Шығарма: Әкенің жақсысы жездедей-ақ

(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)

Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы әлі толыспаған, мектеп қабырғасында оқып жүрген менен де зор үміт күтіп, әр айтқан сөзіме мән беріп, мұқият тыңдап пікір қосатын еді. Бір күні әдеттегідей қызу талқы кезінде, ойымда жүрген сауалымды ортаға салдым.

- Көке, осы бізде «әкенің жақсысы жездедей» деген мақал бар емес пе? Не үшін олай айтқан, сонда әкелердің махаббаты әлсіз бе? – деп әкеме сұраулы жүзімді аударып, ренжи қарадым. Көкем болса, аз-кем ойланып, жымиып:.....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Балалықтың – бал дәурені

Жетінші қара сөзінде Абай : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі –білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмары» -дей келіп, баланың көргеніне талпынатынын, көзі көрген мен құлағы естігеннің бәрін білгісі келетінін жақсы сипаттайды. Шынында да, бала кезде бәріміз де дүниенің бар сырын танып –білгіміз келіп, алға ұмтылып, тезірек өскіміз келіп, үлкендерге еліктеп жүретініміз анық. Мүмкін, сонысымен де балалық шақты бал дәуренге теңеген болар?! Әйтеуір, үлкендер бала кездерін еске алса, еріксіз жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті. Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол бір ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай. Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық, жақсы ниет, адал көмек туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың тілін айтсаңызшы!.....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз ел – бабалар арманы

Елу жаста «елім бар» деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің мұңлы Абай.
Қасым Аманжолов

Қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында еліміздің тәуелсіздігіне салғырт, немқұрайлы қарау етек алып бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл құбылыстың негізгі себептерінің ең бастысы – «Қазақстанға тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяғына таман КСРО-ның ыдырауы барысында оның құрамындағы республикалар егемендігін алып жатқан тұста, 1991 жылдың желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында ешқандай қантөгіссіз, өзінен-өзі келе қалды, бұл – қазаққа Құдайдың берген сыйы болды» деген солақай түсініктің қалыптасуы. Осының нәтижесінде жастар ел тәуелсіздігіне «мәңгілік сыйдай», еш алаңсыз қарайтын сияқты. Бұл эсседе тәуелсіздіктің ешқандай оңайлықпен келмегенін, оны арман еткен бабаларымыз бен аналарымыз, ағаларымыз бен апаларымыз ғасырлар бойы күресіп өткенін, сондықтан бүгінгі біз өмір сүріп отырған тәуелсіз, бейбіт елдің іргесі атажұртты аман сақтап қалу үшін төгілген есепсіз қан мен көз жасына суарылғанын ешқашан ұмытпай, ел тәуелсіздігін сақтауға әрқайсысымыз зор жауапкершілікпен қарап, бұл бақытты келесі ұрпаққа табыстау – біздің парымыз, ұлы міндетіміз екенін таратып айтамын......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Ел болам десең

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.

Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.

Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жастар - ұлы күш

Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?

Ұрпақ және оның алдағы өмірі - қашан да халықты мазалайтын мәңгілік тақырып. Себебі елдің ертеңі сол ұрпақтың қолында болады. Мен елімнің ертеңімін. Мен жаспын.

Жастықтың оты жалындап,

Тас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиынға салған шақ, -

деп ұлы Абай айтқандай, бойымда күш-қуатым тасып тұрған шақтамын. Қиял қанатында қалықтап жүрген шағым. Бұл кезеңді Абай адам өмірінің ең маңызды шағы деп түсіндіреді. Жастардан осы сәтте албырттық та, құштарлық та, даналық та шығады.

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай?-

деп тағы бір өлеңінде жас кезіңде білімнің соңына түсу керектігін айтып өтеді. Ендеше, ерекше талпыныспен жас шағымызды дұрыс өткізгеніміз абзал емес пе?!......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Антропогендік фактордың экологиямызға əсері

