Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Споршылардың жарақаттануын алдына алу

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Спортшыларда медицина саласын қолданудың негізгі мақсаты жас спортшының бойындағы ағзаның қасиеттерін сақтап қалу мен қатар, дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Сондай-ақ спорттық медицинаны білген пайдалы әрі ықпалы бар екендігін көрсету зерттеудің өзектілігін айқындай түседі.
Спортшылардың мәселесіне спорттық медицинаны енгізе отырып бала денесінің жарақат алған жағдайдан кейін дұрыс қалыптасуына әсері бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі болып табылады.
Спортта жарақат алған жағдайда медицинадағы емдік шаралардың жүргізілуінің маңызы зор. Бұрынырақ медицина саласы дамымағандықтан түрлі жарақаттардың асқынуының алды алу мүмкін болмаған, қазіргі таңда жаңа технологиялардың арқасында жарақаттарды толықтай емдеп шығуға мүмкіндік жетерлік.
Сонымен, спорт саласында спорттық медицинаны енгізу, балалардың дене шынықтыру және спорт сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына жүйелі қатысуларын бір-бірімен ұштастырып, былайша айтқанда, спортпен шұғылданатын балалардың ағзаға түскен ауырлығы бір қалыпта болады, жұмсалған күш тезірек қалпына келтіріледі және еңбекке деген сенімділік артады, осылайша дамыған тұлға болып тәрбиеленеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстар рыногы басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекке қамтудың негізгісі еңбек ресурстың өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санын да өскендігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Облыс бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертегі еліне саяхат

Мақсаты:
- оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
- ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету, баулу;
- Бір - бірлерімізбен тату болу, ұжымшыл болу;

1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Балалар, ертегі - сөзін естігенде қандай ой келеді, көз алдарына не елестетесіңдер? Қандай ертегілер білесіңдер?
(балалар пікірін тыңдау).

2. Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, біз «Ертегі еліне саяхатқа» шығамыз.
Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.
- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
- қиял - ғажайып ертегілер .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
Сабақ мақсаттары: 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту Берілген тапсырманы өз беттерімен орындай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт туралы (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Уақыт туралы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде өткен шақты қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, сөйлемді сәйкес интонациямен оқиды, сөйлемді өткен шақта дұрыс құрайды.
Оқушылардың кейбірі:
тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сөйлеу барысында бұрынғы өткен шақты дұрыс қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылардың Ахмет Яссауи кесенесінің тарихы туралы білімдерін кеңейте түсу. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Сақтардың тарихы Сақтардың шаруашылығы

Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | БАДЫРАҚКӨЗ экзофтальм

БАДЫРАҚКӨЗ, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және ophtһalmos — көз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат. Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын Бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған Бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын Бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты Б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы Бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ Бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]

Пайдаланған әдебиеттер



↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1 том .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

Әділет министрлігінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі 11.03.99 жылы қабылдаған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережеде бекітелген. Бір жағынан Әділет министрлігі Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган, ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткепн халықаралық келісімдерге, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілеріне және Әділет минстрінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады. Екінші жағынан, өз құрылымын вертикалды ұйымдастыратын атқарушы биліктің құрылымдық бөлімшесі бола тұра, Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарына басшылық етеді, Республиканың барлық аумағында біртұтас құқықтық саясаты жүзеге асырады, заңдарды реформалау жағдайында үйлестіру қызметін атқарады, соттарды ресурстық жағынан қамтамасыз етеді және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0