Бәкеннің кейде өтірік айта салатын да мінезі бар еді. Бірақ Бәкеннің бұл мінезінен зиян көріп жүрмін деген пенде жоқ. Оның үстіне Бәкеннің бұл сөздерінің өзі де қиюласпайтын, жобасы келмейтін сөздер еді. Онысын іле-шала Бәкеннің өзі де мойындап, "айта саламыз ғой біз деген" деп өзі де күліп отыратыны бар. Бәкен бұл сөздерді біреуге зардап шектірейінші, содан пайда көрейінші деген оймен айтпайды. Өзінің мінезі сол. Дегенмен Бәкеннің осындай аңдаусыз айтып қалған сөзінен бірде Бәкең зардап шегіп қалыпты. Бәкең деген Бәкендерге қарағанда жасы үлкен кісі ғой. Бірде Бәкең аяғына ауланың ішіне іле шыққан сүйретпесін киіп алып, үйінің көше жақ беткейіндегі отырғышта демалып отырады. Дәл осы сәтте көше бойымен таза киімін киіп алған, екі қолын қалтасына салған күйі Бәкен келе жатады. Бәкен жасы үлкен Бәкеңді көріп сәлем беру үшін бұрылады. Бәкеңнің өзі балықты жақсы көретін кісі ме, әлде жұрттың бәрі де балықтан жасалған тағамға кет әрі емес пе, Бәкең дәл осы тұрғанда балық туралы ойлап отырса керек. Бәкенге сұрақты беріп кеп қалады:
Біз бетіне тұтас жапырақ пен гүлдің суреті және әр түрлі оюлар салынған, өзі әбден қарайып кеткен баяғының кәдімгі екі кебежесін көріп пе едіңіз? Үлкен әжеден мұраға қалған дәл осындай кебеже бөлменің ішінде тұр. Беті толған өрнек раушан, қызғалдақ гүлдерімен, тағы басқа неше түрлі оюлармен безендірілген. Ара-арасында бұтақ мүйізді еліктің басы көрінеді, ал дәл ортасына тұтас адам бейнесі ойып салынған. Тісі......
Алты жасқа қараған бала денесінің дамуында ерекше өзгерістер байқалады. Бойы – 116см, салмағы – 21, 5кг, көкірек аумағы иығы, жанбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады. Сонымен бірге ұл бала мен қыз баланың дене мүшелерінің дамуында айырмашылықтар байқала бастайды. Мысалы, қыз баланың көкірегі тез дамиды, саусақтарының салалығы әр түрлі болады. Ұл баланың дене мүшелерінің жетілуі бір - бірімен өте тығыз байланысты өтеді. Бес жаста баланың буындары, сүйектері (206), бас сүйегінің мөлшері, формасы, құрылысы жағынан әр түрлі дамиды. Дегенмен, бұл кезде сүйектері қатая қоймаған, иілуге икем келеді, (сондықтан жиі зақымданғыш) жығылудан, бір жерін ұрып - соғып алудан сақтаған жөн. Бұл кезде баланың ірі бұлшық еттері бір шама қатайғанмен, майда бұлшық еттері, саусақтары әлі де әлсіз. Баланың мінез - құлқын реттеуде жоғары ми қабығының мөлшері артып, жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, мидың алдыңғы бөліктері шапшаң дамиды, сондықтан күрделі ұғымдарды түсінеді (киім дегенде бала барлық киімнің түрлерін, ойыншық дегенде барлық ойыншықтардың түрлерін айта алады), ойыншықтар мен қуыршақтар мен әрекет жасай алады, бұл заттардың бәрін адамдар жасағанын түсінеді, қуыршақ театрының кейіпкерлерінің кейбір сөздерін, тақпақтарын жатқа айта алады. .....
Абайдың өмірі мен еңбектері турасында айтылатын тексеру, зерттеудің алдындағы кіріспе сөздің ендігі бір бөлімін Абайды тану деген жайға арнаймыз.
Абайды тану жұмысы көлемді, сан сапалы, ғылымдық жолмен тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін, жалпы советтік социалистік мәдениетіміздің зама-нында ғана молайды.
Бірақ, бұл сөздерге қарап, революциядан бұрын Абай жөнінде ешнәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек.
Бірінші жолы — баспа арқылы тарауы; екіншісі — халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі — қолжазба түрінде өр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тыңдаушы жұртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді, деректерді де еске алуымыз керек.
Бұл соңғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың революциядан бұрын қаншалық танылғанын аңғартатын деректер болады.
Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен революциядан бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқайық. .....
Сабағын оқи сала кешегі ойында кеткен есесін қайтару үшін Батыр компьютерге шүйлікті. Ата-анасы баласының сабағына керек болар деп жинаған ақшаларына осы компьютерді алып бергелі Батыр үйден шықпайтын болды. Сабақтан келе сала алдына қонжиа кетеді. Демалыс күндері тіпті күні ұзақ отырады. Кейде тіпті түннің жарымын болғанын да білмей ойнай береді. Ойыннан қалған уақытын әлеуметтік......