Баяндама: Кембридж тәсілімен тәжірибелік зерттеу сабағым жайлы

Мен тізбектелген зерттеу сабақтарымды өзім класс жетекшілік ететін 8 «В» сыныбына өткіздім. Класта 25 оқушы бар, оның ішінде 13 ұл бала, 12 қыз бала. Сыныптың психологиялық ахуалы жақсы, сондықтан сабақтар топтамасын жасауда қиындық болмады. Сабақтарды өткізбес бұрын оқушылардың деңгейін анықтау, топтағы жетекшілерді білу мақсатында және оқу мен пәнге деген қызығушылығын анықтау үшін мектеп психологымен оқушылардан сауалнамалар алып, қорытынды жасадым. Қорыта кетсем, логикалық деңгейлеріне байланысты алған сауалнамаларда 10 сұраққа дұрыс.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді көгілдір,
Жыл құстары сайрады.
Қар еріді, қыс кетті,
Жауқазындар көктеді.
Тақпақтар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын ұям – Қазақстан

Отаным десем,ойыма…
Түсер еске ақсақалды қариям,
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Егеменді, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Түсер еске Махамбеттей батырлар,
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның өр намысты киесі –
Мен сүйетін қалың қазақ , халқым бар
Менің Отаным- Қазақстан.
Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл – қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп, мекен етіп, береке – бірлікте, достық қарым – қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан –жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Кітапты қоя тұрып парақтаған)

Кітапты қоя тұрып парақтаған,
Кішкене аялдап ап әрі аттанам.
Бір мезет
Дүниені түгел ұмытып,
Өзіммен-өзім болу керек маған.
Қаншама сеніп сөзге,
Еріп тілге,
Қажыдым бір суретті көріп күнде.
Аңсаймын оңашаны,
Керегі жоқ.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасымның бір күні (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Менің отбасымның бір күні
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.2.5.1 мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қоя білу, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру мұғалім қолдауымен
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Сабақ мақсаттары: Мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қояды, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының экологиялық мәселелерінің шешу жолдары (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Құрлық суларының экологиялық мәселелерінің шешу жолдары
Оқыту мақсаты: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі Құрлық суларының пайда болу жолдарын анықтау.
Құрлық суларының шаруашылықтағы тәжірибелік маңызын анықтау
Сабақтың мақсаты: Құрлық суларының пайда болу жолдарын анықтау.
Құрлық суларының шаруашылықтағы тәжірибелік маңызын анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы........
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері №1 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі кейіпкерлері №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
3.1 Зейін қойып оқу.
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу.
1.3.5.1 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Көбі: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және сұрақтарға жауап береді.
Кейбірі: Өз пікірін айту арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлемде қолдана алады. Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және талқылайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әскери форма (8-сағат) (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы.
Сабақтың тақырыбы: Әскери форма (8-сағат)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Тақырып бойынша мәліметтерді біледі
Көптеген оқушылар
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсынады
Кейбір оқушылар
Тақырып бойынша тірек сөздерді біледі, слайд жасай алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0