Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі

Бас ауыруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ, табиғи жолмен бас ауруынан қалай айығуға болады? Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.

1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

5. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Еңбек келісімі

Келісімшарт – тараптар арасында қандайда бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Мысалы: Сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісім шарттар екі жақты немесе көп жақты болыды.
Келісім шарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты - жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы: Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жеке меншігі, ТИБ – те тіркелген нөмірі, ТИБ – тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дауталаста, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі ноториалдық кеңседе сақталынады. Қалған даналары катысушы тараптарға беріледі.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс күні қуанышты тойлайтын

Кім Отанын шексіз сүйсе қаншама,
Оның тартар азабы да соншама М.Шаханов
Қазақ халқы өзінің басынан талай-талай сұрапыл күндерді өткізген. Елім деп еңіреген ұлдары тәуелсіздік үшін жандарын қиған. Желмаясына мініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды іздеп ел кезсе, еліміздің маңдайына біткен біртуар ұлдары қайтсек халықты білімді, озық етеміз деп түн қатты. А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты маса болып шағып оятса, М.Дулатов «Оян, қазақ!» деген жар салды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» мақсат еткен Сұлтанмахмұт болса, жер-жерден қазақ балалары үшін мектеп ашуды көздеген Ыбырай еді. Отарлау саясаты кезінде қиналған халықтың көз жасын тыям деп, атқа мінген Исатай мен Махамбет болса, азаттық үшін алысқан Тұрар, Әлихан, Амангелді сияқты аталарымыз ел тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан етті. Осындай азапты да ауыр күндерді басынан кешкен қазақ халқына екінші дүниежүзілік соғыс та оңай тимеді. 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы 5 жылға созылды. Осы уақыт аралығында халық басына төнген қара бұлтты серпу үшін, асыл азаматтарымыз майданға аттанды. Ол соғыс талай шаңырақты шайқалтты. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы үшін бейбіт те жарқын өмір сыйлаған азаматтарымыздың өшпес ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз. Ұлы Отан соғысына қаруымен де қаламымен де жауға қарсы аттанған ақын С.Мәуленов:
Мың қолдар сау болсын деп,
- Мен бір қолымды бердім......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жеңіс тойы жаса мәңгі

Құрметті: тәрбиешілер, балалар!
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды.
Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.

"Майдан" әні
Ер балаларды соғысқа шығарып салады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бюджет кодексі | Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары

Кіріспе
Жалпы мемлекеттік қаржылар.
Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы.
Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сағаттық белдеулер (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Сағаттық белдеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Сағаттық белдеу, белдеулік уақыт, даталардың ауысу сызығы ұғымдарын білу;
• Сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР екінші деңгейлі банктердегі сақтандыру ісін жетілдіру

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта¬масыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрлар¬ды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған» деп айта кетті.[1]....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс жыры)

Бұл күнге Жамбыл жеткенше,
Өлеңнен көсер төккенше
Сөз бұлағын толғаған.
Сұр жебесін қолға алған,
Көрген талай батырды;
Айсыз аспан астында,
Таулы зеңгір асқарда
Әрге жортып — өктеген,
Жау бүйрек қып ет жеген,
Тігіп тулы шатырды,
Өсіп-өнген әріден,
Сол батырдың бәрінен.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы 1992,1995,2002 жылдардағы салық жүйесіндагі өзгерістер

Кіріспе
Салықтар – кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады. Салықтардың мемлекет қазынасын толтыруға бағытталған қызмет құралы ретінде орны өз алдына, уақыт өткен сайын оның шаруашылық салаларына ықпал жасауға және өндіріс пен ғылыми- техникалық прогрессті дамытуға ынталандыруға икемді экономикалық реттеуші тұрғысындағы маңызы айқын аңғарылады. Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын орта түсуде . Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағын да берегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірбиеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді, бюджетпен есеп айырысу жеңілдетілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0