Сабақ жоспары (ұмж): Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат)
Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы ғұн мемлекеті мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысты анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді өлкеме,

Табиғатым тамаша.

Гүл қаптады бөктерді,

Нұрға толды айнала.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар

Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
Ала мал

Үлгісіз піштім,
Жіпсіз тіктім.
Ала мал

Андыру мен мәндіру,
Тігісі жоқ қондыру.
Ала мал

Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
Желідегі биені емген құлын.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәтіннің түрлері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Менің мектебім. Мәтіннің түрлері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.5.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау, азат жолдың рөлін білу
2.4.1.3* «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтап үйренеміз. Мәтіннің бөлімдерін және негізгі ойды анықтаймыз......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сиқырлы тон Үндестік заңы (5 сынып, I тоқсан )

Пәні:Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам
Сабақ тақырыбы: Сиқырлы тон. Үндестік заңы
Сабақтың оқу мақсаттары: ӘТН 2 Орфоэпиялық норма.
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Орфоэпия мен орфография заңдылықтарын меңгереді;
Оқушылардың көпшілігі:
Ықпал түрлерін ажыратып, соған сәйкес айта алуға дағдыланады;
Оқушылардың кейбірі:
Ықпал түрлерін орынды қолданып, заңдылықтарына сәйкес айтып, дербес ой білдіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қапай Ысқақов

Қапай Ысқақов (1906, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы - 26.9.1973, Жарма ауданы Васильковка ауылы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. 1941 жылдың маусымынан бастап 52-армия 294-атқыштар дивизиясы 861-атқыштар полкінде ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың 26 наурызында КСРО-ның мемлекеттік шекарасы жатқан .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Жол


Бес жасар ұлы Балғынды Бәзіл жылқышы алдына мінгізіп алған. Түні бойы көмекшісі баққан жылқыны кәнігі көзбен аралап, түгендеп етіп, көңілі жай татқан соң енді сәскелік қымызға үйге қайтқан беті. Жайлаудың адырлы кеудесін тіле түсіп, жіпше шұбалған жалғыз аяқ соқпақ жолмен келе жатыр. Астында құйрық-жалы төгілген аяңшыл торы.

Әкесінің алдына мініп алу — Балғын үшін құмар іс. Дүниенің төбесінен қарағандай болып, мерейленіп қалады. Аса бір жетіскен көңілмен сәбилік қиялы шартарапқа жосылып өзімен-өзі іштей күмбірлен сөйлесіп келе жатыр. Екі кезі таспадай шұбалып, таусылмай алға бастаған соқпақ жолда. Кенет ол әкесінен:

— Ата, осы жолмен жүре берсе, жүре берсе, қайда барады? — деп сұрады.

— Анау таудан асып, өзіміздің ауылға барады, — деді Бәзіл.

— Сол жерде таусыла ма?

— Жоқ таусылмайды.

— Одан әрмен қайда барады?

— Дуылдан әрмен даңғыраған тас жолға қосылады да, ayданға барады. Есжан ағаң қызмет істеп жүрген жерге барады.

Бір сұрақты бастаса, түбіне жетпей Балғын, сірә да, тоқтамайды.

— Одан әрі қайда барады?

— Одан әрі Алматыға барады.

Алматыдан әрі қайда барады?

— Поезд жүретін темір жолды білесің бе? Естіп пе едің?

— Білем.

— Білсең, тас жол одан әрі темір жолға қосылады да, тартқаннан тартып отырып, Москваға барады. Жол атаулының барлығы Москвада тоғысады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0