Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің директоры. Өмірбаяны 1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған. 1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. 1989 жылдан бері Шә Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Әскери атағы — капитан ....
Пән: Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.11 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарының кестесін құрады Сабақ мақсаты: Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын бекітеді; Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім қатарын құрады......
КІРІСПЕ Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе. Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары. Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі. Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз. Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек. “Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi. Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Ақын жергілікті жердегі бастықтың үйінде отырды. Бастықтың әйелі ақынға шай құйғалы жатыр еді, бастық әйеліне: "Шайыңды қоя тұр", - деді де, ақынға қарап:
- Мына балаларға бір-бір шумақтан өлең лақтырып-лақтырып жіберші, - деді.
Бастықтың балалары көп еді. Ақын сүйкектетіп жазып отырып: "Есіл ерім-ай! Азаматым-ай! Баланы да таптырған екен", - деп бастыққа іштей разы болып отырды.
- Ағаңның бөлмесіне баршы, - деді бастық тұлымшағы селтиіп тұрған кішкентай қызына. - Ағаңның бөлмесіндегі суреттердің бәрін осында алып кел.
- Мынау Алматыда оқып жатқан ұлымыз еді, - деді бастық суреттерді ақынның алдына тоса беріп. - Осыған қарап отырып та бір-екі шумақ өлеңді лақтырып-лақтырып жіберші.
А.С. Макаренконың тәрбие жүйесiне тән ерекшелiк - балалар жәнiндегi қамқорлыққа қоқамның адамгершiлiк кiнаратсыздықы мен Отанның тарихы, адамзаттың бай рухани мұрасының дәстүрлерiне сұйену болды. Оның педагогтық қызметiнiң мақсаты - жас әспiрiмдер жәнiндегi жұртшылықтың ыстық ықласы мен шексiз қамкорлықын күшейту, семьяда жеке бастың қалыптасуындақы беделiн арттыру, бала қоқамның болашақ тiрегi ретiнде қалыптасқан рухани ортаның кемелденуiне жәрдемдесуге арналады. Педагогикалық процестi ұйымдастыру мен басқару деп пайымдалы ол - әрбiр отбасы да, әрбiр шаңырақта, әрбiр елдi мекен мен қалада жас әспiрiмнiң нақты талқампаздық, тұрақты iзгi ниеттiлiк пен тңсiнушiлiк сезiнуiне, панасыз қалқан балалардың тәрбиеден тыс қалқандардың әлеуметтiк және моральдық тұрқыдан қамқорлықта болуына қол жеткiзу.....
Тақырыптың өзектiлiгi. Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған. Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
КІРІСПЕ Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді. Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер. Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
Кіріспе Ғаламтану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады [6]. Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.....
Адам организміндегі барлық тіршілік процесінін, негізгі организм мен сыртқы орта арасындағы тұрақты зат алмасу. Тамақтану — тірі организмнін, негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады. Азықпен адам жал-пы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, мине-ралды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және организмнің қажетте-рін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардын, бәрі күрделі алмасу процесіне түсіп, ыдырай-ды да, организмнен шығарылады. Белок, май мен көмір сутегі тотыкданда энергия шығарады, ол калориямен елшенеді. 1 г белок — 4,1 ккал, 1 г май—9, 3 ккал, 1 г көмірсутегі — 4, 1 «кал беліп шығарады. Азык калориялығы арнайы таблица бойынша есептеле-ді. Дені сау адам түрлі тағам ішкен кезде тәулігіне 3000-ден 3100-ге дейін ккал алады. Дененін. салмағын арттыру үшін калориясы мол та-ғамдар, ал салмағын кеміту үшін калориясы төмен та- ғамдар ішу қажет. Емдік тамақтар сырқаттың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді және ауру-дың паталогиялық механизмдеріне әсер етеді. Емдік тамақтарының міндеттері — бұзылған зат алмасуды қал-пына келтіру және тамақтьщ терациялық әсер етуі. Дие-таның сапалық қүрамын азықтьщ аспаздық өңдеу са-пасын езгерту жолымен мүшелер мен жүйелердін, функциялық күйіне әсер етуге болады. Түрлі аурулар-дың, әсіресе ішкі аурулар клиникасында, комплексті те-рапиясында емдік тамақтары міндетті түрде қолданы-лады. Емдеу тамақтарын белгілегенде дені сау адамның тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі нормасы- нан шығу қажет. Дені сау адамға ұсынылған иормаға сәйкес тәулік рационында мал белогы 100—120 г, өсімдік белогы 40 г, мал майы 85—90 г, есімдік майы 10—15 г, кемір сутегі 400—450 г. А витамині 1—2 мг, В1 және В2 витамині 2— 3 мг, С витамині 50 мг, натрий хлориді 15 г, калций 0,8 г, магний 0,5 г, фосфор 1,4—1,6 г, темір 15 мг болуы қа-жет. Күніне төрт рет тамақтанғанда қабылданатын та-ғам салмағы 3 кг болуы керек. Стационарда жатқан сырқатқа арналған тағамның калориясы дене еңбегімен шуғылданбайтын адамдарға қойылған нормадан аспауы тиіс. Диета—сырқатты емдеу тәсілі ретінде немесе оның асқындырмау мақсатында жасалатын рацион әрі тамақ-тану режимі.....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) Сабақтың мақсаттары: Эссенің құрылымын, даму желісін сақтап, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазу....