Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар оқу (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтар оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді
2.2.1.1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: оқыған өлеңнің мазмұнын түсінеді. Тақырып бойынша сөйлемдер құрайды.
Көбі: оқыған өлеңдегі бейнелі сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап айтады.
Кейбірі: өлеңнің идеясын анықтайды, анасы туралы өлең жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны

Сабақтың мақсаты: Балалардың доппен жаттығу жасау іскерлігін (домалату, лактыру, ұстау, баспен итеру, доппен массаж жасау) дамытып, ата-аналарға балалармен бірлесіп шынығудың, жұмыс жасауына ықпал ету және жұптық гимнастиканың тиімділігін арттырып, бір-біріне қамқорлықпен қарауына тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Фитболгимнастика.
Қостілдік құрауыш: доп-мяч.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Заттардың қасиетін қайталау ойыны

Сабақтың мақсаты: Заттың қасиеттерін, геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау. Саусақ қимылын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап , көркем сөз, ойын.
Іс-әрекет кезеңдер: Тәрбиешінің іс-әрекеті,; Балалардың іс-әрекеті....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Біз өскен соң

-Керекуің қай қала?

Қарады оған таңқала.

-Кереку ме? Ол– бүгінгі Павлодар,-

Деп отырад атамдар.

Айтысына қарағанда, атамның

Керекудің атауын

Патша ертеде жойыпты.

Құрметіне жаңа туған ұлының

«Павлодар» деп қойыпты.

-Рас па? –деп қалды Анар таңқалып.

Өкінішті жүзіндегі аңғарып

Қалған Сәбит оны жұбатты.

Деді оған сенімменен:

–Ержеткен соң

Өзгертеміз бұл атты!



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Иесісін жоқтаған Майлыаяқ

(Әңгіме)

Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқтай қалып, тұмсығын көкке көтеріп, кең тыныс алады.

Сонан соң жолын онан әрі жалғайды. Күн көкжиекке жақындап барады. Асығу керек, әйтпесе түнде түртінектеп жүріп..

Оны қайдан таппақ?

Ит санасында найзағадай жарқ еткен осы оймен қанаттас шегі шұрылдап асқазаны сағзи жөнелді. Иесі қайтыс болғаннан кейін Мергеннен кетіп қалды. Содан бері оған арнайы сорпа - суан әзірлеп құятын құдайдың құлы болмағаны иттің есіне түскен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстыру

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстырудың маңызы
1.1 Туған өлке тарихы және ұрпақ сабақтастығы
XXI ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым сапасында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы соңғы 15 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындады. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарда, стандар талаптарында көрсетілген.Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің трихы аз жазылған, топық зерттелмеген мәліметгер көп.
Жас ұрпаққа бабаларымыздың ерлік ісін, ұрпақ сабақтастығын терең танытатын тарих немесе жеке зерттеу еңбектер көптеп жазыпса, білім кеңейе түсер еді. Қазіргі және кейінгі ұрпақ, алдындағы парыз өтелген болар еді. Мен ұрпақ сабақтастығымен оның тарихын біріктіре зерттеуді мақсат еттім. Осы бағытта аз да болса ізденіс жасауға, тың деректер табуға қазіргі жастарға ой салуға ұмтылдым. Сабақтан тыс уақытта өлке тарихын оқуға мән бердім.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Көшбасшылардың бірі

Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым.

Солардың бірі «Абай мен Мәшһүр Жүсіптің партияға көзқарасы» атты мақалам жаңадан шыға бастаған республикалық «Ұлағат» журналының №1-санында жарық көруі көңілімді қуанышқа бөледі. Мәшекеңнің еңбегін шамам жеткенше оқып-зерделеуге, оқырманмен ой бөлісуге ынталандыра түсті.

