Адам баласы - сүйіспеншілік, таң қалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат т.б. әр түрлі сезімдердің жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам өкінішке ұрынбайды. Осы сезім құбылыстарын тізгіндей білген адам бақытты жанұя құра алады. Ішкі сезімдері құбылмалы....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Кейбір жағдайда ата-ананың сабырға келіп, сабасына түсіп, өзінен: «маған баламның өзіне сенімді, мықты болып өскені, тығырықтан жол тауып кетер шешімтал болғаны, ұрыс-керісте өзін лайықты ұстай білуі, жасаған ісі туралы ойлана алуы, өз ақылымен өмір сүргені, өз өмірін өзі дұрыс жолға салғаны, ізгілікті тани алғаны керек пе, әлде, тек мені тыңдап, тілалғыш бала болғаны, оған өз билігімді жүргізгеніме мәз болғаным керек пе?» деп сұрауы тиіс.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Қазақтарда жас ата-ана алғашқы баласын атасы мен апасының тәрбиесіне беретіні белгілі. О заманда бұл әлеуметтік қажеттіліктен туған болса, қазіргі кезде көне дәстүрді сақтаудың тәсіліне айналды. Бірақ, баланы әке-шешесі емес, ата мен әжесі тәрбиелеген қаншалықты дұрыс?
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер