізге аманат етіп кеткен.Дәл бүгінгі күні біздің елімізді бүкіл әлем таниды десек қателеспейміз. Бұл кімнің арқасы? Әрине,елбасымыздың арқасы,оның дұрыс құра білген саясатының арқасы,оның елге деген сенімі, жерге деген махабатының арқасы. Ол кісінің біздің мемлекет үшін атқарған жұмыстары,елім деп соққан жүрегі,барлығы біздің болашағымыз үшін,яғни Қазақ елінің болашағы үшін жасалып жатқан дүниелер. Сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасын құру мақсатында көптеген белестерге,елімізді рухани жағынан жаңғырту да сол кісінің алға қойған мақсаттарының бірі десек те қателеспейміз. .....
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Жанайқай

(күнделік парақтарынан)

Сәлеметсің бе, күнделік! Әдеттегідей.. сенің әппақ беттеріңе ішімде бұлқынып жатқан алапат әлемімнің бейнесін сызу үшін қаламымды қолыма қапсыра ұстап алдым. Айтайын бүгін не дертпен келдім. Жақсы көру.. иә-иә, жан жүрегіңмен сүю бақытының азаптары жайлы шер тарқатам. Көп көріп жүріп сүйікті ету емес, бір қарап ес кету.

...Мен де сенбейтін сезім болған. Солай болып қала берсе ғой, жәй-күйім дәл бүгінгідей болмас па еді.? Неге дейтін шығар иә, кім болса да? Күнделік! Ендеше мен көз моншағыммен сырымды жазайын, ал сен кіршіксіз көркіңе түртіп ала бер, бұлжытпай.

Сүйікті адамды пәк көңілменен сүю үшін оның көз әлеміндегі тұңғиыққа бір сәт қана сүңгіп, аз уақыт жанарына жанарыңды түйістірудің өзі жетіп, артылып жатыр. Рас айтам. Мен кешіп жүрген күй осы!.

.. Бір-ақ сәт қана.. дәрменім жетіп сырлы сұлулығына жанар бердім де - өз-өзіммен жүрегімнің әміршісіне айналдырдым, көңіл-күйімнің жалғыз себепкеріне, көмейіме тұнған асыл сөздерден туындайтын титтей жырларымның кейіпкері де - сол! Жүрегімнің төрінен орын да беріп қойғам, әрдайым амандығы алаңдататын қиялымдағы ғажабым да - сол жан! Өзіне жалғыз-ақ рет қарауыма мүмкіндік беріп, бүтін бір өмірімдей көретін ардақтым боп шыға келді.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Туған өлкем – тұнған шежіре

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Ө. Тұрманжанов

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» – деп Ж.Аймауытов айтқандай, мен осы уақытқа дейін туған өлкемнен алыс кетіп, сағыныш сезімін басымнан кешіріп көрмеппін. Бірақ туған жеріме деген мақтаныш сезімім ерекше. Сол сезімнің жетегіне ере отырып, ұлттық-рухани тамырыма нәр берген туған өлкем Хромтау туралы сыр шертейін.

Біріншіден, жер қойнауы хром мен мысқа, мырыш пен никельге, қоңыр көмір мен басқа да қазба байлықтарға өте бай. Бүгінгі күні еліміз үшін аса маңызды үш ірі өндіріс орны – «Дөң» кен байыту комбинаты, «Восход-Ориел» ЖШС және «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ жұмыс жасайды. Жері ырысты Хромтау – астықты өңір. Егер біздің өңірге жолыңыз түссе, көктемнен күзге дейінгі дала бояуының сан түрге өзгергенін көріп, тұрғылықты халықтың ерен еңбегі мен ырысты несібесінің куәсі боласыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Туған жер айналдым сенен

Туған жер алтын бесік, асыл анам.Әлемнің жеті кереметінен де асып түсерлік кіндік қаным тамған Қазақстаным-мына менің сәби жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Өзге елде мекен етіп жатқан қандастарыма арман болған елімнің қадірін мен жақсы түсінемін.Сол үшін де қадірлеймін..жақсы көремін..

Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде туған жер деген ұғымды мен бірден түсіне қойғам жоқ.Еліңді сүй деп те ешкім құлағыма құя қоймады.Тарихтың қойнауынан сыр шерте жүріп рухани бай әрі қайырымды халқы бар Отанымның құндылығын ұға бастадым.Өз отанымды сүюді үйрендім.Өз елін менсінбей қарайтын бауырларымды мен түсінбеймін.Туған жеріміз кеше ғана есін жиып,аяққа тұрса да АҚШ пен Қытайдан кем түспейді!Дарынды ,кемел ұрпақ керек болса небір вундеркинд балалар өз елімізде бар.Ресейдің кең байтақ жерін айтсаңыз, Қазақстанның пайдалы қазбаларын сөзге тиек етемін.Біздің елдің байлығына Ресей тең бола алады ма? Швейцариядың табиғатын айтсаңыз, Көкшетауға билет сатып әперейін!Бурабайдың сұлулығын көріп,өз еліңізге қалай тамсанбас екенсіз?Әлем әдебиетін ауыз толтыра мақтамас бұрын «Абай жолын» оқып шығуыңызды сұрар едім.

