Курстық жұмыс: Салық кодексі | Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәтібі

Кiрiспе
Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкiндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Қазақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.
Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады.
Мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс көзiнiң көп бөлiгiн қамтитын салықтардың бiрi меншiкке салынатын салықтар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы меншiкке салынатын салық бюджетке түсу сомасы бойынша да маңызды болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Сюжетті рольді Аурухана ойыны

Сабақтың мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Информатика [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Информатика
10-сынып

Мазмұны

1 тоқсан
«Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі
«Бейне контент құру» бөлімі

2 тоқсан
«Дизайн теориясы» бөлімі

3 – тоқсан
«Веб-жобалау» бөлімі

4 – тоқсан
«Жасанды интеллект және Blockchain технологиясы» бөлімі
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Өмірбаян: Еркінбек Ақынбеков (1863 - 1918)

Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.

1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген.
Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған.
Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Есмұхан Обаев Несіпбайұлы (1941 жылы 23 маусым)

Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.
Еңбек жолы
1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Шыңжан өлкесіндегі қазақтар

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Шыңжаң қазақтары» Қазіргі ҚХР -ң азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Шыңжаңдағы қазақтар да біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі. Олардың жалпы саны жергілікті халықтың 7% құрайды.
Орталық Азия территориясының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайдан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деп аталып жүрген бұл географиялық аймақ «Азия жүрегі», «Тоғысу нүктесі» деп аталып, онда өмір сүретін қандастарымыздың түрлі тарихи кезеңдердегі ауа көшуі, қоныстануы, олардың қазіргі таңдағы жағдайын айқындау зерттеу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Бүгінгі таңда шыңжаңда тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны -Қазақстанға оралу мәселесін, екіншіден қазақ – біртұтас ұлт, сондықтан да ұлттық тарихымыз біртұтас қазақ халқының жалпы тарихын қамтуға тиісті. Ол үшін алдымен ұлт өкілдері көбірек өмір сүріп отырған қазақ қауымдарын зерттеуге тура келеді. Демек зерттеу жұмыс осындай практикалық және ғылыми -теориялық қажеттіліктер негізінен туындаған маңызды мәселе болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жылы)

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің- қалдықтарын залалсыздандыратын жүйе құрастыру

Кіріспе
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология Кодексі қабылдануға тиіс. Түтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттармен жасауға тиіспіз.
Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, гшешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курсовая работа: Банковский менеджмент и его особенности

Введение
Банковский менеджмент, как особая сфера управления, возникает лишь в условиях развитой рыночной экономики. При расширении круга банковских операций до уровня, принятого в цивилизованных странах, в эти услуги входят:
• операции с ценными бумагами, кредитными карточками, валютой,
• помощь в экономии и распространении акций других банков и коммерческих структур,
• помощь клиентам в рациональном вложении их средств, оценке инвестиционных проектов,
• лизинг, факторинг и другие услуги.
Кроме того, уставной капитал банка может стать резервным фондом для других коммерческих банков.
Рыночная экономика немыслима без банковского менеджмента, основанного на реальной конкуренции на финансовом рынке между кредитными учреждениями, замене государственного финансирования предприятий, ведущего к инфляции, рыночным механизмом кредитования конкретных инвестиционных проектов и бизнес-планов, ориентированных на создание новой товарной массы. Банковский менеджмент призван, не просто кредитовать ту или иную программу, но и следить за расходованием кредитов, особенно льготных, на заявленные цели, их своевременным возвратом.
В своей работе я рассмотрю три взаимосвязанных звена: внутри банковское управление, управление операциями, управление персоналом......
Сборник курсовых работ [бесплатно]
Толық
0 0