Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану түрлері №1 (10 сынып, I тоқсан)

Пән: География.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты пайдалану
Сабақ тақырыбы: Табиғатты пайдалану түрлері №1
Сабақ мақсаттары: Табиғат пайдалану қажеттілігін түсіндіру, оның түрлерін анықтау (шаруашылық түрі бойынша) және оны графикалық түрде ұсыну.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Олимпиадалық іріктеу: Төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты деп хабарлайды Азаттық.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балалық шаққа саяхат


ҮЗІК-ҮЗІК СУРЕТТЕР

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш-төрт әйел үйде шай ішіп әңгімелесіп отыр да, мен сыртта асық ойнаған балалардың қасында қызықтап қарап тұрмын.

Ересектеу баланың бірі кенет иығымнан жұлқып қалды:

— Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!

Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел соқтырып кетіп барады. Екеуі де кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен ауылда қалдырып, жөнеп барады.

Мен шешемнен өлмей қалармын.

— Ала! Ала! — деп артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым Құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді.

— Aпa! Апа!

Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі үйлердің адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе оңайлықпен жеткізбейді.

Бір әйел көлденеңнен дауыстап:

— Әй, қатын, балаң жылап келеді! — деді.

Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады.

Сөйтсем, шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен... Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел.

Өз шешем сол әлгі шай ішкен үйде отыр.

Уақыттың көбін су бойында өткіземіз. Су бойында ойнаймыз. Міне, енді қалжырап үйге қайтып келем, қарнымда түк қалмаған, ашпын.

Шешем құр талқан берді. Дәмсіз қара талқан. Жейін десем, тамағымнан жүрмейді...

Біздің ауылдан жоғары бір шақырымдай жерде Киікбай ауылы. Сонда күйеуге тиген немере әпкем тұрады. Қалай келгенімді білмеймін, сол үйде қазанға қарып жапқан күйелештеу нан жеп отырмын.

Бір кезде есіктен шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды. Неге жылайтынына түсінбеймін.

Сөйтсем, шешем мені аяқ астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға ағып кеткен деп ойлап, есі қалмаған.

Бұдан аз бұрын шешем мені осында ертіп келіп, нан жегізген екен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ерлікпен қаза тапқан аға–апаларымыз Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатайұлы, С.Мұхамеджанқызы. Қ.Ноғайбайұлылардың арқасында келді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздік мемлекет болып жарияланды. Қазіргі таңда біздің еліміз бірлігіміз жарасқан көп ұлтты мемлекет.

Біз еліміздің болашағымыз, сондықтан елімізді қорғауымыз, сақтауымыз керек. Мен өз елімді сүйемін, құрметтеймін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі халқының миграциясы (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Әлеуметтік география
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халқының миграциясы
Оқыту мақсаты: 9.4.1.2 дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді
Сабақтың мақсаты: дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын анықтап себеп-салдарын түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ. Тіл және сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 3. 1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3. 2. 4. 1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3. 3. 5. 1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,
пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен таба алады, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, оларға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жолдарын қарастырады.
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұнына сай сұрақтарды өз бетімен құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
- тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 5-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 5-сабақ
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0