Бағана ғана осы кафедрадан кіріп-шығып жүрген бір оқытушыны көрген еді. Бұған түсі суықтау көрінген. Мына қағазда осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тіледі.
Кафедраның есігін қағып, кіріп барғанда әлгі оқытушының дәл қарсы алдында отырғанын көріп, дағдарыңқырап қалды. Ол бір жігітпен шахмат ойнап отыр екен. Түскі астың уақыты болған еді. Оқытушы мұны көре салып:
Бұл келген жұмысын айтты. Оқытушы қағазды қолына алды. Сонан соң:
- Ой, айналайын, мына сабақтарға бір ай жүресің ғой, - деді. - Ішінде менің сабағым жоқ па екен? - деді сонан соң оқытушы. Қағазға қайта үңілді де: - Менің сабағым жоқ екен, - деді.
Әлгі бір әзірде ғана осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тілеген еді. Енді болмай қалғандығына өкінді. Оқытушы енді кафедра есігінің қайырылысындағы бұрышқа көз тастады да, қыз баланың есімін айтқанда, аядай ғана кафедраның ішінде, бұл ойлағандай, екі адам емес, үшінші адамның барын енді ғана аңғарыпты. .....
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының бірі. Бұл саланың негізгі зерттейтін объектісі-көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын, сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді. Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі. Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілігінің құрамындағы ағзаға пайдалы заттар мәдени түрлеріндегі әлдеқайда көп болады. Жабайы жеміс-жидектердің сапасы жоғары болғандықтан олардың мәдени түрлерін шығару қолға алынды. Жеміс-жидектерде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта 13-14 пайызға дейін, жүзімде 20 пайызға дейін болады. Жемісте ақуыз, май өте көп. Витаминдер әсіресе қарақатта бүлдіргенде, алмада көп болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылық маңызы да өте үлкен. Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады. Жеміс ағаштарының санитарлық-гигиеналық та маңызы бар. Бақтар ауылдар мен қалаларды желден, шаңнан қорғайды. Мұның өзі Қазақстанның ыстық, қуан аудандарына өте қажетті. Қазақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін егу өте ерте уақытта басталған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы мәлімет бар. Алайда ағаш егілген жердің көлемі аз және сорттарының сапасы да төмен болған. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны көбейіп келеді.Мысалы, 1991 жылы республикада осындай шаруашылық саны 0,3 мың гектар болса, 2001 жылы бірмыңға жетіп отыр. Жеміс шаруашылығына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Пономарчук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, С.Н.Олейченко, К.Ж.Аяпов, О.А.Укібасов тағы басқалар жатады.....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді. Курстық құмыс тақырыбы: «Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы» ....
Ерекше білім алу қажеттілігіне ие адамның оқу – танымдық іскерлігі бірқалыпты дамушы балаларды оқыту кезінде қаралатын дәстүрлі құралдарды қолдану кезінде әрдайым тиімді бола бермейді. Сол себепті оқыту мен тәрбиелеудің спецификалық әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Кез - келген оқу пәні құрамының үлкен көп түрлілігінен сипатталады. Оқыту құралдары арнаулы білім беру жүйесінің ұстанымдарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты қандай да бір құралды қолдану құны оның оқушылар үшін білімді қаншалықты жеткілікті және мәжбүрлі ететіндігімен анықталады, олардың түрлі жас ерекшеліктік сатылардағы танымдық мүмкіндіктерін ескереді, оқу материалын меңгерудің саналық және беріктілік деғгейінің қажетті дәрежесін қамтамасыз етеді. Арнаулы жүйеде білімді меңгеруге білімді өзінше меңгеру бойынша жүйелі жұмыстардың әдептерін қалыптастыруға әкеп соқтырады, оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін фронтальды және индивидуалды жұмыстардың рационалды сәйкестілігі оқытуға дифференциалды түрде жақындасуды ескереді, сөйлеу ойлау қабілеттінің