Ертегі: Торғай мен адам

Бір саятшы тор құрып, аң мен құс ұстап күн көреді екен. Бір күні құрып қойған торына бармақтай ғана торғай түсіп қалыпты. Саятшы торғайды тордан босатып алады да уысына қыса ұстап, үйіне қайтады. Жолда келе жатқанда, торғай адамға жалынады:
– Мен бармақтай ғана торғаймын, аузың толып асайтын етім жоқ. Союға жарамаймын, қабырғам қылтандай, сирағым шидей. Қапасқа қамап қойсаң, құсадан өлемін ғой босқа. Менің аспан астында шарықтай ұшып жүруім керек. Қанатымды сермеп, еркімше самғауым керек. Қоя берші мені, жіберші кең дүниеге. Торғайдың арманы......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Алтын күз

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Кім болам?

Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп,
Анам ылғи жүреді
«Дәмді емес» кім деді?
Он жетіге толамын,
Мен аспазшы боламын!
Тақпақтар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Метаграммалар

Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.
Жалау-палау

Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.
Жастық-астық

"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.
Қызық - сызық
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жаңаөзендегі жасөспірімдердің қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарынан кейінгі жағдайына қатысты белгілі психиатр пікірі

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызылша ауруына қарсы жүргізілген вакцинациядан соң 200-ге жуық баланың ата-анасы олардың денсаулығына қатысты шағымдармен дәрігерлерге жүгінген болатын. Балалардың бірқатары ем-дом шараларын қабылдау мақсатында Астана мен Алматы қалаларына жолданды. Бірнеше баланың ұстамаға түскен сәті жазылған видео ғаламторда тарап кеткеннен соң жасөспірімдерді қарау мақсатында Маңғыстау облысына екі білікті психиатр Жібек Жолдасова....
KZ
Толық
1,5 -0,5

Қазақша ертегі: Өнерпаз Патшайым

Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, ол өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған. Сөйтіп ол бір ауылға жетеді. Шаршағаны сонша кетіп бара жатып, ол бір үйді көреді. Сосын ол сол үйге кіріп, үйдің үлкендерімен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Арыстан мен түлкі

Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
— Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Мақта қыз бен мысық

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:
— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:
— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Күз

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Тақпақтар
Толық
0 0