Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыжылдақ)

...Құлықсыз, құмарлықсыз кесімсіздің
кейпіне енді-ау дәурен есіл, біздің.
Барады батпырауық ойнай-ойнай,
Атсыз жыл, ныспысыз ай, есімсіз күн!
Уай, дәурен, сіздің сертке бойлай да алмай,
бас қойып, бар мен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді,күн шығып,
Айлар,күндер тұр күліп.
Тура анам секілді,
Мейрімді боп тұр күліп.
Тақпақтар
Толық
0 0

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Заманға айтпай маған айттың бар зәріңді ақын дос)

Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос,
Тепсінісіп шығатынға,- дедің бе екен,- тақым бос,
Тепсініскен бабаларың тентіресіп кеткен-ді,
Ойқастамай, ойласайық, одан да, бауырым, ақыл қос .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық экологиялық проблемалар №1 (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулердің негіздері
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық экологиялық проблемалар №1
Оқу мақсаттары: 10.3.2.6 Ғаламдық экологиялық проблеманың пайда болу кезінде географиялық заңдылықтың рөлін анықтау
10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде әлемдік тәжірибені зерттеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болукезінде географиялық заңдылықтардың рөлін түсіндіріп, оны шешу үшін жасалып жатқан әлемдік тәжірибеге шағын зерттеу жасайды...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!

Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азматтың қажыр-қайраты, намыс жігері т.б қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата-аналарымызды сыйлап, қастерлеп жүргеніміздің ешқандай айыбы жоқ.
«Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі», «Ана- бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан», «Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Менің бойымды осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен қасірет сезімі билейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Шөмішбай Сариев | ХХ ғасырдың 60 70 жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік ізденістері


1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.

Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:

Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.

Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.

Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Саламатты өмір салты терең білім мен тәрбие көзі

Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі.
Қазақ елінің ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептеледі. Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан әр адамның «менің саулығым менің ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал. Бұл орайда педагог қауымының алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білікті де білімді, саламатты өмір сүре алатын тұлға қалыптастыру. Жан мен тән саулығы ақыл - ойдың, сананың алтын арқауы екенін бүгінгі күн де дәлелдеп отыр. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек. Бұл бағытта балабақшамызда біршама оң істер тындырылуда. Балабақшадағы әрбір іс - шаралар осы міндетті шешуге бағытталғанда ғана саламатты өмір салтанат құрмақ.
Біз саламатты өмір салтын былайша анықтаймыз: 1) саламатты өмір салты - ол жеке адамның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру салты; 2) саламатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу шараларының кешені. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Қолыма қалам ұстатып,
Білім берген ұстазым.
А мен Б-ны үйретіп,
Сусындатқан ұстазым.

2-ден, 1-ді айырып,
Есептеткен ұстазым.
Алғыс айтам шексіз мен,
Алғашқы асыл ұстазым.
Тақпақтар
Толық
0 0