Ғылыми жұмыстың міндеті: ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру Жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады; Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі......
Пәні: Қазақ әдебиет Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер Сабақтың тақырыбы: Автор бейнесі Белгілі бір оқыту мақсаты: А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: 1.Автордың іс-әрекеттерін анықтай алады; 2. біледі; 3. Авторы бейнесіне талдау жасай алады; Оқушылардың көбісі: 1. Автордың толғауларын оқи отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады; 2. Автор толғауларының құрылымын түсінеді және өз пікірімен байланыстыруға дағдыланады. Оқушылардың кейбірі: 1.Автор толғауына өз ұстанымын білдіріп, қорытындылайды, дербес ой білдіреді. 2.Қазтуған толғауында көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер арқылы дәлелдейді. 3. Автор шығармашылығында кездесетін метафора, теңеу, образды сөздерді сәйкесінше табады. 4.Жиембет жыраудың шығармашылығымен үндестігін мысал келтіре салыстырады.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 5-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау. Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады; Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.....
Астрономия – табиғат жөніндегі ең бір қызықты және тамаша ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мега дүниенің алыс өткенін де зерттейді, сондай - ақ болашақ Ғаламның ғылыми суреттемесін жасауға мүмкіндік береді. Аспан денелерінің температурасы, химиялық құрамы, магниттік өрісі, сондай - ақ олардың қозғалыстары жөніндегі мәліметтер спектрлік бақылаулар арқылы алынады. Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі. Ол адам баласының өмірлік қажеттіліктеріне қарай, басқа ғылымдардың бәрінен бұрын пайда болған. Ерте кездің өзінде - ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз Күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде - ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді......
Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты. Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов: Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.......
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: Жомарт өлкем Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта Сөздік жұмыс: Композитор, нота Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды «Көк тудың желбірігені» әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді. Туған жердің жырларын Қызғалдақтай терейік. Кең өлкенің қырларын Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді. Ақын «Туған жеріне» деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады. Музыка тыңдау«Атамекен» Р. Рымбаева теледидардан тыңдату. - Қане балалар экранға назар аударайық .....