Танымал продюсер Баян Есентаева сайлауға түсетін үміткерлердің тізімінде әртістердің болатынын естігенде, таңданысын жасырмады. "Нұр Отан" партиясы хатшысының мәлімдемесі продюсерді есеңгіретіп қойды.
Тілдің өсу, даму, жетілуімен, жалпы жазу мәдениетінің жетілуімен тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелері де бірте-бірте өңделіп, жетіліп отырады. Қандай тілдің болмасын орфографиясын түзеуде негізгі екі принцип болады: а) морфологиялық принцип; ә) фонетикалық принцип. 1940 жылға дейін қазақ тілінің орфографиялық ережелері фонетикалық принципке сүйеніп құрылды, яғни қазақ тіліндегі сөздер қалай естілсе, сол күйінде жазылатын болды. Қазақ тіліндегі сөздер үндестік заңы бойынша бірыңғай не жуан, не жіңішке түрде айтылады, жазылады. Осы үндестік заңына сай фонетикалық принцип бірден-бір дұрыс принцип болып көрінгенмен жеке сөздерді жазуда бірыңғай сауатты жазуды қиындатты. Өйткені қазақтың байырғы сөздерінің өзін әркім әр түрлі айтады да, әр түрлі жазатын болды. Әсіресе орыс тілінен енген термин сөздерді жазу үшін фонетикалық принцип қолайсыз болды. Мысалы: совет, деген сөз собет, сәбет күйінде, институт деген сөз инстөт, үнстөт, енситөт күйінде, газет – газит, кәзит, казет т.б. күйінде жазылып келді.
1940 жылы қазақ тілінің жазу ережелеріндегі фонетикалық принциптің кемшіліктері ескеріліп, тіліміздегі сөздер морфологиялық-фонетикалық принципке негізделіп жазылатын жаңа орфографиялық ереже қабылданды. Морфологиялық принцип деп тілдегі сөздер айтылуынша, естілуінше құбылып жазылмай, әрбір сөздің бастапқы түбір тұлғасы мен қосымшалардың тұлғасын сақтап жазуды айтады. Мысалы: басшы (башшы емес), қашса (қашша емес), түнгі (түңгі емес), айта алмай (айталмай емес), келе алмай (келалмай емес), Аманкелді (Амангелді емес), шекара (шегара емес), ақ ешкі (ағ ешкі емес), кім келді (кім гелді емес) т.б.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың біразы орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы айтса, елбасының латын графикасына көшу туралы жарлығы да сәтті болмақ.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың көбісі орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы мақалалар көптеп жарық көруде. Түбінде жаңа әліпбиге көшетініміз кәміл. Себебі бұл елбасының тапсырмасы. Оған дейін қазіргі әліпбиіміздің бірсыпыра жерлерін жөнге келтіру керек болады. Біз осы тақырыпта кейбір дауысты дыбыстардың қолданылуы жайында сөз қозғамақпыз. .....
Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу. - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Отан- сенің ата-анаң, Отан- досын, баурың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел. Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын. Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі. Біздің Отан – байтақ, Көп ұлттың мекені. .....
Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін . Менің Отаным - Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген: Батысында Жайық, шығысында Ертіс есілген, Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген. Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған, Отаным осы - Қазақстан болып атанған!-деп ақын жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан -ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата –жұрт. Әні мен күйі шалқыған ғажайып сұлу сахара! Менің елім - Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ . Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады.......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі Оқу бағдарламасына сілтеме: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы орындай алады: Ертегінің сюжеті мен фабуласын анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ертегінің сюжеті мен фабуласына талдау жасайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Ертегінің сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.....
Қазақтың ежелден келе жатқан ұлт ойындарының бірі — «Домалақ ағаш» ойыны. Бұл «Қазан» ойынының бір түрі. «Домалақ ағаш» ойынын қыста мұз үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатынасушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.
Ойынға қатынасушылар ортадан шеңбер сызып, бір «қазан» қазады. Ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрып, арасы бір-бірі адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алдынан «қазан» қазып алады, домалақ ағашын соған алып қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос «қазанды» күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойында түрған ойыншылардың әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру; ал ортадағы бос «қазанды» қорып тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі қорып тұрған «қазанға» түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы «қазанға» домалақ ағашын кім түсіріп алса, сол адаммен орындарынауыстырады. Ойын жалғаса береді.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі, көп нүкте. Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.5.1.қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну(даралаушы), дұрыс қолдану. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Леп белгісі, көп нүктенің қойылу орнын біледі. Дұрыс қойып жазады.....
Пән: География Бөлім: Әлеуметтік география Сабақ тақырыбы: Демографиялық саясат №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.4.1.6 "демографиялық саясат" ұғымын түсіндіре отырып жекелеген дүниежүзі елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады Сабақ мақсаттары: Демографиялық саясат ұғымын түсіндіре алады Демографиялық саясат ұстанатын елдерді анықтай алады Демографиялық саясаттың моделін ұсына алады. ....