Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың ауданы (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың ауданы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.3.13 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
Сабақтың мақсаты: Білу және қолдану.
Трапецияның ауданын табудың формуласын білу және қолдану: S=(a+b)/2∙h
Трапецияның ауданы мен басқа да элементтері бойынша биіктігін табу.
Синтез.
Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алу.
Анализ.
Трапецияның ауданын табу формуласын қорытып шығара алу: S=(a+b)/2∙h
Күрделі есептерді талдай отырып шығару......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Жануартану | Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді.
Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы дене дайындығын оқыту

Тақырыптың өзектілігі. Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.
Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Каспий секторындағы Қазақстанның мұнай кешенінің жағдайы

Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды.
Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген.
Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады.
Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысты. Өткен жүзжылда құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси және экономикалық мәселелерді тудырды. Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялары геосаяси күштердің тоғысуының негізгі объектісі болып табылады. Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Қазіргі таңдағы Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялары аясындағы геосаяси жағдайларды келесі тенденциялар арқылы сараптауға болады: Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) жобасын іске асыру арқылы АҚШ-тың аймақтағы ролін нығайту; Ресейдің аймақтағы транзиттік мүмкіншіліктерін жоғалтпауға бағытталған іс-әрекеттері; Каспий аймағындағы Қытайдың өз позициясын нығайту. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ күй философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы.
Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазақ халқының тарихы сонау көне дәірден басталады. Қазақстан жерінде X-XII ғасырларда ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран т.б., көптеген қалалар туындап, мәдениет, ғылым және өнер орталықтары болды. Сол ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер – Қожа ахмет Яссауи, Бабаджи хатун, айша бибі, алалаш хан п.б. ғимаратар келесі ұрпақтар үшін-тарихи куәгерлер.
Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәденитінің едәуір дамығандығының белгісі.
Нарықтық экономикаға көшу-ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудан құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр.
Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік тәжірибе ескере отырып, экономикалық дербес дамудың Жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның еркше бой қазыналары, табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Жаңа сөздер: Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс.
Көрнекілігі: жабайы аңдардың суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жиналып «Ғажайып ақшақар» Көптен күткен жаңа жыл да келе жатыр. Жаңа жылда жақсы тілек тілесең орындалады. Балалар Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатындарын естеріне түсіріп, әңгімелейді. Балалар кезек - кезек «Ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады.
Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз, ыстық, мейірімге толы. Балалар шеңбер бойына жиналып өз тілектерін айтады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті «Шалқан» ертегісін жазу (3-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті «Шалқан» ертегісін жазу. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т 4 Сөздерді тыңдайды және дыбыстық құрамын ажырата алады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Сөздегі дыбыстарды таниды.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздегі дыбыстарды таниды және ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
Сөздегі дыбыстар мен әріптердің санын ажырата алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0