Тақпақ: Көктем

Бақшаларға гүл егіп,

Жемістерді тереміз.

Дала жасыл түске еніп,

Көктем мезгілі келіпті.
Тақпақтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Елордасы - Астана

Мақсаты: мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамытудан білімдерін, дағдыларын бекіту.
Міндеті:
- Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;
- Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
- өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, өкімет үйі.

1. Кіріспе бөлім.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.
а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым - Астанам.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады). .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №108 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су-тіршілік көзі
Тақырыбы: №108 Сан есім
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
-тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
Оқушылардың көбі жасай алады:
-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;\
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
-тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылым мен технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім атауы: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен технология жетістіктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
Сабақтың мақсаттары: Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Сұрақ құрастыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Сабан көмір және бұршақ

Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.

Пешке от жағып, маздап кетсін деп, оттыққа бір уыс сабан тастайды. Сонсоң барып шөгенге бұршақ сала берген еді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 4-сабақ Суды үнемдей білейік (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: № 4-сабақ Суды үнемдей білейік
Оқу мақсаты: 3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;
3.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер арқылы мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;
-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, нұсқаулық мәтінін құрап жазады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
- сурет бойынша тірек сөздерді қолданып, нұсқаулық мәтінін құрап жазады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
- ұсынылған тақырыпта сурет бойынша нұсқаулық мәтінін құрап жазады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 8-сабақ
Оқу мақсаты: Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Аю

Тоңпан–тоңпан жүретін
Аю үлкен жануар
Балды жақсы көретін
Аю деген жануар.
Тақпақтар
Толық
0 0