Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады. Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен. Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі. Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Мәліметтер мен ақпараттар бірдей түсініктер емесбмәліметтер пайдаланушы үшін аз мағына беретін сандар мен фактілерден алынады. Мысалы, ұйымның әр қызметкерінің жұмыс істеген сағаттарының саны мәлумет бола алады. Егер осы санды әр сағаттағы үлеске көбейтсе, онда жалпы табыс шығады. Ал егер жалпы табысты барлық қызметкерлерге бөлсе, онда алынған сомма фирманың төлем ведомосы бойынша жалпы қортындыға әсер етеду. Осы қортынды ұйым басшысы үшін ақпарат болады. Ақпарат дегеніміз – қайта өңделген мәліметтер немесу мән – мағынасы бар мәліметтер. Ежелгі дәуір саудагерлерінің айтуынша: « біреуге қалдық болған нәрсе – басқаға байлық ». Осы ойдан біз: « біреуге мәлімет – басқаға ақпарат » деп айта аламыз. Келтірілген мысалдағы қызметлерлердін жалпы табысы осыған мысал бола алады: жеке сандар – әр қызметкерге өзінің қанша ақша тапқанын білгендіктен ақпарат, ал басшы үшін бұл сандар – мәліметтер. Мәліметтерді ақпаратқа айналдыру тұжырымдамалы жүйенің негізгі элементінің бірі – ақпараттық процесс арқылы жүйеге атқарылады. Ол компьютерлік элементтерін немесе олардың комбинациясын іске қоса алады. Ақпараттандыру – өркениеттің дамуындағы объективтілік заңдылық. Қазіргі заман қоғамның дамуына, экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және қоғамның өзара байланысының дамуына әсер жасайтын маңызды фактор. Ақпараттандыру қоғамның барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану. өндірістің индустриясын құру және ақпаратты өңдеу арқылы сипатталады. Компьютерлендіру – техникалық жабдықтау және онда жұмыс жасай білу, яғни дұрыс қолдана білу. Компьютерлендірудің түрлері: • Жартылай (орташа) – 50% - ке дейін. • Толық – 85% - ке дейін. • Жалпы – 100% - ке дейін. Ақпараттындыру жалпы компьютерлендіру негізінде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру. Дамыған елдердің барлығы, олардың өркениеттілігі қоғамның ақпараттандыруына байланысты өлшенеді. Қазіргі уақытта ақпараттандыру қоғамның негізгі өндірістік күші болып табылады. Ақпарттық мәліметтерді ұйымдастыру – арнайы орталықтандырылған ақпараттық басқару астындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты бір – бірімен байланысқан және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым Сабақ тақырыбы: Келешекті елестетемін. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысады. Көптеген оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, сұхбатқа түсіп, қарым–қатынас жасау мәдениетіне үйренеді. Кейбір оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысады сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.......
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Қазығұрт тауы» аңызы Оқу мақсаттары: 4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында фотосуреттерді қолдануды біледі Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, фотосуреттерді қолдануды біледі. Кейбір оқушылар: сөйлеу фотосуреттерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елтану және саяси география негіздері Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы саяси интеграцияның бағыттары Оқыту мақсаттары: 8.6.1.6 – Қазақстанның саяси интеграциялануының мақсатын талдау Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну Саяси интеграцияның басты мақсатын біледі. Талдау Қазақстандағы интеграциялық үрдістердің маңызын талдайды.....
Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6.01.1950 жыл, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекеті - 01.10.2018, Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010). Тұрсын Байтайұлы 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген. Әкесі - Құралиев Байтай (1898-1966), теміржолшы болған. Анасы - Құралиева Рақыш (1928-1996), ұжымшарда жұмыс жасаған. 1968 - 1972 жылдары М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады. 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 - 1977 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. 1977 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Шығырмашылығы....
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш, адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол бір сұрапыл қасіретті кезеңдерге көз жүгіртсек. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл сұм соғыс - тарихтың таңбалы тұсындағы ерліктің ерен шежіресі. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Олар көптеген қиындықты бастарынан өткізді.Сол кездері біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен еді. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Кеңес Одағы Батырларының қатарында шығыстың қос шынары – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов.......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары (жаңа тақырыпты меңгерту) Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу Сабақтың мақсаттары: Мәдени өсімдіктері мен үй жануарларының шығу орталықтарын зерттеу.....