Бата-тілек: Жастарға бата

Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!.....
Баталар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Алатау)

Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың,
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.
Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен........
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ас атасы – нан

Сабақтың мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерің жемісін көрсету.

Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ,қырман. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау

Ақиық ақынға арнау
Ақиығым, ақыным, мұзбалағым,
Қарға жүрді қасыңда, құзда да мың.
Шарасыздан шайтанның "у"-ын ішіп,
Ыза кернеп ішіңді, тұз жаладың.

Сағыныштың исі аңқып хаттарыңнан,
Ішіңдегі бар сырың....
Өлеңдер
Толық
0 0