Курстық жұмыс: Валеология | Жыныстық тәрбиенің ғылыми негіздері

Кіріспе
Осыдан 15-20 жыл бұрын дәрігерлер мен ұстаздар психологтар балаларға жыныстық қатынастар туралы айту керек пе деп таласатын. Нәтижесінде олардың көпшілігі мұндай түсінік беру қажет деп ұйғарды.
Жастардың жыныстық іс әрекеті мен репродуктивтік денсаулығына байланысты мәселенің күрделенуі мамандарды осы жастардың денсаулығын сақтауға негізделген іс шараларды іздеуге итермелейді.
Көптеген алдын алу бағдарламалары білім беру жүйесі арқылы ендіріледі. Қазақстанда басқа мемелекеттер сияқты оқүшылардың репродуктивтік денсаулығын сақтап, дұрыс жыныстық тәрбие беруді төмендегідей бағдарламаларды оқыту арқылы орындайды: “Валеология – қалай ауырмауға болады”, “Жыныстық адамгершілік тәрбие”, “СПИД мәселелері және оның алдын алу”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы” және т.с.с. Бірақ та барлық бағдарлама бірдей тиімді бола бермейді, кейде олардың нәтижелері болмашы, тіпті кейде қарама-қайшы болады. Әрдайым балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар ата-аналар мен мұғалімдердің көңілінен шыға бермейді, кейде олар түсінбеушіліктері де туғызады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кеден ісі | Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі атты бірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкімет алдына мынадай міндеттер қойған болатын: «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарламасын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет нарығын реформалауды жалғастырсын» [2].
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің Ү сессиясында кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның 2030 стратегиясы әлеуметтік экономикалық дамудың және халықтың әл ауқатын жақсарту бағдарламасы

Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
7. Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.
Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі.
Қзақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Өндірістік ұжымын басқару

Курстық жұмыстың мақсаты. Қандай да бір істі бастағанда оның белгілі бір көздеген мақсаты болады. Менің “Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы” тақырыбындағы курстық жұмысының мақсаты өндірістегі ахуал мен жағдайларды әр қырынан қарастырып, олардың әлеуметтік, психологиялық моральдық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері. Өндіріс – мемлекет экономикасының өрлеп, алға басуының негізгі көзі. Сондықтан менің курстық жұмысым өндірісті жандандырудың негізі болып табылатын бірнеше факторлардың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, өндіріс басшысының ұжымдағы психологиялық ахуалды реттеудегі және өндірісті тиімід ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігінің мазмұнын жан-жақта қарастыруды міндеттейді.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тақырыпта келтіргендей ұжымдағы өндірісті өнімділігін арттырып, дамытуда ондағы психологиялық аспектілердің зор ықпалын танытатын деректемелер тақырыптық өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Ұжым – бұл шағын мемлекет. Әр елдің елдің өз халықтары арасындағы ішкі бірлігі мен ынтымақтастығының қажеттілігі сияқты, ұжымдағы әртүрлі мәселелерді шешуде ондағы қызметкерлердің арасындағы психологиялық тепе-теңдікті сақтау мен қалыптастырудың негізігі ерекшеліктері жайындағы мәліметтер тақырыптың құндылығын ашады.
Тақырыптың ғылыми-зерттеу әдістері. Мен курстық жұмысымның идеялық мазмұнын толық ашу үшін өз елімізбен қатар басқа да өркениетті елдердің, мәселен АҚШ-тың кейбір өндіріс ұжымындағы психологиялық ахуал оның өзіндік сапалық ерекшеліктеріне қатысты мәліметтерді қарастырдым және белгілі ұстаз, жазушы А.С. Макаренконың ұжымды тәлім-тәрбие арқылы жетілдіру идеясында жасалған еңбегінен қысқаша түйінді мәліметтер келтірдім.
Тақырыптың әдістемелік негіздері. Мен курстық жұмысымды психологиялық, педагогикалық әдістемелерді негізге ала отырып орындадым. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі 4 бөлімнен тұрады:
1). өндірістік ұжымның әлеуметтік – психологиялық ахуалы;
2) ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері;
3) өндіріс ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру
Оқу мақсаты: 2.1.7.1 Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б.) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды
2.1.1.1 Өзгелердің әңгімесін тыңдайды және - өзінің келісетінін, келіспейтінін білдіреді.
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. ТВ бағдарламасын көре отырып, әдеби емес кітаптардағы мәтінмен салыстырып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шәкен аға

Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?

- Көргенмін.

- Соның бірін маған атап бер,- дедім.

- Алдар көсе.

- Дұрыс.

- Бірақ Алдар көсе

Ғасырларда әлденеше

Болған ненің кейіпкері?

- Аңыздың.

Ол аңызда

Алдайтын да,

Арбайтын да.

Тал бойында

Бар өнерін

Арам байға,

Төрелерге

Бүйі дейін тиген елге

Қарсы үнемі

Жұмсағанда,

Шоқтай қарып, от боп жанды.

Аялаған адал жанды,

Аспандаған асқақ әні.

Шәкен ата бейнелеген

Алдар көсе

Тарих болып қалды мәңгі.



.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен

(Әңгіме)

— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.

Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тектілік

Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға:

– Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, – дедім мен.

– Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл адамдарынан жиі еститін болдым. Тіпті немере ағам Балташ Бақтыбаев: «Бәрімізде қалам тартып жүрміз ғой, біздікі не тәйірі. Ақын деп, журналист деп Амангелдіні айт», – деп желпіне сөйлер еді. Мен Амангелдімен осылай сырттай таныстым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы

Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады.
Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған.
Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды.
Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта Қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен Кәсіптік жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің суларынан және Амур бассейіндерінен әкеліп ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген тағы басқа бірнеше түр балықтары болды. Солардың ішінде амур жалған теңге – балық кездескен.
Амур жалған теңге – балық Abbottina rivularis (бұрынғы атауы Pseudogobio rivularis) кең тараған түр. Олар Жапония, Қытай және Амур өзенінің төменгі бассейінде мекендейді [1].
Қазақстанда бір ғана түрі кездеседі. Ол Abbottina rivularis. 1956 – 1958 жылдары өсімдікжемді балықтарды Қытайдан жерсіндіру кезінде Қазақстан мен Орта Азия тоған шаруашылығына кездейсоқ әкелінген [2-5].
Амур жалған теңге балығы 1968 жылы табылған. Түр – жылу сүйгіш. Маусым – шілде айларында өрістейді [1,6,7].
Бұл ұсақ балықтар ихтиофаунаның әртүрлілігін толықтырып тұрады.
Өндірістік маңызы жоқ, бірақ Амур өзеніндегі өндірістік маңызы бар балықтардың қорегі ретінде маңызы бар. Қорек ретінде бағалы бентофагпен бірге конкуренциялық қатынаста болады.
Мақсаты: Амур жалған теңге – балықты оқып зерттеу, көптеген ғылыми кітаптар арқылы терең танысу, зерттеу методикасын үйрену, құралдармен жұмыс істеп үйрену.
Міндеті: Балқаш бассейндігі әр түрлі суларында мекендейтін амур жалған теңге – балықтың экологиялық өзгерістерін морфоанализ арқылы зерттеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0