Қазіргі таңда адамзаттың табиғат анамызға деген жанашырлығының азаюы салдарынан экологиялық аппаттар күннен-күнге көбеюде. Көзі ашық көкірегі ояу адамдар осы аппаттың бірден-бір себебі ол антропогендік факторлар екенін жақсы біледі. Көпшілігіміз антропогендік факторлардың көзі ірі-ірі зауыттар, полигондардан екенін жақсы білеміз, жәнеде табиғат жанашырлары экологиямыздың тазалығы үшін білек сыбана кірісуде. Табиғат анамыздың жағдайына бей-жәй қарап қалталарының қамын ойлаған адамдарға салық, айыппұл салуда, талап етіп заңға енгіздіргенде осы табиғат жанашырлары болатын. Қалтасының қамын ойлаған кәсіпкерлердің табиғат қамын ойламай, ақшаны табиғатымыздан жоғары қою салдарынан, экологиялық аппаттар ғаламдық деңгейге жетіп аппаттармен күресу, оларды тоқтату күннен-күнге қиынға соғуда. Мысалға, мұздықтардың еруі, ғаламдық жылыну, теңіз суларының тартылуы, су деңгейінің көтерілуі, су тасқындарының бірден-бір себебі адамзаттың немқұрайлылығы салдары. Ең бірінші экологиялық аппаттар себебі 2-ші дүниежүзілік соғыс болды, 1945 жылы атом бомбыларының бір тараптан, екінші тарапқа толлассыз қолдану салдарынан жер бетінің тең жартысы жапа шекті. Одан кейінгі ірі зауалдардың бірі ол 1986 жылы Чернобыльдағы техногендік апат салдары адам денсаулығына қатты зиянын тигізіп адамдар түрлі ауруларға шалдығып, адамдардың көбі мүгедек болып, ауру балалар көптеп дүниеге келді. Дәл осындай зардап біздің еліміздегі Семей полигонының жарылысынан болды, сол полигон әсері, адамзатқа әлі күнге дейін әсер етуде. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Бала - бақытың

«Бала – бауыр етің» деп бекер айтылмаған. Дүние есігін мен келдім деп, тірлік иесі екенін аңғартып, ертеңгі еліміздің болашағы екенін білдіртіп айқайлап ашатын, кішкене ғана қызылшақаны әр ана жүрегі елжірей, мейіріміне қарсы алатыны баршаға аян. Келе сала айналаны қарманып анасының омырауын іздей бастайтыны, аузына ана сүті тиісімен өзінің кәнігі ісіне кірісіп кететін, ал ананың алпыс екі тамырын иітіп берген ақ сүтіне тойған бойда балғын иісі бұрқырап, албырай ұйқыға кететін сәбиіне кім еміренбейді дейсің?

Дүниеге сәби әкелу әр ананың бақыты. Сәбидің тәтті үнін дүниеде еш нәрсе алмастыра алмайды. Талай жанның өмірін өзгертіп, ата-ана болу бақытын сездіретін жұдырықтай шақалақтың құдыреті шексіз. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деген еліміз». Әр бала өз несібесімен келеді деп баланы шектеуді де жөн көрмейтін қазақ емеспіз бе?

Жұмыстан шаршап келгенде сәбилеріңнің құшақ жая жүгіргені, сәл нәрсеге өкпелеп, сәл нәрсеге шаттанатын тәтті қылықтары шаршағаныңды ұмыттырып, шаңырағынды шаттыққа толтыратын тағы бар. Баланың үйге кіргенде көзімен іздейтіні де, алдымен сұрайтыны ол ата-анасы. Ең жақын қамқор адамдары жанында болса сәбидін жарқын күлкісі, алаңсыз бейқам шаттығы әлемді нұрға бөлеп тұрады. Тәңірім баланы ешқашан анасынан, ананы баласынан айырмашы! Өмірдін мәні ата-ана үшін байлықта емес, сананалы, иманды ұрпақта. Ата-ана әрқашан баласымен мақтанып, марқаяды. Сондықтан әр ата-ана баласына байлық емес, түзу тәрбие беріп, адами құндылықтарды жинап алуына көмектесу керек. Себебі бала өміріңнің жалғасы, өміріңнің мәні.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Асыл ана

Ана бұл – сен дүние есігін ашқанда бар мейірімімен қарсы алатын жан. Сені өмірінің соңына дейін бағып- қағып, өз бойындағы бар асылды сенің бойыңа құюға тырысатын жан. Сенің жан – жақты дамыған ойшыл, саналы адам болуыңа зор үлесін тигізетін жақын ұстазың. Сен ауырғанда оның жаны маза бермей, сен жылағанда жүрегі жылайтын жалғыз жан. Бұл өмірде әрине, бәрі уақытша, тек ананың шексіз махабатынан басқалары. Сені анаңнан артық тірі жан бұлай шексіз сүйе алмайды. Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.

Ана сенің жылағаныңа бей - жәй қарап отыра алмайды. Сенің болашағыңа алаңдап, өмірден көргенін өз баласына жеткізуге тырысады. Ананың табанының астында жұмақтың кілті жасырулы, сонда аяулы алақанында не жасырылған екен?Кім біліпті?! Әйел заты ең мейірімді, ең нәзік жан болғасын ана болу бақыты бұйырған. .....
Эсселер
Толық
0 0