Шығарма: Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалардың өз ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес

Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңда! – Жұбан Молдағалиевтың рухты өлең жолдарын тілге иек ете отырып, жарқын болашақ көзімен майдангер-баба ерлігіне алғыс! Егемендік пен еркіндіктің, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің тәтті дәмін тату Алланың берген ең асқақ сыйы. Осынша құдіретті атауды абыроймен көтеру үшін бабам не көрмеді десеңші?! Сонау ХV ғасырдағы тарих беттеріне сапар шегер болсақ, қуғын-сүргін де, аштық пен тоқырау да, сұм соғыс та қазақ бастан кешірген қасірет.
Осындай сұрапыл боран секілді, барша адамзат баласын шарпыған «Ұлы Отан соғысы» да қазақ халқының азалы тағдырына жазылды. Алапат соғыстың ащы дәмін татқан баба қасіретін сөзбен айтып жеткізу емес. Жанқиярлықпен күрескен жаужүрек батырлар ерлігі азаттық туын тіктірді. Ерлік пен батырлық – бұл ата-баба қаны мен тердің арқасында азаттық пен егемендіктің таңын атырған асыл адами қасиет. Бұл ұғым әрбір Отан қорғаған ұлы баба есіміне теңеу секілді. Осынау сұм оғыс 1,5 миллионнан аса қазақ жауынгерінің өмірін қиып түсірді. Қаншама ана жарсыз, қаншама бала әкесіз, қаншама боздақтарымыз қыршыннан кетті. Осынша қасіретті күрең күздің соңынан, көктем шуағын шашатыны айқын еді. Қуаныш жасы мен қайғы жасы қатар ағатын айтулы мерекені, міне тағы да тойламақпыз. Өкініш пен қасіретке толы сол сәттерді енді есімізге алғымыз келмесе де, ағаапаларымыздың жанқияр ерлігі еріксіз еске алдырады. Биыл 2016-шы жыл. Қасіреті мол қилы заман шеруінің артта қалғанына 71 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс жылдары ұлт еңсесін есеңгіретсе де, бүгінгі күні жаңа жеңістерге, жаңа толағай табыстарға жетуге жігерлендіреді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Иондардың түзілуі 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Иондардың түзілуі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - элемент атомы сыртқы электрон қабатын аяқтау үшін электрондарды тарта немесе жоғалта алатындығын және осының нәтижесінде ион түзілетінін түсіну;
Сабақ мақсаттары: -метал атомдары соңғы қабатын толтыру үшін электрондарды жоғалтып оң зарядты иондарға айналатынын түсінеді;
-бейметал атомдары электрондарды қосып алып теріс зарядты иондарға айналатынын түсінеді;
-иондардың түзілуін электрондық теңдеуін жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.11 векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін біледі.
9.3.4.12 векторлардың скалярлық көбейтіндісін табады.
Сабақ мақсаттары: Векторлардың скалярлық көбейтіндісінің формуласын түсіну, қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінді теру және өңдеу 2-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және өңдеу 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді;
• мәтіндік редакторды іске қосады;
• компьютерлік мәтінді өңдейді;
• арнайы батырмаларды қолданады;
• құжатты сақтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Өлшеусіз ерлік

Жер аяғы кеңіп, табиғат-ана бір әсем күйге енгенде баршамыз ерекше күтетін бір мереке бар. Ол - кешегі сұм соғыста қасық қаны қалғанша Отанымыздың іргесін сөгітпей, төсінде фашист деген тажалды сайрандатпай, біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен аталарымыз бен апаларымыздың асқан ерлігі арқылы оңайлықпен уысқа түспеген Ұлы Жеңіс күні. Біздер, еліміздің болашағы - жастар осындай қасіретті соғысты көрмесек те жүрегімізбен сезінеміз, осындай болашағымыздың күндей жарқын болуына себеп аталарымызды ерекше ілтипатпен еске аламыз.
Міне, бірер күндер соң тағы да бір жеңіс күнін атап өтпекшіміз. Кешегі өткен сұрапыл соғыстың бүгін де 75 жылдығына аяқ бастық. Өткен ғасырдың төрт жылға созылған қантөгіс соғысы тарих төрінен ойып тұрып орын алды. Брест қорғаны, тәтті ұйқыда жатқан бейбіт өмір тұрғындары, таң сәріде тұтқиылдан лап қойған «фашизмнің қолшоқпарларының» жауыздығы... «Тарихыңды білмей, бүгінгіңді білмейсің» дегендей отты жылдар жарасы мәңгі жазылмақ емес. Келешекте Отанды қалай қызғыштай қорып, ақыр демің қалғанша қорғау керек екенін біз осындай халқымыздың адал да ер ұлқыздарынан үлгі аламыз........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Табу сөзге айналсын!

Тыныш түндер ылғи да табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным сені. Күләш Ахметова
Осындай аналардың тілеуімен елімізде 71 жылдан бері тыныш таңдар атып келеді. Сол қарғыс атқан жылдардан бері менің отбасымда бейбіт өмірдің бағында ғұмыр кешіп келе жатқан мен үшінші ұрпақ екенмін. Мен де болашақта өз балаларымның түндерінің тыныш, таңдарының арайлы болғанын қалаймын. Бұл тек менің қалауым емес, жер бетіндегі ана біткеннің асқақ арманы деп ойлаймын. Әлемдегі әйел заты бұл кесапатқа түбегейлі қарсы болса, бәле ер адамдардан келе ме? Сонда әйел қауымының қолынан ештеңе келмей ме? Жоқ, ерлерді де дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін аналар. Ендеше әр ана өз баласына барынша мейірімін төгіп, дұрыс тәрбие беріп, бақытқа бөлей білсе, жер бетінде Гитлер сияқты қанқұмар адамдар болмас еді.
Әжем айтушы еді: «Қорқыныш тудыратын жаман заттардың атын да атама, келіп қалады». Кейін мектепте мұндай сөздердің «табу» деп аталатынын білдім. Сол сияқты бұл тажалдың атын атаудың өзі қорқынышты. Өз басым адам баласына тек қорқыныш, орны толмас қайғықасірет әкелетін бұл сөзді «табу» қатарына қосу керек дер едім......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәдени мұра – халық игілігі (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Мәдени мұра – халық игілігі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.3.1.2 Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Мәдени мұраларды сақтау халық игілігі үшін маңызды екенін дәлелдейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Квадрат теңдеулер» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: «Квадрат теңдеулер» бөлімін қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын білу;
8.2.2.2 квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату;
8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу;
8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану;
8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;
8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;
8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;м
8.2.2.5 |ax^2+bx|+c=0; ax^2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу;
8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;
8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;
8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;
8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Квадрат теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шешу: формулалар көмегімен, Виет теоремасы көмегімен, толық квадратты бөліп алу арқылы.
Квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу (биквадрат теңдеулерғ бөлшек-рационал теңдеулер);
Мәтіндік есептерді квадрат және бөлшек-рационал теңдеулер көмегімен шешу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0