Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру Сабақ мақсаттары: 1836-38жж Бөкей Ордасындағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық басталуы, барысы мен нәтижесі туралы зерттейді.
Стамотология-тіс құрылысын зерттейтін ғылым.Тістер-қатты жасушалардан тұратын,азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшін қажетті құрылым.Жануарларда қорғану және шабуыл үшін қару ретінде қолданылады.Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін күлудегі маңызды компонент.
Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады.Тістерде сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі.Балаларда сүт тіс 3 айдан бастап 1жас шамасы аралығында шығады.Сүт тістер 6-12 жас аралығында біртіндеп тұрақты тістерге алмастырылады.Тістер пішініне қарай күрек тіс,ит тіс,кіші және үлкен азу тістер болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты,оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі ,және екі түбірлі және үш түбірлі юолып бөлінеді.Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тісжәне ит тіс жатса,үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі,ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.Тістің барлық саны-32.Олар адамның аузында үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады.Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.Әрбір тістің үсті ақ түсті зат-эмальмен/кереукемен/қапталады,оның астындақатты затдентин жатады.Адамның тісі- оның негізгі мәшинесі.Өйткені қандай тамақ болмасын тіспен шайнап жейді.Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды.Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.Тістің түсіп қалуы ауыз гигиенасын сақтамағандықтан болады.Сол себепті тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.Ауыз қуысының жеке гигиенасын негізгі -тістерді дұрыс және үнемі дұрыс тазалап отыру.Адамның ауыз қуысында үнемі бактерилар жүреді.....
Ұлы Отан соғысының ерлік шежіресі шексіз.Кеңес халқының фашизмге қарсы қасиетті соғыс тақырыбы оқырман жүрегін әрқашан толғандырады.Танкінің гүрілі жер жарып,ауыр зеңбіректерді сүйреп,айналаны шаңға бөктіріп,аттылы-жаяуы аралас үздік-создық шұбатылған әскердің алды биік дөңнің басына шыққанда,арғы беттегі жартылай қираған,үстін түтін аралас қалың тұман басып жатқан қасіретті соғыс алаңы тым аянышты.Ерлік керек десеңіз... Соғыс. Атауының өзі-көз алдыңызға жетім бала,жесір әйел,берекесі кеткен жұрт, қара қағазды елестететін қасірет.Соғыс қасіретпен қоса қасиеттіде әкеледі. Ерлік,Отанға деген махаббат,рух,намыс,жігер барлығы да осы соғыс кезінде пайда болады емеспе? Иә,біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін біліп, түсініп, жанымыз түршігеді. Болашақ ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері жылдар тұрмақ,ғасырлар өтсе де,ұмытылмастай тарихта жазылып қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс-адамзат тарихындағы ең ірі жанжал,ең ірі шиеленіс.1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс бастады.Германияның КСРО-ға шабуылы бастала салысымен, Кеңес Одағының басшылары В.М.Молотов және И.В.Сталин өздерінің сөйлеген сөздерінде бұл соғысты Отан соғысы,кейіннен Ұлы Отан соғысы деп атады.Соғыстың бірінші сағатынан бастап бірнеше мың шақырымға созылған кеңес-герман майдан шебінде кескілескен шайқастар басталды.Осы кезден бастап-ақ гитлерлік әскерлер жергілікті тұрғын халық пен Қызыл Армия әскерлерінің қарсылығына тап болды......
Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды. Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс. Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ........
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылғылары 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату Сабақтың мақсаттары: • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру • енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу......
