Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ақынның шабыты


Бір кішкентай қаланың жалғыз ғана ақыны болыпты. Бір күні сол ақын 60-қа толған кезде, сол қаланың әкімі ақынына сый-сияпат көрсетеді. Жылы сөздерін арнайды. "Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - дейді әкім ақынға. - 60 жасыңыз құтты болсын! Сізге әлі де толағай шығармашылық шабыттар тілеймін!"

Содан кейін біршама уақыт өтті. Бір күні осы қаладан шығатын газетке ақынның өлеңі басылып шығады. Әкім әлгі өлеңді оқып отырып, көңілі нілдей бұзылды. Оған ақынның шабыты қайтып қалған сияқты көрінді. Дереу ақынды өзіне алдыртты.

- Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - деді әкім ақынға. - Мен қаланың халқы бір нәрседен таршылық көріп қалмау үшін үнемі жігіттерге тапсырма беріп отырамын. Бірақ біздің қаланың халқына өлең де керек. Ендеше, мен жұмысты жігіттермен бірдей сізден де талап етем. Неге сіздің шабытыңыз кеміп жүр? Біз сізге барлық жағдайды жасап қойған жоқпыз ба? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.
Сабақ мақсаттары: Жарнама плакаттары мен кітапшалар дайындаймыз. Жарнамаға қажет сөздер мен сөйлемдерді жазамыз......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Ерте аққан жұлдыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты: Құрылымын сақтай отырып өмірбаян жаза алуға үйрету....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Боранда

Жел тез күшейіп келеді. Аппақ болып сіресіп жатқан адырдың жалпақ жоталарында бірін-бірі қуалап, өрнек сызып, құбылып сырғыған күміс борасын қарауға бір түрлі әдемі әсер еді. Бірақ жел үдеп ышқына түскен сайын шаңдатып, тозаңдатып, кәдімгі ақтүтек кәрлі боранға айналды.

Боранмен араласып, бірінің соңынан бірі шұбап, шаңғышы жеті бала келе жатыр. Бұлар «Бірінші Май» сегіз жылдық мектебінің оқушылары. Алдағы болатын шаңғы жарысына әзірлік жасап, шынығып жүрген спортшылар.

Бұлар ауылдан бағана ауа райының тыныштық кезінде шыққан болатын. Содан қырқаны қырқалап отырып, Тереңөзектегі диірменге дейін жетті. Онда таныс диірменшінің үйінде ыстық шай ішіп, біраз әлденіп, тынығып алым, енді қыстаққа қайта қайтқан беттері. Үйге дейін әлі де оп шақырым шамасындай жер бар шығар.

Шаңғышылар боранға бір қырын қарсы жүріп келеді. Ауа райының бұл тәрізді тентек мінезіне тап болармыз деп ойламаған олар үйлерінен жеңіл киімдерімен шыққан еді. Құлақ мойындарына қиыршық қар сабалап, бүйірлерінен ызғырық өтіп тоңа бастады.

Кешке қарай болған соң аяздың да күшейе түскен түрі бар.

Бағанағы өздері жүріп еткен шаңғы ізі әлдеқашан тып-типыл болған. Шаңғышылар күртік қардан, соныдан жол салып, күшпен жүріп келеді.

Долы боран ішін тар.тып, бірден-бірге асқына түсті. Бейне бір аяқ астынан қояншығы ұстағандай үдеп, құтырынып кетті. Бір бағытпен соғуды және де қойып алды. Біресе, арттан, біресе алдан сабалап, кейде құйын боп ұйтқып, шырмап алғысы келді. Аспан да, жер де бірөңкей ақ түтекке айналып, енді тіпті қай тұста не бар екенін білу мүмкін болмай барады.

Шаңғышылардың ең алдында бірінші болып келе жатқан жауырынды қаблан бала Жолдыбек — шаңғы үйірмесінің старостасы. Осы жорыққа мұрындық болып, бастап шыққан да сол еді. Жолдыбек әлсін-әлсін алдан артындағы жолдастарына көз салады. Ақ тозаңның ішінен қарап елең көрініп келе жатқан балаларға: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

ЖҮЗ АУРУҒА ЕМ САРЫМСАҚ ТҰНБАЛАРЫ

Шыны бөтелкеге 12 бау сарымсақ салыңыз, əркайсысы 4 ке бөлінген болуы керек.
Үш стакан қызыл вино құйыңыз үстінен. Аузын жауып терезенің күн түсетін жағына екі аптаға қойып қойыңыз.
Күніне 2-3 рет араластырып тұрыңыз. Сосын шыны ыдыстан қараңғы ыдысқа құйыңыз.

Бір ай көлемінде күніне үш реттен 1 шай қасыкпен ішіп жүріңіз.
Ағзадағы тұзды шығаратын, жұмыс қабілетіңізді арттыратын, қаныңызды тазалайтын, иммунитетіңізді жақсартатын, қантамырларыңызды нығайтатын бірден бір ем осы.

Жүректі өте мықты қылады, қанды тазартып, ағзаны жақсартады.
Артық майларды кетіреді, зат алмасуды жақсартады. Əйелдер ауруларына бірден бір ем. Ағзаңызды оңай əрі жұмсақ жолмен қалдықтардан тазалайды.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар - күн шуағы

Мұғалім: Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.
Мұғалім: Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыз қызғалдақтар, бүгінгі біздің концертімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Раййана
Шалқып - тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналар, сіздерді құттықтап,
Әндетеміз бүгін біз!

Мади
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз!
Қыздарды да құттықтап!
Мерекесің тойлаймыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламдық климаттық проблема (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа райы және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық климаттық проблема
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
7.ӘТН3. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу 7.ӘТН3.Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушылар орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетіп, редакциялайды. Сонымен қатар лексикалық бірліктерді ажыратып, анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0