Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досымның сүйікті тамағы… (7 сынып, III тоқсан )

Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Досымның сүйікті тамағы…
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
ӘТН1. Орфографиялық норма
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
7.ӘТН 5. Пунктуациялық норма
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексереді;
 Синонимдік қатармен ауыстырады;
 Лексикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды;
 Үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады
 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилләдан бастайын,
Тездете айтып саспайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Аузымнан қайтып тастайын.
Есік алды қос арық,
Екеуі де бос арық.
Иманды болғыр, әкежан!
Қалдық қой біз бозарып.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Өте шығар алдап-ай.
Әкешім, сенен айрылып,
Артыңда қалдық зарлап-ай!
Алдым биік, артым жар,
Айналатын жерім тар.
Иманды болғыр, әкежан!
Бір көруге болдым зар.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Психология | Балабақшада балаларды затпен әрекет ету арқылы баланың сана-сезімін дамыту

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақсатан» атты Қазақсатан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үздіксіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | АҚШ пен Жапонияның экономикасы және экономикалық ынтымақтастығы

Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан. Шешуші ынтымақтастық бағыттар – экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техникалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ жерінің хикметтері, Карлаг оқиғасы

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарның соңында Қарағанды көмір бассейн мен бірге ірге қалаған Карлаг түрмесі салынды. Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
Спасск елді мекені қазір еліміздің ішкі әскерінің бөлімшесі орналасқан маңызды нысана болып саналады.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Спасскіде Карлагтың әскери тұтқындарға арналған арнайы түрмесі ашылды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 3 саны, цифры..
Мақсаты: Балаларға 3 санын, цифрын таныстыру, Қағаз бетіне, ауада жаздырып үйрету. Логикалық есептерді шығара отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сандар, үлгі суреттер, ойыншықтар. т. б.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне дайындық
Шаттық шеңбері:
- Шеңбер жасап тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жүрек сыйлайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.
Жылы тілектер:
- Аспанымыз ашық болсын! - Күніміз жарқын болсын! - Нанымыз мол болсын! - Достарымыз көп болсын! - Деніміз сау болсын! - Бейбітшілік болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ә дыбысы мен әріпі

Бөлімі: Сауат ашу
Тобы: Даярлық топ
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
а/ ә дыбысымен оның әріп таңбасымен таныстыру
ә/ Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту. Есте сақтау, сөйлеу қаблеттерін арттыру
б/ Сауатты оқып жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: әріптің баспа және таспа түрі, әтеш, әткеншек, әліппелердің суреттері
Іс - әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Ұйымдастырушылық - оятушылық Кәне балалар біз бір - бірімізбен амандасып алайық.
Нұр құшып алыпты
Арайлап таң атты .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: : Жаңа жыл

Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші: Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі.
Бауырсақ: Тимеші мені,
Жемеші мені.
Жаңа жылды тойлауға барамын.
Асыр салып, би билеп, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сыныптағы мені қоршаған заттар (3-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні
Сабақ тақырыбы:Сыныптағы мені қоршаған заттар (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.2 Мұғалімнің қолдауымен көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады
Көптеген оқушылар көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады
Кейбір оқушылар: көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде өздігінен қолданады...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт тұлғаларымен сұхбаттар (3-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Спорт тұлғаларымен сұхбаттар (3-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 тыңдалған хабарлама (ұзақтығы 1 – 1,5 минуттан артық емес) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызба таңдау.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тыңдалған хабарлама мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.
Көптеген оқушылар: тыңдалған хабарлама мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.
Кейбір оқушылар: тыңдалған хабарлама мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0