Сол тұста С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы (мұнан әрі орталық) жұмыс істейтінін естіп білдім. Орталық директоры филология ғылымдарының докторы, белгілі Мәшһүртанушы Айтмұханбет Тұрышев мырза орнында екен, жылы қарсы алды. Орталықтың атқарған, атқармақ жұмыстарына аз-кем тоқталған ол:

– Әкелген материалдарыңызды тастап кетіңіз. Өзіңіз айтқандай жілігі татып жатса, алда шығатын кітапшасына іліктіреміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әлімақын Жанболат | ОАЗИС фильмі немесе киелі жазбаның сыры

Шведтың ұлы режиссеры Ингмар Бергман әйгілі «Үнсіздік» деп аталатын фильмінде адам ары мен нәпсісі ортасындағы күресті қарама-қарсы типтегі екі кейіпкер арқылы көрсеткен болатын. Ең қызығы осы фильмді көрген кез-келген есті көреремен экраннан екіге жарылған өз кейіпін көре алатыны хақ. Өйткені пенденің ішкі қайшылықтарымен күресі ол бітпейтін және ең үлкен күрес. Алайда біздің айтпағымыз «Бергманның кейіпкерлері» спетті бүгінгі ұлттық болмысымыздың қарама-қарсылығын дәл көрсете алған кинотуынды туралы еді. Дәлірек айтсақ, Бегарыс Елубаевтың «Оазис» фильмі жәйлі болмақ.

2 ақпан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақтың белгілі жазушысы Сымағұл Елубаевтың сценариі бойынша түсірілген «Оазис» көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Кинокартина осыдан бір күн бұрын ғана қазақстанның барлық кинотеатрларынан прокатқа шыға бастаған болатын. Көрсетілімдік кешке Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова және Асаналі Әшімов, Есмұхан Обаев, Сымағұл Елубаев сынды өнер ұжымының ақсақалдары арнайы келіп қатысты. Режиссер Б.Елубаев бастаған Фильмнің түсірілімдік тобының өкілдері де көрсетілімде болып, көрермен сұрақтарына жауап берді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақтың тірегі мен жүрегі


Қазақ баспасөзінің, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ қауымы үшін алар орны ерекше. Бұл бұрын да, бүгін де, Алла жазса, ертең де солай болып қала бермек. Ежелден-ақ қазақ жыртысын жыртып, ұлт мұңын мұңдап келе жатқан газет бұл күнде ел назарын өзіне аударған.

Күн тәртібіндегі шилі мәселеге айнала жаздап тұрған жер қатынастары туралы да бірталай ортаға ой тастап, олжа салар дүниелерді жариялап үлгерді. Солардың бірі газеттің үстіміздегі жылғы 5-11 тамыздағы №29- санында жарияланған Қорабай Шәкіровтың «Қазақ жерінің қамын ойлай...» атты мақаласы автор туған жер туралы толғанысын бірталай бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі болар өнегелі жайларды қозғай келіп, орын алып отырған олқылықтардың орнын толтыруға, істі алға бастыруға бағытталған өзінің т.б.

Бірталай азаматтардың ойларын ортаға салып, нақтылы мысалдар келтіреді. Соның бірі – Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруашылығында. Өңірдегі шаруашылықтардың шаруасы шатқаяқтап, шаңырағы ортасына түскен адамдардың үкілі үміті желге ұшқан тұста облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болған едік. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Абылай Мәшһүр жазбаларында

Мәшһүр Жүсіпті ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ғалым ретінде танып-біле бастаған шақта оның осы саладағы еңбегі том-том болып жарық көрді. Алғашқысында кейбіреулерге асыра айтылған сөз ретінде көрінген де болар. Енді, міне, сол күңгірт күмән сейіліп, Мәшһүр жинаған ауыз әдебиеті (Мұнан әрі жазбалары) үлгілерімен қалағанымызша сусындауға мүмкіндік алдық. Оған басты себеп Мәшекеңнің «ЭКО» ЖШС баспасынынан 2013 жылы 20 томдығының жарық көруі.

Осы томдықтардың 9-томы 14 беттен 160 бетке дейін қазақтың ұлы ханы Абылайға арналған. Басқа томдарында да Абылай туралы жазғандары кездесіп отырады. Сол мұраның «Абылайдың тұтқын болуы» атты әңгімелеріне тоқталмақпыз. Аталған әңгіме 10 нұсқадан тұратыны көрсетілген (А.Қ.Жүсіпова). .....
Әңгімелер
Толық
0 0