Шығарма: Қытай ойыншықтарының зияны

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Қыз - қазына

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,
Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз
М.Әуезов

Біздің қазекеңдер қыз баласын қонақ ретінде сыйлап, төріне шыығарып, бетіне келмей,нәзік гүл екендігін сезіндіре білген.Тал бесігінен жат жұрттық екендігін түсіндіріп, бойына асыл текті қасиеттерді «қызым саған айтам, келінім сен тыңда» қағидасына салып тәрбиелеп отырған. Тек ділімізде ғана емес, дінімізде қыз баласының наласы мен ризық- несібесінің мол болатындығы, жақсы қыз әкесі мен ағасын бірдей жұмаққа кіргізетіндегі, риза кейпі сол үйдің байлығы мен берекесін ұйытатыны хақ дүние.

Ең алдымен «қыз баласы» деген ұғымға тоқталып өткенім дұрыс шығар. Мен үшін қыз- болашақ ана, аяулы жар, үлгілі келін. Қыз баланың тәрбиесі тек өзінің ғана болмысын көрсетпейді. Дүйім жұрттың, бір қауым елдің, қырық үй қарайласқан аялы алақан мен үлгілі өнегінің бейнесі. Бойға сіңген қасиет арқылы сыйы артып, сыбағасын алады. Бір қызды тәрбиелеу- бір ұлтты тәрбиелеу. Қазақта «әйел -ана», «әйел- жар» деген керемет тіркестер қалыптасқан. Расында, әйел мен ана, қыз бен келін т.б атаулардың қандай айырмашылығы бар?......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Ұмытылмас ұлы ел

Біз қырандай самғаған, алдымызға мақсат қоя білген, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлы халықпыз. Біз әлем картасынан ойып тұрып, орын алып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Жаңа ғасырдың ұлы мемлекеті - Қазақстан!

Н.Ә.Назарбаев

Ен далада есіле,кең далада көсіле өмір сүрген ұлықты халықпыз.Сонау ықылым заманнан бері ата-бабамыздан қалған шынжырлы міндетті ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, қазақ елінің еңсесін тіктедік.Тарих тамырының түкпірінде жатқан құндылықтарымызды сақтап,алдыға үлкен мақсат қоя білдік.Көптеген қиындықтарды халқымызбен бірге жеңіп,Ресей бұғауынан босап,келешегіміздің,ұрпағымыздың болашағын ойлап,ел тарихындағы маңызды шешімді қабылдадық.Бұл шешімді қабылдауда ұлт зиялылары мен ұлт көшбасшылары көп үлес қосып,халқымыздың жаңа елдік идеологиясын қалыптастырды. Осылайша біз жаңа,арманы асқақ болашағымызға қадам бастық.

ⅩⅩ ғасырда тәуелсіздігімізге,елдігімізге қол жеткізіп,төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыздың асқақ арманын орындадық.Осы бір қиын жолды қазақ батырларынын бастап,Ахмет Байтұрсынов,Сәкен Сейфуллин,Міржақып Дулатов аталарымыз тар жол тайғақ кешумен және халықты жігерлендірумен ұлтымызды қоғады.Олар еліміздің мықтылығын,ұлылығын барша ұлтқа танытпақшы болды.Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін алты құрлыққа танылған халық атандық.Осылайша еліміз қырандай қомданып,тұғырына қайта қонды......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Мұхтар Әуезовтың қайталанбас, асыл мұрасы

Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік әдебиет пен мәдениетке қымбат қазына қосқан, «сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін» әлемдік құбылыс, қазақ әдебиетінің шыңы саналатын, қазақ халқының ғасыр перзенттерінің бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Мұхтар Әуезовтың есімін атаған кезде ең алғаш Абай бейнесі, «Абай жолы» эпопеясы көз алдымызға келеді. ««Абай эпопеясы-творчествоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма» деген екен М. Луконин.

Шынында да, «Абай жолы» - М. Әуезовтің шығармашылық зор мұрасы, қазақ әдебиетінің мақтанышы, кезінде көпұлтты кеңес әдебиетінің ірі жетістігі саналған айтулы туынды. М. Әуезов осынау ұлы туындысын жазуға жан-жақты ұзақ даярлықпен келді, көптеген жылдар бойы Абай өмірі мен шығармашылығын сарыла зерттеді, шығармаларын жариялады, ақын туралы очерк, мақалалар, көлемді зерттеу еңбектер жазды.

Абай - эпопеяның бас кейіпкері. Өйткені, осынау төрт томдық ғажайып асыл рухани қазына ең әуелі Абайдай аяулы азаматқа, күрескерге, ұлы ақынға арналған, оның халықпен қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп соққан ұлы жүрегіне арналған рухани ескерткіш......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Тіс- саулықтың, әдеміліктің шынайы көрінісі

Стамотология-тіс құрылысын зерттейтін ғылым.Тістер-қатты жасушалардан тұратын,азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшін қажетті құрылым.Жануарларда қорғану және шабуыл үшін қару ретінде қолданылады.Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін күлудегі маңызды компонент.

Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады.Тістерде сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі.Балаларда сүт тіс 3 айдан бастап 1жас шамасы аралығында шығады.Сүт тістер 6-12 жас аралығында біртіндеп тұрақты тістерге алмастырылады.Тістер пішініне қарай күрек тіс,ит тіс,кіші және үлкен азу тістер болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты,оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі ,және екі түбірлі және үш түбірлі юолып бөлінеді.Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тісжәне ит тіс жатса,үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі,ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.Тістің барлық саны-32.Олар адамның аузында үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады.Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.Әрбір тістің үсті ақ түсті зат-эмальмен/кереукемен/қапталады,оның астындақатты затдентин жатады.Адамның тісі- оның негізгі мәшинесі.Өйткені қандай тамақ болмасын тіспен шайнап жейді.Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды.Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.Тістің түсіп қалуы ауыз гигиенасын сақтамағандықтан болады.Сол себепті тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.Ауыз қуысының жеке гигиенасын негізгі -тістерді дұрыс және үнемі дұрыс тазалап отыру.Адамның ауыз қуысында үнемі бактерилар жүреді.....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ-қызымен қазақ

Қазақ қызы -
Қазақтың мақтанышы
Ерлігіне ескерткіш қойылмаған
К.Ахметова

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының болашағы мен тәлім-тәрбиесіне ерекше мән бергені әлімсақтан аян. Сөз жақсысын келістірген хакім Абай:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп өлеңіне өрнек еткен қазақ қызы - иба мен инабатты, сұлу сымбатты бір бойына жинаған көркем жаратылыс. Қайран, қазақтың қыздары –ай... Осылай деуімнің себебі жоқ емес. Нәубетті тарих көшінің сахнасында қыз мұңлықтың тағдыры талай таразыға түсті. Қазақ әйелі, қазақ қызы биязы мінезі, ашық көңілі, жоғары парасат-пайымымен халқымыздың даналығын танытқан ұлт айнасы десек асыра айтпағанымыз. Теңіздей терең түсінігі, ділмәр шешендігі, төл дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтаған беріктігімен Құнанбай, Абайдай алыптарды тәрбиелеген Зере, елім деп еміренген батыр Бауыржанды үш жасынан бауырына салған Қызтумас, Шоқандай шоқжұлдызды өсиет әңгіме, ойлы ертегілерімен білімге, адамгершілікке баулып, жетілдірген Айғаным,аналық мейірімі, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаздығымен ұрпағының ұранына айналған Домалақ анадай ел аналары бұл сөзіме дәлел.
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жастың қуаты - білім білегінде

«2019 жыл- Жастар жылы» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл -ауқатының өсуі табысымен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында жариялаған болатын.

Жалпы жас келсе іске дейтін дана қазақ жастардың мүмкіндіктерін бағалай білген. «Он үш жаста отау иесі» деп жастарға үлкен үміт артқан. Қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіров «Жас мұраты білім, тәлім -талабы, өнер оқу- жастықтың қару жарағы» деп жырлағандай , жастардың талапты, білімді, негізгі мақсаты оқу екендігін анық айтқан. Жастарға үлкен сенім артып «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» «Жүз жаңа есім» сияқты түрлі жобалар ,бағдарламалар жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Бізге ,яғни жастарға үлкен сенім арттып , болашақ біздің қолымызда болғандықтан әрбір жас жауапкершілікті сезінсе екен. Себебі ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы ұлағатты сөзінде «жастардың оқу - тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді»деген. Яғни, жастар ел болашағы , тәлім -тәрбие алу ғана емес , соны дәріптеу өскелең ұрпаққа жеткізу қажет. Балаларды оқуға шықырған, білімді азамат болуларын қалаған Ыбырай Алтынсарин «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген. Ең бірінші жас ұрпақты тәрбиелеуде білімді болу керек. Сапалы білім- саналы ұрпақ кепілі, тәрбиенің негізгі бастауы ол білім. Білімсіз істің реті болмайды. Болашағымыз жарқын болу үшін жастар талмай еңбек етуіміз қажет. Әрбір жас елдің тірегі, елдің , жердің дамуына үлес қосу тиіс деп санаймын. Заман талабына сай құзырлы болу үшін үш тілді еркін меңгеру, инновациялық технологияларды қолдана білу, бәсекеге сай зайырлы қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын, өмірге деген көзқарасы айқын , жетістіктерге қолжеткізе алатындай еркін өмір сүруі керек. Өзге елге еліктемей, өз елінің тарихын, шежіресін құрметтеп, дәстүрін сыйлап, насихаттауы қажет. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз

