Мектепалды дайындық сабақ жоспары: К дыбысы және әрпі

Мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: К дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер. Экранды тақта, компьютер
Билингвизм: көктем – весна – spring, көкек – кукушка – april, көгершін – голубь – dove.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі:
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, 3 тілде амандасады. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Балалар бір - біріне жылу, тілек білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кешегі сабақта өткен сандарды еске түсіру.
- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Атамды мақтан етемін

Иә, мен өз атамды мақтан етемін. Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында менің атамның құрметіне арналған оқушылар арасында шығармалар жарысы өткізіліп жатыр. Өзім қатарлы өзге балалар атам жайлы өз ойларын жазып жатқанда менің де жазғаным дұрыс болар. Менің атам-Дүйсенбиев Уәли 1924 жылы 1 қаңтарда Қармақшы ауданының Қызылсая колхозында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. Жас кезін есіне алғанда, жоқшылықты көп көріп өскендігін айтады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам небәрі 17 жаста болған екен. Екі жылдан соң , 1943 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 94-атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығыста болыпты. Бір отбасынан соғысқа аттанған Жәли, Әли, Уәли атты үш жігіттің екеуі соғыстан оралмаған. Соғыстан аман қайтқаны атам ғана болады. Бауырларын үнемі айтып , көзіне жас алып отырады. Атамның айтуынша, соғысқа аттанарда әжесі кішкене бойтұмарға туған жердің топырағын салып ,мойнына тағып беріпті. Қайда жүрсе де бойынан тастамапты. Алыста жүріп туған жерді, туған елді, туған-туысқанды сағынғанда , киелі туған жердің кішкене топырағы көңіліне демеу болыпты. 1945 жылы жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысыпты. Елден соғысқа бірге аттанған жолдасы Ізбасов Жолаушы екеуі бірге жүріп, бірге соғыстан оралыпты.
Соғыстан оралмай қалғандары қаншама.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Ұлы Дала» тарихи-географиялық сипаттамасы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: «Ұлы Дала» тарихи-географиялық сипаттамасы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.1 картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау;
10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәнін түсіндір
Сабақтың мақсаты: Түрлі тарихи кезеңдерді көрсететін карталарды оқи отырып, «Ұлы Дала» тарихи географиялық аймақты анықтайды;
Дерек көздерді оқиды, «Ұлы Дала» ұғымын түсіндіріп, талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бактериялардың формалары (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология
Сабақ тақырыбы: Бактериялардың формалары.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Бактериялардың түрлі формаларын біледі.
Оқушылардың көбі орындай алады:
Бактериялардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Бактериялардың формаларын сипаттай алады және құрылыс ерекшеліктерімен байланыстыра алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи қоректік тізбекті салыстыру. Қоректік тізбек және қоректік торлар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақтың тақырыбы: Табиғи қоректік тізбекті салыстыру. Қоректік тізбек және қоректік торлар.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.2 табиғи қоректік тізбекті салыстыру
7.3.1.3 қоректік тізбек және қоректік торларды құру
Сабақтың мақсаттары: Әртүрлі экожүйелердегі абиотикалық факторларды анықтау;
Аталған экожүйелердің мысалында жануарлар мен өсімдіктердің өзара қоректік қарым-қатынастарын ажырату, байланыс орнату;
Әртүрлі экожүйелерде мекен ететін ағзалардың мысалында қоректік тізбектер мен қоректік тор құрастыру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Ана

Ана өмірдің шуағы,

Ана өмірдің шырағы.

Бәрінен де қымбат қой

Аннамның аппақ құшағы.
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қазақстан Республикасының су ресурстарын экологиялық бағалау

Зерттеу мақсаты: Су жүйелер экологиясы пәнінің ғылыми-әдістемелік негізі және оны жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету.
Зерттеудің обьектісі: Жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттардың оқу процесі.
Зерттеудің пәні: Су жүйелер экологиясы пәнін оқыту кезеңіндегі қалыптасатын білім мен дағдының дидактикалық жүйесі.
Зерттеудің көкейкестілігі: Дүние жүзіндегі бүгінгі күнгі экологиялық жағдайдың асқынуы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беріп, оларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға сонымен қатар тиімді пайдалануға тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда Республикамыздағы 323 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің берілмеу себебінің бірі – экологялық дайындықтан өткен тәрбиешілер, бағдарламалар мен оқу құралдарының жоқтығы. Экологиялық білім беру орта мектепке де қанағаттанарлықтай емес. Республика бойынша 3 млн. оқушыларға экологиялық білім тұжырымдамасының барлығына қарамастан қазіргі кезде экология пәнінің біртұтас бағдарламасы және сонымен қатар экологялық бағыттағы мектеп, гимназия және лицейлердің жоқтың қасы. Ал жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру деңгейі біршама жоғары. Мұнда халықаралық деңгейдегі экологиялық Жоғары оқу орындарының болмағынмен де экологиялық мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0