Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология Сабақтың тақырыбы: Нәруыздар 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.3 Нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау Сабақтың мақсаты: нәруыздардың негізгі қасиеттерін білу. нәруыздардың ерекшелік белгілерін түсіну. нәруыздардың тірі ағза тіршілігі үшін маңызын сипаттау.......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика Сабақ тақырыбы: Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.2.1.1 – жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін қолдану арқылы дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік формуласын қорытып шығу. • 10.2.1.2 – Сандық және графиктік есептерді шешу кезінде кинематикалық теңдеулерді қолдану. Сабақ мақсаттары: Оқушылармен теңүдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі арқылы кинематика теңдеуін қорыта отырып, есеп шығару кезінде оның қолдануын үйрету.....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.2 әр энергетикалық деңгейдегі электрондардың саны белгілі бір ең үлкен мәннен аспайтынын түсіну; 8.1.3.3 s және p-орбитальдарының пішінін білу; 8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу. Сабақтың мақсаты: - атом құрылысын және элементтің энергетикалық деңгейлерін біледі - электрондардың деңгейлерде орналасуын сипаттайды; - атомның электрондық қабаттарының үлгісін жасайды және электронды бұлттардың суретін салады;.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану; 8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану Сабақтың мақсаты: Оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады......
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдері туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекетгік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Салық Кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады ....
Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң 28 ақпан 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң 10 жылдық экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкіндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Казақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек. Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң құрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады. ....
Кіріспе Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.....
Кіріспе Қазіргі жағдайда дәстүрлі басқару әдістері тұрақты істеп тұрған кәсіпорындарға бағдарланған болғандықтан қажетті нәтиже бермейді. Кәсіпорындардың басым көпшілігі уақытша қиындықтарға ғана емес, тұрақты қауіпті ситуацияларға душар болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорындарды кризистік жағдайға жеткізбейтін басқарудың әдістері мен формаларын табу және іске асыру өзекті мәселесі болып табылады. Бұл кезде жүзеге асырылған және ғылыми негіздерге іс - шараларда жүргізілетін тәуекелдерді басқару қарастырылады. Көптеген салалардың кәсіпорындары адамға да, қоршаған ортаға да потенциалды қауіпті, төтенше оқиғаларды, аварияларды тудыратын, толассыз экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетудің ықтималдық дәрежесі жоғары болып табылады. Адамның кез — келген іс - әрекеті қауіп — қатер көзі болып табылады, шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін және экологиялық тәуекелмен байланысты боладьь, Экономикалық әсер етудің механизімінің әкімшілік басқару әдісіне бағынуы, экологиялық мәселелерді түбегейлі шешетін жана технологияларды қолдануды ысырьш, тез іске асыратын табиғатты қорғау іс - шаралары арқылы экологиялық қайшылықтарды шешу, экономикалық жағдайды жақсартпайтын табиғатты қорғау іс-әрекеттерге кәсіпорындардың бұрыс қарауы жалпы алғанда республикадағы экологиялық жағдайдың нашарлануына әкеліп соқтырды. ....
І КІРІСПЕ Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валюта¬сы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады. Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі.....
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Осылар ескеріле отырып, 1 бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай 2 бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы туралы толық айтылған. 3 бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды, бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік несиелер қайта бөліну ықтимал. Бұл жағдайда бюджетаралық қатынастарды ары қарай реформалау қажеттігі туындайд ....