Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзіме киім үлгісін таңдаймын (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өзіме киім үлгісін таңдаймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
4.1 Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтау. «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Ым-ишараны қолданып сөздерді түсіне алады;
Оқушылардың көпшілігі:
• Сұрақты түсініп жауап бере алады;
Кейбір оқушылар:
• Сұраққа жауап беріп, өз ұсынысын айта алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбірейді мәңгілік!

Шерлі жылдардың шежіресінен сыр шерткен,
Шыққан жоқ әлі ызғарлы жылдар өрті естен.
Ұмытылмайды ерлердің ісі мәңгілік,
Ұлы Жеңісті тойлайды елім құрметпен
Адамзат баласының осы дәуірге дейін өмір сүріп келген күндерінің ішіндегі ең қатыгезі, ең сұрапылы екінші дүниежүзілік майдан-Ұлы Отан соғысы екені бәрімізге мәлім. Тыныш жатқан елге тажалдай тап беріп, төтесінен төнген сұрапыл соғыс сонау мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып еді. Ал сол сұрапыл соғысқа елін сүйген батыр қаһармандар еш қорқынышсыз аттанып кете барды. Олардың соңынын аңырап ата-ана, есінен танып жары, ботадай боздап балалары қайғының қара бұлтына оранып қала берді.
Ұлы Отан соғысына 35 миллиондай адам қатысып, 20 миллионнан астамы сол соғыста ерлікпен мерт болды. Сұрапыл соғыста қазақтың мәрт ұлдары мен қыздары ерекше ерлік көрсетті. Отқа оранған соғысқа кезінде қан майданға өздері сұранып барған қос батыр қыз - Әлия мен Мәншүк , теңдесі жоқ ерлік бейнесі болған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы , батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Сұлтан Баймағанбетов пен Төлеген Тоқтаров сынды рухты тұлғалардың ерлік істерін ешқашан естен шығаруға болмайды.
Қан құйлы соғысқа ер-азаматтармен қоса , көптеген қыздар да қатысып, асқан ерліктерімен мейірімсіз жаудың бетін қайтарып, жер жастандырды. Зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева, 300-ден аса аспанға көтеріліп, көк жүзінен жауына қырғиша шүйліккен Хиуаз Доспанова, Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан лейтенант, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Алтыншаш Нұрғожинова, барлаушы Рахила Ералина сынды қазақ қыздарының ұлы ерліктері туған халқының жүрегінен мәңгілік орын тепкені тарихи шындық.
Соғыс жылдары отанын қорғау үшін ерлік пен қаһармандықтың өшпес бейнесін көрсеткен қазақ батырларының ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Ұлылардың ерлігі келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл қаһарлы күндер тарихта «шерлі жылдар шежіресі» атылып қала беретін болады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Корей қыздарының құпиясы: бет терісін тазарту мен ылғалдандыру

Көбіміз корей қыздарының бет терісіне қызығамыз. Бірақ сұлулық сыры олардың шығаратын косметикалық құрылғылары мен маскаларында шығар деп жылы ысырып қоя саламыз да, өзіміздің үйреншікті кремдерімізді жағып жүре береміз. Негізінде корей қыздарының балғын терілерінің сыры – олардың қолданатын құрылғыларынан гөрі, дұрыс күтімінде. Яғни олардың косметикалық құралдарының баламасын біздің елде де табуға болады, мәселе оны ретімен пайдалануда жатыр. Бүгін біз сіздерге теріні дұрыс тазарту мен ылғалдандыру әдістерін үйретеміз. Бұл процедура біраз ұзақ болатындықтан оны көбі ерініп, жасамауы мүмкін. Бірақ мінсіз бет терісін армандайтын қыздар үшін қарапайым әдістерді дағдыға айналдыру түкке тұрмайды деп ойлаймыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын)

Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын,
Кім білсін, қандай екен ішкі сырын.
Әдепсіз, молда алдында тасыраят,
Біле алмай отыруды әнтек қырын.
Бай қызы бұлғақтаған, ерке-шолжың
Күңге лайық кескін....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.А/И2.Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін анықтаймын.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін өзге кейіпкермен салыстырамын.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадағы кейіпкер бейнесін өз ойыммен, көркем тілмен жалғастырамын.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!

Соғыс, соғыс! 1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те неміс басқыншылары тұтқиылдан біздің елімізге баса көктеп кірді. Анасы, әйелі ер азаматын соғысқа аттандырды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде Рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Тірі пендеге бір келетін ажалды жанын кірлетпей, сары алтындай сабырмен кірпік қақпай қарсы алды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ел басына төнген соғыс нәубеті қаншама отбасын иесіз, аналарды жесір, балаларды жетім етті. Мыңдаған жауынгерлердің денесі майдан қойнауында қалып қойса, Жеңіс туын желбіретіп елге оралған сарбаздардың өзі бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлы Отан соғысын ой елегінен өткізгенде, көз алдыңа елестейтін бір көрініс - партизандар әрекеттері: тұтқиылдан шабуыл, берекесі кеткен жау, асығыс-үсігіс қимылдар, көкке ұшқан көпірлер, күйген пойыз, аударылған вагондар, әйтеуір астан-кестен дүние.
Ұлы Отан соғысы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология
Сабақ тақырыбы: Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
Сабақ мақсаттары: - өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді зерттейді;
- ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысады;
- тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0