Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.
Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:
— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.
— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.
Асан тағы да:
— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Өткен заманда қазақтың Бетбақ даласында, ішетін суы жоқ, жейтін шөбі жоқ далада кемпір-шал бір ұл, бір қызымен өмір сүріпті. Қызының аты - Қадиша, ұлының аты - Жолтабар. Қадиша Жолтабардан жеті жас үлкен болыпты. Жолтабардың жасы жетіге келгенде, Қадиша дүниеден ғайып болыпты. Қайда кеткенін ешкім білмепті. Кемпір-шал әрі іздепті, бері іздепті, зорығыпты, бірақ таба алмапты. Кемпір-шал бас көтерген қызынан айырылып жүдепті, көзден сорасы ағыпты. Жолтабардың қайырын Құдайдан сұрап отырыпты. Бір күні көшеді, бір жақынынан түйе сұрап алады, ел қарасына жеткісі келеді.......
Телестудияның тілшісі Бақтыбай Айнабеков деген жігіт телефон соқты.
— Аға, Тұрар Рысқұлов туралы жарты сағаттық хабар ұйымдастырсам ба деп едім. Бұл телебасшылардың ұйғарымы. Соған сіз өзіңіз және Тұрекеңді білетін кісілер қатысса... Тұрекеңді білетін кісілерді сіз білесіз ғой. Өзіңіз айтсаңыз.
Бұл 1984 жылдың желтоқсаны еді.
Хабарға өзім қатысуын қатысармын - ау. Білгенімді айтып бағармын - ау, ал Рысқұловты көрген - білген адамды қайдан табамын? Рысқұловты көрген, киын - қыстау заманның езінде қызғыштай қорғаған бір азамат бар еді, ода дүниеден өтіп кетті. Қарт журналист Рахмалы Байжасаров еді. 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, 1955 жылы босанып еді. 1960 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне «Тұрар Рысқұлов» атты көлемді мақала жазып еді. Жазбақ тұрмақ, атын сыбырлап айтуға бата алмаған кез болатын. Ал Рахмалы сол соншалықты «қорқынышты» есімді қорғап, ақтап жазады. Оған бас редактор Қасым Шәріпов қол қойып, жарыққа шығарады. Сөйтіп, Тұрар Рысқұлов кайта тіріліп келгендей болады. Адамдар бір-бірінен сүйінші сұрап, қуанып қалады. .....
Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.
Бүкіл халық жиналған соң, хан:
— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.
Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Оның үш уәзірі болыпты. Күндерде бір күн хан еліне жарлық қылады: «Қызырды маған көрсеткен адамға ат басындай алтын беремін», – деп. Бірақ ешкім «мен көрсетемін» деп айта алмады. Бұл елде өзі бәңгі, өзі құмарпаз, киерге киімі жоқ, ішерге тамағы жоқ бір адам бар екен. Бұл адам ойлады: «Былайша иттен ілгері, адамнан кейін болып жүргенше, ханға барып Қызырды көрсетемін деп алтынын.....
Қанаттың папасы бір рет ауданға барғанда оған сыйлыққа компас әкеп берді. Үлкендігі қалта сағаттай жып - жылтыр қара құтылы, әдемі компас. Тілінің қара бояулы үшін қалай айналдырып жіберсең де, қалтырай теңселіп барып, солтүстікті нұсқап тұра қалады. Дегенінен жазбайтын бірбеткей бала тәрізді.
Қанат қуанып кетті. Рас па, өтірік пе дегендей әр жерін түртпектеп, айналдыра қарап тұр. Мұндай компас бұл ауылдағы балалардың ешқайсысында да жоқ ( тек мектепте ғана бар. Ал онда мұғалім сүйтіп қолыңа беріп қоя ма?
Қанат өзін өзгелерден асып кеткендей сезінді. Жүгіріп көшеге шықты. Ойнап жүрген балаларға келді.
— Бодан, қарашы, менің компасым бар!
Балалардың назары Қанатқа ауды. Бәрі ойындарын қойып оны қоршап алды. «Кәне, бере тұршы»,— деп қай-қайсысы да ұстап көруге құштар боп, қолдарын созды.
Бірақ, Қанат оларға компасын бірден бере қоймады. «Сен кеше бәкіңді беріп пе едің, — деп Теміржанның қолын қағып жіберді де, бетін басқаларға бұрды.— Міне, қараңдаршы. Қалай айналдырып жіберсеңдер де, солтүстікті көздеп тұра қалады. Ал жай уақытта мынасын бүйтіп басып қойсаң, тоқтап қалады».
Біреудің көрсеткені өзің ұстап кергендей қайдан болсын! Балалардың ынтызары қоза түсті.
— Бере тұршы!
— Бере тұршы!
Қанат компасты әуелі өзінің тәуір деген жолдасы Боданға берді. Бодан мұндай дәрежеге ие болғанға мәртебесі өсіп, әрі компасқа сұқтана қарап тұр. Тағы екі-үш балаға көрсеткеннен кейін: