Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақ күресіндегі әдіс тәсілдерді

Тақырыптың өзектілігі. Қазақтың күрес өнері ежелден дене тәрбиесі ретінде қызмет етіп келеді. Ол негізінен , қазақ жауынгерлерін жаттықтыру , сондай-ақ жастарды қуатты , күшті айлалы етіп дайындауға жекпе –жекте жеңе білуге тәрбиелейді.
Ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын күш-олардың тарих толқынында жүріп өткен жолындағы салт-дәстүрі , мәдениеті мен өнері, тілі саналады.
Қазақ халқы тәуелсіздік алған күннен бастап отаршылдық кесірінен жоғалған, еріксіз өзгертілген ұлттық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жолында үлкен жұмыстар атқарылуда.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі-қазақтың палуандық өнері.
Қaзaқ күрeстiң oсы ұлттық спoрттaн мaмaндaр дaйындaудaғы oқу құрaлы рeтiндe қaлыптaсу кeзeңдeрiн, жaттығу үдeрiсiнiң әдiснaмaсын жeтiлдiрудi, жaрыстaрды өткiзу eрeжeлeрi мeн 20-ғaсырдa хaлықaрaлық спoрт түрiнe дeйiн дaмуын зeрттeу, қaзaқ күрeстiң спoрттық күрeстiң бaсқa зaмaнaуи түрлeрiнeн дaму тaрихындaғы, жeңiскe жeтудiң қoлдaнбaлы құрaлдaрдың тeхникaсы мeн әдiстeрiндeгi, бaлуaндaрды дaйындaу әдiснaмaсындaғы жәнe aйнaлысушылaрғa тигiзeтiн әсeрiнiң тиiмдiлiгiндeгi aйырмaшылықтaрын aнықтaу қaзaқ ұлттық күрeсiн ұтымды тaнытып, қaзaқ күрeсi бoйыншa oқу мaтeриaлдaрын жeтiлдiругe жәнe қaзaқ күрeстi oқушы жaстaрдың дeнe тәрбиeсiндe пaйдaлaну қaжeттiлiгiн нeгiздeугe мүмкiндiк бeрeдi.
Зерттеу мақсаты: Қазақ күресіндегі әдіс-тәсілдерді жан-жақты қарастыра отырып, жасөспірім спортшылардың табысқа жету жолдарын зерттеу....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жылдырт жылдырт

«Жылдырт-жылдырт» — бұл ойынды орындыққа алқа-қотан отырып ойнайды. Қатынасушылар 10—15, кейде одан да көп болады. Ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып, қалтасынан не жүзік, не күміс аңшаны алады да, оның ерекше белгісімен ойыншыларды таныстырады, не сол жерде белгі салады. Содан соң отырған ойыншыларға ойын тәртібін түсіндіреді: бәрің де екі алақандарыңды бір-біріне қабыстыра ортасын қуыс етіп алға созыңдар. Егер алақандарыңа мына «жылдыртпа» түсе қалса, оны тез және өзіңнен басқаға сездірмей қабылдап ал да, үнемі оң жағыңдағы көршіңе жылдыртып жібер. Сонда қабысулы қолыңды өзіңнен оңға қарай емес, әуелі сол жақ көршінің қолымен тиістіріп ал, содан оң жақ көршіңнің қолына тиістір. «Жылдыртпаны» тап сол бірінші жолда өткізбей, оны бір-екі рет жаңылдырып барып өткізуге болады. Бәрің де қол тиістірген уақытта «Жылдырт-жылдырт»—деп дауыстап айтып отырасыңдар.

Ортадағы ойыншы «тапқыр» деп аталады. «Тапқыр» үнемі бақылап, болжап отырып, «Жылдыртпаны» ұстап алу керек. «Жылдыртпаны» алақанының қуысына салып алып, бастаушы «Жылдырт-жылдырт» деп, бір ойыншыдан бастайды да, өзгеге байқатпай өзі қалаған біреуге қалдырып кетеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәні

Кіріспе
Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамуыту

Кіріспе
Адамзат қызметінде ерекше орын алатын «кәсіпкерлік» ұғымы жөнінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж.ж.) «Кәсіпкер болу – басқаның жасағанын жасамау» деген болса, келесі француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) ол жөнінде тұжырымдаманы былай жасаған: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Сонымен, «Кәсіпкерлік» терминін ең алғаш ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж.ж.) енгізді. Ол осы терминге мына ойды сыйғызды, яғни, нарықтық қатынастарға байланысты табысқа қол жеткізу, өндірісті дұрыс ұйымдастырудағы адам белсенділігімен байланыстырды.
Экономикада кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын бірінің орнына бірін қолдану қолданып жатады, негізінде ол екеуі тығыз байланста болғанымен, екуінің қызметі ерекшеленіп тұрады. Бизнес табыс әкелетін қызмет түрі болса, кәсіпкерлік ол новаторлық қызмет.
«Кәсіпкерлік қабілет» экономика ғылымында кездесетін ұғымдардың бірі. Ондай қабілеті бар адам бизнесте жаңалық ашу қабілеттілігіне ие болушы адам немесе кәсіпкер болады. Сонымен, экономикалық қызмет түріне жатқызатын бизнес адамға табыс әкеледі деп есептелсе, кәсіпкерлік қызмет жаңа ізденіс арқылы осы істі тәуекелмен жүзеге асыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұ дыбысы кездесетін сөз, сөйлем ойлатып, оларға дыбыстық талдау жасатуға үйрету. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Ұ дыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекі құралдар: Слайд, бейне материалдар, суреттер, буындар, кеспе әріпте, ойын материалдары, карточкалар.

Мотивациялық – қозғаушылық Психологиялық дайындық
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі 1-сабақ (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология
Сабақ тақырыбы: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсатары: «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарын түсіндіру.
Құрылымдық деңгейлердің қызметтерін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Уақыт пен жастық жыры)

— Ақ таң едім,
Алаулы кештер едім,
Күн боп,
Түн боп мезгілді кестеледім.
Сырласайық,
Жас ұрпақ, мен бар жерде
Не айтар едің, сонан соң не істер едің?
— Алтын Күнім!
Ақ нұрын жайған Айым!
Айтарымды ақылмен ойға алайын.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмді сипаттау№2 (1 сынып, 3 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім
Сабақтың тақырыбы:Фильмді сипаттау№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.5 Медиақұралдар арқылы тіл дамыту
1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Қарапайым фильмдерді көреді, түсінеді. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Көбі: Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап береді. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0