Отан үшін, отқа түс-күймейсің. қазақ мақалы Жаз жайлаудың самалы есіп, өлең- жыры төгіліп, көкмайса көк үстінде ойнап күлген бала-шаға мен айлы түн астында алтыбақан тепкен бозбала мен бойжеткен, сүйікті немересіне бар мейірім шапағатын төгіп, еміренетін ақ жаулықты әже, еңбекпен көзін ашып, еңбекпен белдерін иілтіп адал нан тапқан әке мен аталар. Осындай қызу еңбек, асқақ мереке мен бейбітшілік бесігінде тербеліп тұрған қазақ даласына «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің үшінде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлекбөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. Ұлы дала перзенттері Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылған болатын. Ер жүрек қазақ қыздарының бірі Алматы медицина институтының студенті болған Мәншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш беріп, өз еркімен қан майдан, соғыс алаңына өзі сұранып барады. Адам сенгісіз ерлік жасап, батылдықпен көзге де түседі. Қазақ қанына сіңген асқақ рух пен ақылды қатар ұстаған Мәншүк Мәметова бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болар тұлғалардың бірі де бірігейі. Өз замандастарының алдыңғы қатарында, бас көтеріп жүрген еңбексүйгіш Мәншүк, майдан шебінде де ерен ерлік көрсетіп, қасық қаны қалғанша қан майдан даласында қыстың қысқан аязы мен дауылды боранына қарамай, қазақ қыздарының тек сұлулық пен әсемдіктің символы емес, патриоттық пен Отансүйгіштік қасиеттерге де ие екенін дәлелдеді. Ерлігі ескерусіз қалмады. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болған. Тыныш жатқан бейбіт елге бұл соғыс тұрпыдай тиді. Қойға шапқан қасқырдай бала мен ана көздерінен қанды жасты ағызып, ана мейірімі мен әке махаббатынан айырып, жас сәбилерді қара жұмысқа байлады. Күлген күлкісінің сыңғырымен айналасын нұрға бөлеп жүрген ару қыздар, қимастықпен сүйгендерін соғыс қатарына аттандырып, өздері соғыс ауыртпашылықтарын бастарынан өткізді. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі де аңызға айналды.......
Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстармен да сақталары анық. Өйткені, бір ғана екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы- қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы- қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллиондаған адамдардың өмірін қиған жер бетінде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді. Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған мызғымас одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қақан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түргелді. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта, біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбекерлерді жігерлендірді. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ қандай шығынмен десеңізші? Қаншама жас қыршын кетті. Тіпті бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін, солардың тым болмаса бірі елге аман оралмаса не дейсіз? Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті? Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілі суығанша үміттерін үзбеді. Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып бара жатыр. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтан да мұны, Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға, мына тап өздері секілді кешегі гүлдей құлпырған жап- жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қару алып сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан қайтара алмады. Ал соғыс ол - қасірет. Басқа түскен қасіреттен олардың көбі қайтып қайтып оралмады. Қайтар оралғандары соғыстан кейінгі өмірдің қызығын, жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі жүрекке түскен жар, тәнге қадалған оқ табы, әлі мазалайды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын олардың қатары азайып бара жатыр. Енді міне қарасаң, саусақпен санарлықтай қалған олардың әрқайсысы - бір, бір кітап жазуға тұрарлық лайықты жандар. ......
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды 2-сабақ Сабақтың оқу мақсаттары (оқу мәліметіне жолдама): 5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау Сабақтың мақсаты: Оқушылар тематикалық білім әдістемесін құру арқылы әртүрлі елдердегі белгілі бір уақыт аралығында орын алған шаруашылық және ғылыми өзгерістерді салыстырады, саяси өзгерістердің пайда болуына шаруашылықтың тигізген әсерін қорытындылайды......
Мен қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен жерлес болғанымды, бөкейлік болғанымды мақтан етемін. Мәншүк (Мәнсия) Жеңсікәліқызы Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғарғы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтың отбасында тәрбиеленген. Алматы медициналық институтында оқып жүріп, Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Мәншүктің майданға өз еркімен аттануының бір себебі- халық жауы ретінде әкесін босату еді. Соғысқа өз еркімен келгенін, енді әкесін босатуын талап етіп И.Сталинге үш рет хат жазады. Алайда, Мәншүк бұл уақытта әкесінің атылып кеткендігін білген жоқ еді. 1942 жылы тамыз айында өзінің табандылығының арқасында Алматыда құрылған 100- атқыштар бригадасының құрамында майданға келген Мәншүк әуелі штабтағы хатшылық қызметте жұмыс істейді. Ұрыс алаңына бір-ақ түсем деп ойлаған Мәншүк бұл жұмысқа қанағаттанбай, штаб бастығынан атқыштар бөлімшесіне ауыстыруын өтінеді. Оған рұқсат етілмеген соң 1943 жылы ақпан-шілде айларында табиғатында зерек қыз «максимді» меңгеріп алады. 1943 жылы қазан айында азат етілген ежелгі орыс қаласы Невельді қайтарып алуға тырысқан жау әскері қайта шабуылға шығады. Невель үшін кескілесе жүріп жатқан ұрысқа Мәншүк бригадасы да кіреді. 15 қазан күні олар алдымен Мәскеу-Ленинград темір жолы бойындағы Изочи станциясын басып алады. Алайда екі-үш есе күшті қаруланған жау біраз жауынгерлерді жойып жібереді......