Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғ дыбысы және әрпі

Білімділігі: Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға баулу.
Тәрбиелігі: Еріншектікке жол бермеу және қанағат ете білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Таға. қанағат

Себепті оятушы
Қызығушылықты ояту
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс тақырыбы -«Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Уақытты бағдарлау

Сабақтың мақсаты: жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру.
Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалармен амандасу
- Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
- Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
Жаңа сабақ:
- Балалар айтыңдаршы қазір қай мезгіл, кәне кім біледі? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Компьютерлік қосымшамен есептеу әдістері

Соңғы елу жыл ішінде ЭЕМ (электронды есептеу машиналары) даму дәуірінде көптеген өзгерістер болды. Алғашқы шамды ЭНИАК есептеуіш техникасынан бастап бүгінгі күні дербес компьютерлерге дейінгі ЭЕМ дамуын төрт сатуға бөлуге болады.
Бірінші сатыға бізге белгілі алғашқы сериалды шамды БЭСМ-1, “Стрела” есептеуіш машиналарынан бастап 60-шы жылдарға дейінгі ЭЕМ-дерді жатқызуға болады. Бірінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына: БЭСМ-1, БЭСМ-2, Стрела, Минск-1, М-20 жатады. Бұл ЭЕМ-дер есептеу барысында бір секундта оншақты мыңдай амал орындай алаған.
Екінші сатыға – транзисторлы есептеуіш машиналары жатады (секундына 100 мыңдай амал орындайды). Екінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына кіші есептеуіш машиналар (Минск сериалы) Урал типті машиналар және БЭСМ-6 жатады.
Үшінші сатыға - интегралдық жүйеге негізделген есептеуіш комплекстер жатады (секундына миллиондай амал орындайды). Осы сатының машиналары бірлесіп қызмет істей алатын немесе біріккен жүйенің ЭЕМ-дерді қатарына ЕС ЭЕМ (IBM 360/370) сериасымен жасалып шыққан есептеу комплекстері кіреді (секундына оншақты миллион амал орындайды).
ЭЕМ-нің қолданылатып жерлері өте көп. Олар физикалық процестерді модельдеу (мәселен, ауа-райын болжау), биологиялық процестерді зерттеу, автоматты түрде жобалау жұмыстарын жүргізу, вокзалдардағы анықтама бюросының қызметін атқару, автоматты түрде билеттерді сату жұмыстарын ойдағыдай атқарып келеді.
Қазіргі уақытта ғылыми техниканың дамудың жетістіктеріне сай, алдыңғы қатарлы ЭЕМ - өміріміздің әралуан саласында кеңінен қолданылуда. Осыған орай – ЭЕМ-да жұмыс істеу реттерін программа арқылы басқара алатын систематехника инженерлеріне сұраныс көп. ЭЕМ-сы мен арақатынасын қалыптастыруға керекті алгоритмдік тілдер: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау

Кіріспе
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі . Дегенмен , экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады . Жылдан – жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді .Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса , келесі жылы төмен болады . Бұған себеп не ? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады . Ол :мемлекеттің экономикалық деңгейі , халқымыздың әлеуметтік жағдайы , білім деңгейі , инфляция , жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы , қатаңдығы , тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап , өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншщама . Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар . Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса , бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі . Осыдан барып адамдардың ағайын – туыс , жора – жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады .
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып , бірнеше жыл бойы оқып , ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Арнайы педагогика педагогика ғылымының бір саласы. Арнайы педагогика – дефектология түзету педагогикасы. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДАУ

Кіріспе
Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Өзектілігі
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесіне ендіру

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген. Халықтың өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған.
Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған. Халықтық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар .......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Салқынбаев Төлеухан Айтқазыұлы | Сәбира Мұхамеджанова


Ел тарихында, тіпті әлем тарихында өшпес із қалдырған, Кеңестік империяның тұтастығына тұңғыш соққы беріп бостандыққа жол салған «Желтоқсан» көтерілісін «тәуелсіздіктің кіндігі» деп бағалаған екен халық қаһарманы Қасым Қайсенов атамыз. Жүрегінде ұлт намысы ұялаған қазақ жастарының ерлігі – ұлтымыздың Ұлы мақтанышы. Ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр, дегенмен әлі де болса айқындалмаған, толық бағаланбай жүрген жәйіттер көп.

Алматыдағы «Желтоқсан оқиғасы» болған күні – ақ Мәсукеудің пәрменімен бүкіл Қазақстан бойынша жаппай жазалау, қаралау шаралары басталып кеткен болатын. Желтоқсаншылар мыңдап жазаға тартылып жүздеп сотталып жатты. Кейіннен басқа республикаларда кеңінен жалғасып күшейе келе кеңес үкіметін құлатып тәуелсіздікке жол ашқан «Желтоқсан» оқиғасына қатысушылар бүгінде ұлтымыздың мақтанышына айналды. Әсіресе желтоқсанда тікелей қазаға ұшыраған төрт қыршынның рухын халқымыз мәңгілік ардақтауы тиіс. Солардың бірі, қайтпас қайсарлықтың, ұлт мүддесіне беріктіктің үлгісіндей болған Сәбира Мұхаметжанованың есімін асқақтату баршамыздың борышымыз. Сәбираны халқымыздың қаһарман қызы ретінде дәріптеп жазып жүрген зиялыларымыз баршылық, солардың арасында Өскеменде болғаан желтоқсан оқиғаларына тиянақты талдау жасаған тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев: «Еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жынын пида еткен «Желтоқсан батыры», қазіргі күнгі отансүйгіштік пен патриоттық тәрбиенің нақты үлгісі болып отырған Сәбира туралы халқымызға, жас ұрпаққа кеңінен мағлұмат беру бүгінгі күн талабына айналып отыр» деп жазады.[1, 90б.] Сол сияқты жазушы А. Алпысбаевтың (Асқар Алтай), журналист Әлия Ибақованың т.б авторлардың, оқиға куәларының деректеріне сүйеніп биыл басталып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай әңгімені жаңа бір қырынан қозғамақпыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Неге үнсізсің



Өңімде мен бұл жерді кезбегенмін,

Шынын айтсам, бар-жоғын сезбегенмін.

Ал түсіме осы шың жиі кіред,

Сезем, сезем, жері емес өзгелердің,

Төскейінен қанша жыл, ғасыр өтті,

Қаншама ұрпақ алмасты өңіріңнен,

Қар көмкерді, жаңғыртып жасын өтті.

Оны қазір тап басып айта алар кім?

Тап басса да, есесін қайтарар кім?

Осы шыңға өрлеймін түсімде мен,

Түн түндігін түргенде айқара күн. .....
Әңгімелер
Толық
0 0