Мақсаты: Ата – аналарды мектеп сынып өміріне қатыстыру балаларды дұрыс тәрбиеге баулу. Ата – аналарды балалармен бірлескен әрекетке баулу. Ұйымшылдық, қызығушылық, көркемдік, шығармашылық сөздігін дамыту. Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ұран сөздер, шарлар, отбасы туралы мақалдар.
Негізгі бөлім: 1 - жүргізуші: Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар жанкүйерлер әз қауымдас! Бүгінгі күн әуенін біз бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық! 2 - жүргізуші: Біздерде ойын - сауық басталады, Тамаша күй тартылып ән салады Бүгінгі күн әуенін біз бастайық Ұмытарсыз күн бойы, шаршағанды. .....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақ тақырыбы:Балабақша Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау. 1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау. 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау. 1.2.3.1 Сұхбаттасының сұрағына жауап беру және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолдану. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды, сұрақтарды түсінеді, жауап береді. Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды, ұхбаттасын түсінеді, сұрағына жауап береді, сұрақ қояды. Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды және дыбыстарға қосымша мысал келтіре алады, сұхбаттасының сұрағына толық жауап береді, оған сұрақ қояды, баға береді. ...
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақтың тақырыбы: Ақын болғым келеді. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу Оқу мақсаты: Сюжетті сурет бойынша әңгіме және сөз/сөйлем сызбасын құрастыру. ....
Жансая Ғалымжанқызы Мусина (1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған) — айтыс ақыны. Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2017). Жансая Ғалымжанқызы Мусина 1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген. 2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. 2002 - 2006 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты. 2005 жылдан айтыс өнерінде.....
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр. Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты .....
Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит. Оның ұзын бойы он құлаштан он төрт құлашқа шейін, кеудесі ұзын бойына қарағанда бегірек жуан. Басы кеудесінің жартысындай, тебесі жалпақ, үстінде томпайып жабылып, ашылып тұрған екі тесік бар. Дем алғанда аузына су толса, суды әлгі тесіктерінен аспанға шырылдатып атып жібереді.
Басының екі жағында екі көзі бар, сиырдың көзінен үлкен емес. Басының зорлығына қарағанда көзі жоқ секілді көрінеді. Тісі болмайды, орнына екі езуіне мүйіздей қара нәрсе бітеді. Терісінің қалындығы екі елідей болады, оның астындағы майы сондай қалың. Бір киттен екі-үш жүз пұттай май түседі. Жемі уақ балық, шаян, көржер болады.
Ұрғашы киттің қарнының астында екі кішкене емшегі бар. Жаңа тапқан баласының ұзындығы бір құлаш шамасындай болады. Кит үлкен түпсіз терең теңіздерде жүреді. Суда жүзетін балықтікі секілді құйрығы бар. Бауырының астында қанаттары бар. Киттің еті жеуге жарамайды. Киттің майы мен тіс орнына біткен нәрсесі үшін аулаушылар көп болады. Әрбір киттің тіс орнына шыққан мүйіздей нәрсесі жүзден болып, әрбіреуінің ұзындығы үш құлаштай болады. Тілінің үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса кіші шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп жүргені осы кит болса керек.
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы, екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста білімді тексеру жүйесінің әдістемесі мен теориясы қарастырылады және соған орай "білімді тексеру жүйесінің программалық қабықшасы" деп аталатын программалық құрал жобасы беріледі ....