Бабалардан қалған асыл мұраның,Сәтпаев ашып кеткен мол қазынаның байбына жете қоймаған ұрпаққа Елбасымыз бастаған «Рухани Жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бір серпіліс әкелгендей болды.Бұл жобалар шын мәнінде жастардың ізденуіне жол ашты.Осы жолда Отанын жақсы тани түскен жандар сөзсіз өз елінің патриоты атанды......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Дұрыс шешім – үлкен өмірге нақты қадам

Әрбір адам қандай да бір іс үшін дүниеге келеді. Олай дейтін себебім, кез-келген пенде армандап, өз мақсаттарын құра алғанда ғана адам болып саналады. Ендеше, қабылданған дұрыс шешімдер – адамның бүкіл өмірінің алғышарты, іргетасы және болашағының нұсқаушысы.

Адам – қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Яғни, қоғамның дамуы адамға тікелей байланысты. Ал, әрбір адам өзінің өмір сүріп отырған қоғамына, бір пайдасын тигізіп, оны дамытуға міндетті болып табылады. Сондықтан, адам өз жолын дұрыс таңдай білуі қажет. Себебі, кез-келген адамның өз ұстанымы, таңдауы – өмірлік жемісі әрі еліне қосқан үлесі. Бірақ, адам өзінің икемділігіне, қабілеттілігіне қарай өмір сүруі тиіс. Егер, өмірлік ұстаным адам жанына жақын болмаса, одан еш пайда шықпайды. Өз қалауымен еңбектеніп, өз ортасын таба алған адам ғана, жанына қуаныш сыйлай алады. Оған дәлел, Әл-Фараби атамыз: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», - деп, адамның өз ортасындағы бедел биігі мен қалаған ісіне деген сүйіспеншілігі, ынтасы болса, аз уақыттың ішінде заманның бірден – бір бақуатты әрі бақытты кісісі болатынын айтқысы келді. Сол себепті, дұрыс шешім қабылдап, өзіне не керек екендігін таңдай білген адам ғана саналы ғұмыр иесі әрі нағыз адам болып саналады. Кімде – кім бала кезінен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдау өмірдің сара жолы екенін білсе, сол адам ештеңеден тайсалмай, қаһармандық жасауға қабілетті деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, біздің ауылда жұмыссыз екі қолын қоярға жер таппай жүрген кісілер баршылық.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Менің мұғалімім, менің мақтанышым

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» деп бекер айтылмаған екен. Қарап тұрсаң, адамның құрылысында, жан дүниесінде табиғатқа өте көп ұқсастық байқалады. Суы мол, бұлқынбай ағатын терең өзенді көргенде, мінезі ауыр, әр ісін тиянақты атқаратын, сабырлы, аз сөйлеп, көп жұмыс тындыратын кісілер елестейді. Ондай адамдар көп ішінде жұлқынып сөйлемейді, «мені елемеді-ау» деп, өз қызметін бұлдамайды да. Өзіне тән сабырлылықпен, әр күнін өзіндік табысымен шығарып салады. Ондай адамды тек тікелей білетін, араласып жүрген кісілер болмаса, басқалары байқамайды да.

Менің ауылымда дәл осы айтылғандарға лайықты азамат тұрады. Мамандығы – физика пәнінің ұстазы. Жақсы маман, асыл азамат.

Ия, ұстаз болу оңай емес. Әр үйдің бір-бір еркесін оқыту. Ал, өзі ерке бұзық баланы жөнге келтіру оңай шаруа емес. Бұл жолда білім де керек. Ең бастысы баланың жүрегіне жол таба білетін психолог бола білу ауадай қажет. Осындай талаптарға ұстаздың ұстамы, төзімді болып, орынды шешім қабылдай білуіне байланысты.

Менің ұстазым бір мектепте 36 жыл қызмет жасап, осы мектептен зейнеткерлікке шыққан. Жастайынан ескерімді алғыр ағай өзінің талпынысын, ізденісін ұдайы жалғастырған. Қолына не алса да, мүлтіксіз орындап, тиянақты тындыра білуді дағдыға айналдырған......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Туған жер

Бар қазақтың қан тамыры ауылда,

Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.

Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,

Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Тілі мықтының – елі мықты

Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс.

Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. .....
Эсселер
Толық
0 0