Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған айтады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!» - деп.
Әкесі балаларына ұрсады, балалар да мұнан былай кісіге күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесіне берген уәдесін ұмытып, бір бишара шалды тағы да келемеж қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүргім келмейді, менің өлгім келеді, егер өлмей қартайғанша тұрсам, сендер секілді бір ақымақ балалар анау күнгі шал мен кемпірге күлгендерің секілді, маған да күлер деп қорқамын».
Балалары ұялғаннан қызарып, не қыларға білмей, сонан кейін кәрі кісілерге күлуді тіпті қойыпты.
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?! Иә, әр адамға сүйікті Отанынан , туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал жүрегіммен сүйемін . «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді.......
Алақай қыс келді! Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Психологиялық сәт Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!» Аяз қысып, Өрнек сызып Терезені торлайды. Қарда омбығып, бет домбығып Балалар сырғанап ойнайды. Кейде ұлып кейде ысқырып ұйқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Суық, аяз болады......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 3-сабақ Оқу мақсаты: 8.Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады......
Сары ала жапырақтың түстері Салқын самал желде өтіп кетеді Алтын күздей сұлулықты көрмедім Алтын күзді бір тамаша күн дедім Алтын күздің кереметі рас еді Сұлулығы аймен күнге тең еді.
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы орындай алады: Өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлең үзінділеріне талдау жасайды; Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Шығарманың маңызды тұстары бойынша талдау жасап, өмірмен байланыстырады....