Сабақ жоспары (ұмж): Тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4А бөлім: Тригонометриялық формулалар
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.4.10 тригонометриялық функциялардың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
Сабақ мақсаттары: тригонометриялық функциялардың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытып шығара біледі және оларды есептер шығаруда қолданады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Функция графигінің нүктесінен жүргізілген жанама мен нормальдың теңдеулері. (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3B Қисап
Сабақ тақырыбы: Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Функция графигінің нүктесінен жүргізілген жанама мен нормальдың теңдеулері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.5.1.34 функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін табады;
10.5.1.35 функция графигіне жүргізілген жанама мен нормаль теңдеулерін құрады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу жолын біледі. Функция графигіне жүргізілген жанама мен нормаль теңдеулерін құрады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Пырақ

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Қасым атты хан болыпты. Ханның өзі хандығын елден асырса да, басында бір қайғы болыпты. Бір баланың жоқтығынан хан алты әйел алыпты. Алты әйел алса да бала көрмепті. Бір күні хан отырып елін жинап бата алып, қажыға бармақ болыпты. Сол оймен халқын жинатып, ақ бата алып қажыға жүреді.

Хан бірнеше күндей жол жүріп, Алатау деген тауға келіп түнейді. Түнде көзі ұйқыға ілініп кетсе, түсінде үш пері адам болып келіп: «Хан басыңды көтер, қолыңды жай, Құдай сенің тілеуіңді береді, еліңе қайт, барғаннан кейін бір әйелің екіқабат болады!»—дейді де ғайып болады.

Хан ұйқыдан басын көтеріп алса, ешкім жоқ. Сонымен хан, еліне қайтады. Еліне келіп, арада бірнеше ай өткеннен кейін ең кенже әйелі жүкті болып, бір ұл табады. Хан ұлдың атын Пырақ қояды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжіриебесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болғандықтан, салықтардың ішінде бюджетте маңызды орын алатын қосылған құн салығын қарастыру ерекше өзекті болып саналады.
Жұмыстың зерттеу пәні болып- Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақ Баспасөзі

Бүгінгі таңда әлемде сан түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде, жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың да қажет екені ақиқат. Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім - тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған «Адам ата Хауа ана» газетінің аяқ алысын құптаған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған «Дат» және «СолДат» сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Бірақ, бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субъективт жарияланымдары арқылы халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда, «Алтын Орда» гезетін ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді.
Президентіміз Н. Назарбаев: «Қазақстаның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде саяси демократия - тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға қонымсыз болар еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау. (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? Мектеп:
Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.
Оқу мақсаты: • «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі.
• Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады;
• Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1822-1824 жж. патша реформалар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1822-1824 жж. патша реформалар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру
Сабақтың мақсаты: 1822-24 жж жарғылары нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіну.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазуға түрік нәсілі алдым қолға,
Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла.
Патшасы патшалардың бір өзіңсің
Сала гөр, қате кетсем, тура жолға.
Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз,
Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да.
Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын
Хан менен ханзадалар, алтын орда.
Жараттың жоқтан жасап барша әлемді,
Адамзат хайуан, малды баққан қолда.
Әр заттың өзіне лайық нәсіп бердің
Мақұлық әм жәндік, тірі жанға.
Шашылған несібесін теріп жеп жүр,
Бірі ойдан, сахарадан, бірі қырда.
Лайық бағзыларын жазалайсың,
Батырып құтылмастай қалың сорға.
Келмейтін сенің күшің ешбір зат жоқ,....
Өлеңдер
Толық
0 0