Есімде... Қараша айының 8-ші жұлдызы, жо-жоқ жұлдызды күн емес мен үшін...қарашаның қара суық желіндей ызғарлы.
Таң. Күзгі қара суықтан мені анамның құшағы ғана құтқаратын. Тəп-тəтті ұйқыда жатырмын. Анамның жып-жылы құшағында. Сол бір жылулық пен тəтті ұйқыны суыт хабар бұзғандай.

Əкемнің о дүниелік болғаны туралы... Небəрі 5 жаста болсам да бəрін түсініп жатырмын. Бəрін түс секілді қабылдадым ба, бала көңіл еш нəрсені алаңдар емес. Сабырлы қалпымды бұзбастан мүмкін өтірік шығар, түс көріп жатқан болармын деген үмітпен тысқа шықтым. Үстімде анам кигізген қызыл көйлек (əлі есімде). Расымен де, жаңа ғана мүлгіген тыныштық бұзылған.
Үйге аяңдап қайта кірдім, кірдім де анамды іздей бастадым. Кішкене ғана пештің жанында анам отыр екен. Жанарындағы жасты байқамау мүмкін емес еді.

- Мама жыламашы...

- Жыламаймын қызым...

Бітті... Əрі қарай арамызда диалог болды ма, болмады ма білмеймін... Есімде қалғаны мені көрші үйге апарып тастағаны ғана... Баламын ғой, ол оқиғаға мүлде сенбедім бе, сенуге қорықтым ба, əйтеуір көзіме жас алмаппын... Əлде ащы ақиқатқа сенгім келмеді ме екен? Білмеймін... Тым ауыр жағдай. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны

Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ойындары, фольклоры. Қазақ халқы бұдан кенде емес. Халық аузында жүрген әрбір мақал-мәтелдің немесе тыйымның өз тәрбиелік мән-мағынасы бар. Бірақ, қазіргі жаһандану заманында бұл құндылықтар өз бағасын жоғалтып, өткеннің еншісінде қалып бара жатқандай. Оны айтып, ескеріп отыратын көнекөз қарияларымыздың да бүгінгі келбеті мүлдем бөлек. Ақ жаулығын таққан әже мен ақ сақалы мен тақиясы бар атаны бүгінде кезіктіру өте қиын. «Заманына қарай адамы» дегеннің әсері болар. Заман талабына қарай өзгере беретін болсақ, ұлттық құндылық түгілі, шыққан текті ұмыту қиын емес бұлай. Өйткені бүгінгі «заманауи» жас отбасылар ата-ана қадірі, туыстық байланыс, салт-дәстүрді біле бермейді. Барлығына топырақ шашудан аулақпын. Бұның барлығын өте жақсы білетін де жандар жетерлік. Өйткені, олар «отбасы институтынан» тәлім алған. Сол алған білімді ары қарай өз ұрпағына үйретіп, үнемі қайталап отырады.

Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын, пайдалы азамат шықпайды»,- деген сөзі бар. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде оның ататегін қоса үйреткен жөн. Жан-жақты болсын деп бірнеше шет тілін үйрету, бос уақыты болмасын деп түрлі үірмелерге жазып қою бүгінгі күннің «тенденциясы» деп те айтуға болатын шығар. Өзге тілді үйренемін деп, ана тілін білмей шүлдірлеп жүрген талай қара домалақтарды көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Сонда өз тілін білмеген бала өзге тілді қалай сыйлайды?! Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Бірақ, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың өз алар орны бар екенін жас ата-аналар ұмытпаса екен.......
Шығармалар
Толық
0 0