Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз

Білімділігі: Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі,
Табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Дамытушылығы: Құстарға қамқорлық жасауға деген көзқарасын кеңейту.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарға қамқорлық жасауға баулу, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, слаидтар көрсету, түсіндіру, ойындар, құстар туралы өлең тақпақтар
Көрнекіліктер: Құстар суреттері, ақкөгершіндер, адам алақаны, ағаштар, инт тақта
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, математика
Сергіту сәті «Торғай, торғай» «Ақ көгершін»

Ұйымдастыру: Қонақтармен амандасу
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Достарымен амандасу
Қайырлы таң достым
Ісің сәтке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Ынталандыру сезімдерін ояту
Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма?
Сұрақтар қою
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай?
Ал табиғатта қандай өзгерістер болды?
Нелер бүршік атып жапырақ жая бастады?
Көп ағаштар қайда өседі?
Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?
Инт. тақтамен жұмыс .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұят болды-ау)

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан!
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау, бауырлар!
Момын жұрттың, арқа сүйер,
Азаматы біз едік. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сәкен Сейфуллин (Шөлде)

Көкіректе қайнаған кек оңдыра ма?
Көңілді бір орынға қондыра ма?
Түнерген қара қабақ жадырасын,
Ән салып, күй күйлейтін домбыраға.
Аршадан кертіп жонып тиек салдым,
Ызаны тарқатуға домбыра алдым.
Күңіреніп, көтеріліп....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау

Кіріспе
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату:
Хат, хабарлама (смс), жарнама, нұсқаулық (инструкция), хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ажыратады.
Көптеген оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшеліктерін ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көліктердің дамуы (5 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көлік және жол белгілері
Сабақтың тақырыбы: Көліктердің дамуы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О6.Оқылым стратегияларын қолдану.
Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген мәтіндердегі нақты ақпараттарды анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды талдайды, себептерін анықтайды, шешім шығарады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Жақсыбай Сарбалаұлы сырдың жыр жұлдызы


Осынау Сыр өңірі ырысы артып, ынтымағы жарасқан киелі мекен. Бұл өңірден бұлбұл дауысты әншілер де, аузы дуалы билер де, артына өшпес із қалдырған ақындар да, елге мәлім қоғам қайраткерлері де шыққан. Соның дәлелі ретінде Жақсыбай атамызды алсақ болады. Жақсыбай ата өнегелі өмірінде артына мол мұра қалдырған тіл жанашыры. Ол кісі бір мамандықпен шектеліп қалмаған. Жақсыбай ата -жергілікті ақын, дәрігер, мұғалім, тіл жанашыры.

Жақсыбай Сарбалаұлы 1942 жылыдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында үлкен отбасында дүниеге келген. Бала күнінде кітап оқуды жаны сүйген. Кешкілік ауыл үлкендері жиналып Жақсыбай атаға ауқымды шығармалар, әңгімелер оқытатын болған. Отбасылық жағдайына байланысты Таң ауылынан Жалағаш ауданына көшіп келеді. Жалағаш ауданындағы №123 мектепте білім алады .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем келді

Көктем келді тамаша
Далаға бір қараса
Бұлбұл құстар сайрайды
Күн шуағын төгеді
Менің туған жеріме
Тең келмейді ештене.
Тақпақтар
Толық
0 0