артуына үлесін қосады, материалды меңгерудің іскерліктік көрнекілік - тәжірибелік негізін қамтамасыз етеді, оқытудың коррекциялық - компенсациялық батылдығын қамтиды, әлеуметтік бейімделу үшін қажетті білімдер мен әдіптердің дамуына ат салысады, әрекет етудің әдістерінің қалыптасуы мен білімдерді меңгеруге ғана әкеп соқтырмай сондай - ақ тұлғаны тәрбиелеуді жалпы дамытуды қамтамасыз етеді. Оқытушының сөзі оқушыларға білім берудің құралы болуы тиіс. Оны балалар жетік қабылдауы қажет. Сол себепті арнаулы білім беру жүйесінде қызмет жасайтын педагогтың сөйлеу қабілеттілігіне оқушылардың контигентінің спецификасына орай, ерекше талаптар қойылады. Оның сөзі түсінікті, анық шынайы түрде шығуы қажет. Арнаулы білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагог сөйлеу оқиғасы ретінде оқыту сабағының құрамы мен ритмін жобалай алуы тиіс, сөздік импровизация техникасын жетік білуі, оқушылардың сөйлеу іскерлігінің белсенді түрде енуіне ықпал ететін жағдайларды табуы және қолдана алуы, қысқа әрі фразаларды құруда хас шебер болуы өте маңызды....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты. “Білім – тұл, тілден шығып есілмесе”,- дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. ....
Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау. 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған. Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. ....
Кіріспе Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді. Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық. Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы. Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады. Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету. Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді: – түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты анықтау; – сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету; – сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау; – синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау; – түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау; – аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету. Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.....
Бұрынғы заманда атақты бір мерген болыпты. Аты Сұрмерген екен. Сұрмерген аң қарап келе жатса, жолда екі жылан төбелесіп жатады. Жыланның бірі қара да, бірі - ақ. Келіп қараса, қара жыланның түсі суық, өте ызғарлы екен. Мерген қара жыланды өлтіріп, ақ жыланға болысады. Сонан соң ақ жылан мергенге қарап қойып, бір тасты жалап алады. «Маған да жала деп тұр ма?» – деп, мерген де әлгі тасты жалап алады.......
Әрине, әркім өз кәсібін жақсы көреді, өз шаруасының ілгері қарай жылжуын қалайды. Мәселен, көшеде кетіп бара жатсаңыз, көгілдір үйшіктегі мұртты етікші жігіт, сөзсіз аяғыңызға қарайды. Сағат шебері қолыңызға қарайды. Ал, ақ халатты шаштараздың көзі басыңызға түседі. Мұны өзіңіз де талай рет аңғарған шығарсыз.
Біздің Қауақбайдың кәсібі анау-мынау емес, пима басатын артелдің бастығы. Өзі тіпті, қажетті-ақ, мекеме, Қаукеңнің күнделікті жұмыс жоспарының барысы жөніндегі анықтама-ақбарияттармен мен мүлде таныс емеспін. Танысуға анау айтқандай аңсарым да ауып отырған жоқ. Мен тек қана о кісінің өз басындағы ақиқат жайттардан азын-аулақ хикая шертпекпін.
Егер сіз, Қауақбайдың креслода отырған кейпін көрсеңіз, со замат өзіңізді бейне бір Шығыс елдерінің бірінде жүргендей сезінесіз. Олай дейтін себебім, Қаукең Будда құдайына ұқсайды. Көкшілденген жұқа ернінің астына жасылкөк насыбайды жымқырып жібергенде, екі беті бұлтиып шыға келеді. Біреумен сөйлесе қалса, сарғыш бет-әлпеті, сарғылт суық көздері былай тұрсын, тіпті, алпамсадай денесінің өзі мүлде қозғалмайды. Ол ол ма, көшеде жүріп бара жатқан күнде де о кісінің қолдары, кеудесі, басы әсте бір қыбыр етпейді. Жарықтықтың отырысы да, жүрісі де темірден құрастырылған автомат-адам сықылды еді... .....