Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың төлдері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың төлдері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме): 3. Жануарлар.Жануарлардың мінез-құлқы, тіршілік процестері
Сабақтың мақсаттары: 2.3.2.3 Кейбір жануарлар дүниеге тірі төл әкелсе, кейбірі
жұмыртқалайтынын білу
2.3.3.1 Жануарларды себепсіз өлтіруге болмайтынын түсіну
2.1.1.2 Бақылау жүргізген кезде сұрақтарға жауап беру үшін жеке тәжірибені қолдану (мысалы, жануарлардың әдеттерін бақылау)
2.1.4.1 Бақылауларды салыстыру және олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіру, (мысалы, үй жануарлары мен жабайы аңдар арасындағы айырмашылықтар)........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша несие саясаты валюталық реттеу

Қайта құру жолындағы Республикамыздың, экономикалық дағдарыстан өте қиыншылық жолмен шыққанын өзіміз көріп отырмыз. Еліміздің халқымыздың әл-ауқаты қазір дұрысталып кележатыр. Бұл дағдарысты жоюға дағдарыспен күресуге банктеріміздің қосқан үлесі өте көп. Сол себептен орталық банктердің ақша-несие саясаты жайлы осы кіріспе сөзімде айта кетейін.
Орталық банктердің ақша-несие саясаты деп оның айналымынан аққша-массасын , несие көлемін пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капитал нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты ақша-несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды іркеуге және шектеуге (несиелік) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себемші болды. Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыптастаушылық, бағаның өсуі үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге мен қою, пайыздық төлемді жоғарлату, төлем құралдарын шығаруды тежеу сол сияқты әрекеттермен шұғылданады.
Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарының санына , несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізгі комерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша-массасының 75%-бен 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек 25-10%-зы орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі тек орталық банк арқылы комерциялық банктердің масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасаумен ғана табысты бола алады.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендігідей ;
- комерциялық банктерге берілетін несие пайыздық төлем
мөлшерін өзгерту;
- банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
- ашық нарықтағы операциялар, яғни векселдерді мемлекеттік
облегацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялар;
- валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.
Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық комерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.
Іріктен тексеру әдістеріне мыналыр жата ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІ

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.
Тауарлар мен қызметті көбейтуге мүмкіндік беретін және осы негізден орталықтандырылған қаражылық ресурстары қорларын құруға, оның ішінде мемлекттік бюджеттік қалыптастыру құралы болып табылатын мемлекеттің салық саясаты кәсіпккерлікте негізгі роль отқаратыны сөзсіз. Нарықтық экономика кезінде салық саясаты шаруашылық жүргізудің тиімді нысандарын ынталандырып отыру қажет және өндіріс деңгейін көтеруге, оның пайдалылығын жоғарылатуға жағдай жасауы шарт.
Салық жүйесі салықтық қатынастар жиынтығынан және оны реттйтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалыпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі.Мемлекет салық жүйесі арқылы саяси,экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап ,өзінің ішкі сыртқы қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмсалады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде ,қоғамдық экономикалық құрлымын қалыптастьыруда ,өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады.Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға ,мемлекеттік басқару апараты мен қорғанысқа,тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға ,сыртқы экономикалық қызметті тақаруға жұмсалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | “Любакс” тігін өндірісінің еңбекақы жүйесін талдау

Кіріспе.
Жұмысшылардың еңбек ақысы – бұл өндіріс процесіндегі еңбек өнімінің бағасы болып табылады. Бұл жерде негізінен саны мен сапасы, үлкен роль атқарады, және де сұраныс, еңбек ұсынысы, конъюктура, территориялық аспект, құқықтық нормаларда жатады.
Нарықтық экономика қазіргі кезде еңбек күшінің ауыспалы еңбек өнімділігін ұсынады, яғни сұраныс бар жердегі және сұранысы төмен жерінен ауысуын айтады.Осы барлық факторлардың комплексі нақты еңбек ақысын қалыптастырады.Кәсіпорын нарықтық экономикалық жағдайда тиімді жұмыс істеуі оның даму жоспарын, өндірістік бағдарламасын дұрыс жасай білуге тікелей байланысты.
Жоспарлау мынадай маңызды артықшылықтарға қол жеткізеді:
1. Болашақ қолайлы шарттарды пайдалануға дайындауға мүмкіндік туғызатын болады;
2. Жаңадан туындайтын проблемаларды анықтайды;
3. Менеджерлерді өз шешімдерін алдағы кездердегі жұмыстарын жүзеге асыруға ынталандырады;
4. Ұйымдағы жұмыстарды топтастыруды жақсартады;
5. Менеджерлердің білімдерін арттыруға жағдай жасайды;
6. Ресурстарды тиімді бөлуге жағдай жасайды;
7. Ұйымдағы бақылау жұмысын жақсартады.
Еңбек және жалақы жоспарлары кәсіпорындағы ең бір маңызды жоспарлаудың бірі болып табылады.
Еңбек және жалақы жоспарларын жасаған кезде өндіріс көлемі мен оның тиімділігін арттырудың негізгі ретінде еңбек өнімділігін үнемі артырып отыруға қарастыру, басты міндет болып табылады.
Еңбек тиімділігінің көрсеткіштері нормативті таза тауарлы өөнімдерді бір жылда өндіру көлемі ретінде есептеледі. Ол өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің бір тәуелділік есептегі тауарлы өнім бағасы бойынша қарастырылады.
Тағы бір маңызды көрсеткіш еңбек ақы қоры болып табылады. Мұнда қызметкерлердің біршама жалақысы есепке алынады. Кәсіпорынның жұмыс күшіне қажеттілігін анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге және оларды қамтамасыз ету көздеріне қосымша баланста есеп жасалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан

КІРІСПЕ
Адамзат тарихтың шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар шегіне жетті. Осы бағытта одан ары қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі, сонда табиғат адамзатқа өзін қорлағаны үшін жауабын ғаламдық өзгерістермен – климаттың өзгеруімен, шөлдермен, жердің тақырлануымен, атмосферадан қауіпті ультракүлгін сәулелердің өтуімен, індеттермен және аштықпен береді.
Табиғат пен оның объектілері (ауа, теңіздер, ормандар, жануарлар, космос, және т.б.) адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады. Оның қорғалуы мен тиімді пайдалануында бүкіл әлемдік қауымдастық мүдделі.
Табиғатты қорғау жене оның ресурстарын тиімді пайдалану – заманның жаһандық проблемасы. Бұл проблеманың шешілуінің негізгі шарттары: бүкіл әлемде бейбітшіліктің сақталуы және қарусыздандыру, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілік; табиғатқа қатысты барлық мемлекеттердің бірдей саясат жүргізуі және өз территориясында табиғатты қорғаудың барлық шараларын қолға алуы, әсіресе табиғатты қорғау заңнамасының дамытылуы; БҰҰ шеңберінде және жергілікті негізде жүзеге асырылатын қоршаған ортаның халықаралық қорғауға арналған барлық акцияларға барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы, табиғаттың жекелеген, нақты компонеттерін қорғауға арналған халықаралық келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы және қоршаған ортаны қорғаудың бірдей келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы – халықаралық экологиялық қауіпсіздіктің негізгі қайнар көзі ретінде.
Қазіргі таңдағы орасан зор маңызды проблема – ол мемлекеттерді көп жақты әріптестікке қайта оралу қажеттілігіне сендіру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Құрсақішілік герпестік инфекция

Құрсақішілік герпестік инфекция – анасынан ұрыққа герпестік инфекцияның антенатальді кезеңде (ұрықтану кезеңінде) немесе босану кезінде жұғуы. Кездесу жиілігі 0,5 - 2,5%.
Герпестік инфекциялар - болашақ ана үшін, болашақ нәресте үшін үлкен мәселе болып табылады. Жиілігі бойынша 7500 туытқа 1 туа біткен герпестік инфекция келеді.
Жыныс ағзаларының герпестік инфекциясының екі типін ажыратамыз. Көбінесе инфекцияны ІІ типті генитальді вирус шақырады. Бұл тип инфицирленген әйелдерде 50-70% жағдайда кездеседі. І-тип көбінесе тері мен шырышты қабаттарды, көз және т.б. зақымдайды.
Инфекцияның негізгі резервуары ерлерде зәр – жыныс жолдары арқылы, әйелдерде жатыр мойны арқылы. Аутоинокуляция (инфекцияны өзіне-өзі жұқтыру) – адам вирусты сау жерге зақымданған жерден жұқтыру.
Вирус жыныс ағзалары арқылы беріледі, инфекция көзі науқас адам немесе тасымалдаушы бола алады.

Инфекцияның жұғу жолы:
1. Анасының қаны (вирусемия)
2. Босану жолдары арқылы

Жүкті әйелдің қаны арқылы инфекция ұрыққа плацента арқылы (трансплацентарлы жол) еніп, плацентада инфекциялық ошақ дамиды, ары қарай хорион залалданып, плацентаның фетальді бөлігінде қабыну процессі дамып, амнион сұйықтығы инфицирленеді.
Екіншісі нәресте босану кезінде босану жолдары арқылы инфицирленеді.
Инфекцияның ауырлығы инфицирлену кезінде жүктілік мерзіміне байланысты.
Жүктіліктің бірінші триместрінде вирус гематогенді жолмен еніп, спонтанды түсікке немесе даму ақауларына әкеледі. Фетальді кезеңде қанайналым бұзылыстары, дистрофиялық өзгерістер гидронефроз, гидроцефалия, микроцефалия, хорионретинит, торлы қабаттың дисплазиясы, қарашықтың күңгірттенуі, жүрек ақаулары, гепатоспленомегалия, вирусты пневмония және т.б. процестер дамиды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Соқпақ)

Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,
Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның.
Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,
Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның .....
Өлеңдер
Толық
0 0