Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (1)

Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.
Шаңсорғыш

Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.
Теледидар

Су бетінде үйрек жүр,
Қалт-құлт етіп билеп жүр.
Қайық
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (2)

Қарынды, баста қылған, аяғы үш,
Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті,
Қарнына таяқ тығып піспектесең,
Ысқырып күрілдейді қайнайды күш.
Осындай түсі суық мақұлық бар,
Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
Примус

Көмір шайнап,
Темір құсады.
Домна пеші

Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.
Шырпы
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ертегі: Екі қаз бен бір бақа

Алыс жақтан ұшып келе жатқан екі қаз жолай су таба алмай, жер шарлап, ұзақ жүріпті. Шілденің шыжыған ыстық күндері екен. Ақыры бір сарқынды көлшікке келіп қоныпты. Бір бақа сол көлшікті көптен мекендеп жүріпті. Ол көлшігін қызғанып, барқылдай қорып, екі қазды жолатпай, су ішкізбей қойыпты.

Шөлден таңдайлары кеуіп тұрған екі қаз әлгі бақаға бас иіп жалыныпты. Бақа сонда да......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің жаңа жыл

Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Күлкі естіледі.
Шырша:
Бұл кім?
Ұлпа қарлар
Бұл біздер Ұлпа қарлар.
(аяқтарында ролик киіп шыршаны айналып ән айтады.
Шырша көңілсіз тыңдап тұрады.
Ұлпа қарлар.
Шырша, шырша қыс келді, ауа райы ақ жамылды сен неге көңілсіз тұрсын.
Шырша:
- Қыс пен бірге жаңа жылда келеді. Ал мен болсам әнделген жоқпын, Тұрысым мынау. Қар жамылып.
Сыпыртқы ұстап, аққалалар кіреді .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Түркістан Шарын шатқалы Балқаш көлі Ақсай сынтастары Баянауыл ұлттық паркі) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер (Түркістан, Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Ақсай сынтастары, Баянауыл ұлттық паркі)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.3.1. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
Сабақтың мақсаттары:
Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Айт құтты болсын! Айт күндері» Бейімбет Майлин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: «Айт құтты болсын! Айт күндері» Бейімбет Майлин
Оқу мақсаты: 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннен қажет ақпараттарды табады және мәтін мазмұнына қатысты ой қорытып айтады; сұрақтар құрастырады және жауап береді.
Кейбір оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіндегі көркем сөздерді қолданып өз ойын айтады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан – мәңгілік ел!

Қазақстан – ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талардай, кең – байтақ, дархан даланы мекен еткен жаны жомарт қазақ халқының Отаны.
Бүгінгі таңда, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті, жері, елі үшін талай күнәсіз жастардың қаны төгілді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыс мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат және қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы:Қыс мезгілі туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көбі: өлеңнің мазмұнын түсінеді, түсінгені бойынша сурет салады, суретін өз сөзімен түсіндіреді
Кейбірі: өз өлеңін құрастырады...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0