Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл әрі өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі. Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен. Күндердің күнінде басқарушының жанына жағымпаз және өзімшіл бір көмекші тағайындалыпты. Бірақ ол қала халқына мүлде жақсы қарамапты. Көңілінен шыққанға көмектесіп, көңілі қаламағанға көмектеспепті. Әрі ұнатпаған адамдарын басқарушыға жамандайды екен. Уақыт өте келе қала тұрғындары оған ренішін білдіре бастапты. Халықтың басқарушыға деген көзқарасы да бұрынғыдай емес, өзгере бастапты. Халықтың бұл наразылығы падишахтың да құлағына жетіпті.......
Ақ пен қарасы таразыға тартылған, сынаптай сырғып қолда тұрмайтын уақыт қарымын кідірту пенде еншісіне бұйырмағын іс. Әр сағат алтынға парапар десек бір тәулік яки қолыңдағы жиырма төрт алтын іспетті. Бірінен – бірі алмасып заңдылыққа бағынған уақыт қанжары бір демде отыз күннің басын алып, он екі айды сергелдеңге салып селін сұлата тегінде сыры сан қатпар тарих қойнауына алалы – құлалы парақшасын алмастырады. Бір кем дүние десеңізші...
**** **** **** Бірі – қуып - бірінен қашып, қанжілік кейіптегі дүниеде еш таусылмайтын ол - жанардың жасы екен. Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды. Самалалардай самсап барып жоқ болып кететін. Құламай - тұруды, жыламай – күлуді, тұраламай – ұғуды білмес едік. Егер егес – егізі болмаса. Бір кем дүние десеңізші... https://www.zharar.com/engine/ajax/controller.php?mod=upload&area=full_story&author=araylym94&news_id=15691&wysiwyg=no&dle_theme=null# .....
Отставкадағы генерал-майор Бульдеевтің тісі қатты ауырды. Аузын арақпен, коньякпен шайқап, ауырған тісінің түбіне темекі, апиын, скипидар, керосин басты, ұртына йод жақты. Құлағын спирт шыланған мақтамен тығындап алды, қайткенмен осылардың ешқайсысының да мүлкінің тізімін әкеп көрсетті. Текті жерден шыққан адам, ол жағынан ондай-мұндай деп жаман атаудың өзі - күнә. Шынымды айтсам, өзі маған ұнады. Менімен екі ай саудаласты. Мен оған сегіз мың сом беремін, ал ол сегіз жарым сұрайды. Саудаластық, саудаластық шайға отырып алып, он бес стақаннан ішіп, соның өн бойында саудаласа беретін кезіміз де болды. Мен оған екі жүз сом қостым, болмайды! Сөйтіп, үш жүз сом үшін айырылысып кеттік. Кетті байғұсың, жылай-жылай... Тым жақсы көруші еді Дашаны! Өзімді-өзім жерлеймін енді, кінәлімін, қатты ренжимін. Оған үш жүз сомды берсем немесе бүкіл қалаға масқара қыламын деп қорқытсам, не болмаса қараңғы бөлмеге кіргізіп алып тұмсыққа соғып - соғып жіберсем болатын еді ғой, жаза басып қалдым, ақымақтық істеп алғанымды енді көріп отырмын. Қайтерсің, Никодим Егорыч, ынжықпын!
— Жуассыз тым. Бұл рас. Жә, болды, қайтатын мезгіл жетті. Басым зеңіп кетті... .....
Ол әскери борышын Ауғанда өтепті. Ән салатын. Аспапты бауырына жиып алған күйі құныса түседі. Сонан соң әуеден әлдебір дыбыстарды тың тыңдағандай күй кешетіні бар. Бірде осылай аспапта ойнап отырып, оны қабырғаға сүйей салды да:
- Ол шаршап тұр, - деді.
- Музыкалық аспап та шаршайды ма?
- Неге шаршамасын? - деді ол. - Мұны аспаптың құлақ күйі келмей тұр дегенмен шатастыруға болмайды. Мен оның құлақ күйін келтірдім. Бірақ ол ән салғысы келіп тұрған жоқ. Демек, оның көңіл күйі болмай тұр деген сөз. Сондықтан оған тыныштық беру керек.
- Соғыс деген қандай болады екен? - деп сұрайды одан. .....
Курстық жұмыс тақырыбы: «Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері» Курстық жұмыстың мақсаты: Қабылдау ерекшелігі мен дамуын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау Курстық жұмыстың міндеті: Адам қабылдау ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындап көрсету Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары. Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру. Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді. Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады. ....
Князь Нехлюдов жазғы демалысын деревняда жалғыз өткізген бір жылы университеттің үш-ақ курсын бітірген он тоғыз жасар жігіт еді. Күз түсе, жазуға төселмеген шорқақ қолмен нағашы апасы графиня Белорецкаяға сәлем хат жолдады. Әу бастан ол апасын жақын дос, жалғыз жанашыры ретінде әлемдегі ең ақылды әйелдердің санатына қосатын. Француз тілінде жазылған хаттың тәржімесі мынадай:
"Айналайын апатай!
Ендігі өмір - тағдырыма арқау боларлық бір тоқтамға келгендеймін. Мен университетті тастап, қалған ғұмырымды деревняда өткізуге бекіндім, өйткені, әу бастан-ақ сол үшін дүниеге келгенімді енді сезгендеймін. Құдай ақына, жаным апа, маған күле көрмеңіз. Жассың ғой дерсіз, мүмкін, мен әлі бала шығармын, бірақ бүл жайт өз ынта - бейімімді тануыма кедергі болмаса керек, өзгеге жақсылық жасасам деген ықыласымды кемітпесе керек. .....
– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?
Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.
Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.
Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.
Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды.
Интернаттың балалары демалысқа ауылдарына кеткенде, Нарбота күн ұзаққа ауладағы ас үйдің күншуағында кітаптан бас алмай отырады да, кешке өз төсегінен қашып менің қасыма келеді. .....