Федор Федорович Шиляев (6.4.1900, Ресей, Свердловск облысы Верхотурье қаласы -16.11.1969, Қарағанды қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, старшина. Орыс. 14 жасынан еңбекке араласып, Азамат соғысына (1918-20) қатысқан. 1939 жылы Алматыға қоныс аударып, Түрксіб басқармасында жұмыс істеген. Қазақстанда жасақталған .....
Тенгин жаяу әскер полкінің поручигі Лермонтов Кавказға, Грозный қамалына жер ауып келе жатты.
Биылғы көктем кәдуілгі орыс көктеміне ұқсамайды. Ағаштар кенжелеп барып бүршік жарды, иесіз кұлазып қалған уезд бау-бақтарында мойыл кешігіп барып шешек атты. Өзендер де кемерінен асып, көпке дейін сабасына түсе алмады.
Өзендер тасқыны Лермонтовтың жолын бөгеді. Паромдарды сарғая күткен кездері де аз болмады, кейде паром бұзылып, жел құтыра соғып, тасқын суды сапырған шақта, шалғай түкпірдегі қалалардың бірінде аз-кем аялдап қалып та жүрді.
Лермонтов жол-жөнекей кездескен жұрттың жойқын су тасқынын, жолдың берекесіздігін айтып шағынғанын салғырт тыңдайды. Ол кешеуілдеп қалғанына разы. Етегі далақтап қайда шапқылайды сонда? Ысқырған чешен оғының астына ма?
Соңғы жылдары ол тұңғыш рет өлім жайын дегбірсіздене есіне алады. Өмірдің мән-мағынасы өлімде деп ұғатын ұшқалақ балалық шақ сағымдай сейіліп жоқ болды. Тап қазіргідей ол ешқашан өмірге құштар болып көрмеген.
"Жайнаған жастық отым сөнер шақта, сыйлар ма жаз күлк .....
Бұл жолы маған өзімді Вильям Вильсон деп атауға рұқсат етіңіздер. Өз есімімді жазып, мына алдымда жатқан ақ қағазды ластаудың қазір қажеті жоқ. Бұл есім жұрттың жүрегін шайлықтырып, үрейін ұшырып, өшпенділігін өршіткен. Өйткені мен тап болған бұрын-соңды құлақ естімеген сұмдық масқара жөніндегі суық қауесет әлемді шарлап кеткелі қашан. О, жұрттың бәріне құбыжық болған сұмырайдың сұмырайы-ай! Азды-көпті мәні бардың бәрінен, жер бетіндегі құрметтен, гүлден, игі үміттен мәңгі мақұрым болдық емес пе?! Сен үшін тұңғиық аспан тұнжыраған, түпсіз түнекке оранды емес пе? Егер мүмкіндігім келсе, әрине, мен бүгін бұл арада өмірімнің соңғы жылдары туралы, өзімнің шексіз қасіретім мен құлақ естіп көз көрмеген озбырлығым. туралы айтпаған да болар едім. Құнан қойдың жасындай жасым қалған шағымда арсыздықты асырып жібердім, енді мен бұл арада соның бастауын ғана баяндағым келеді. Азғындық жолға адам бірте-бірте түседі. Менің бойымдағы игі қасиеттің бәрі құдды сулық шекпен сияқты бір мезетте сыпырылып түсті де қалды. Майда-шүйде күнәдан мен Гелиогабалға лайық зұлымдыққа алып адыммен бір-ақ аттадым. Бұл қырсыққа кінәлі нендей жағдай, қандай оқиға? Сабыр етсең, оқушым, бәрін де ретімен баяндап беремін. .....
Кіріспе Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі кезеңдегі өзгерістері. Нарық-күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. ....
Бітіру жұмысымды Абай атамыздың мына бір өлеңімен бастағанды жөн көрдім: Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге,- деп өлеңге қосуы тегін емес. Шынында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, ақпаратты сақтаушы, бұқаралық және ақпараттық сипатқа ие құбылыс – кітап. «Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі », - деп Максим Горький кітапқа әділ баға берген. Сонымен бірге кітап – аса қуатты тәрбие құралы. Жақсы, өнегелі, ұлағатты кітапты басып шығарып, тарату арқылы біз қоғамымызды да тәрбиелейміз, рухани бай адамдар қатарын да арттырамыз. Осы ретте француз жазушысы әрі философы Вольтер Мари Франсуаның мына бір айтқан нақыл сөзі ойға оралады: «Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек, Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанымен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді ». Шын мәнінде бұл критериймен кітап басып шығарар болсақ, онда жарық көретін кітаптың саны азайып кетеді – ау деген күмән пайда болары сөзсіз. Бірақ біз кітаптың әсер етуші қуатының мықты екенін әсте естен шығармауымыз керек. Яғни, бізге саннан гөрі сапа қымбат. Бұл дегеніңіз оқырманның талғамы дұрыс қалыптасу деген сөз. Яғни, талғамы жоғары, талабы қатаң оқырман қалыптастыру. Қатаң, жоғары талаптан сапа пайда болады .Сапалы тауар – өтімді тауар.Егер біздің басып шығарып жатқан кітабымыз тауар деп қарастырсақ сол тауардың, яғни өндіріп отырған тауарымыздың өтімді болуына біздер мүдделіміз. Бүгінгі таңда кітап тарату ісі, саудасын дамыту мәселесі өткір тұр. Қазақстандағы кітап саудасының көкейкесті мәселесі көп.....
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн. Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс. Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.....
4-ші әйелі: Көпес оны бәрінен қатты жақсы көретін. Әдемі көйлек пен бағалы сыйлықтардың бәрін соның үстіне жапсыратын. Соның күтімін жасап, соны аялап, алақанында ардақтаушы еді.
3-ші әйелі: Көпесі оны да қаты жақсы көрді. Оны сұлулығын мақтаныш көріп, әр жолы реті келгенде достарына көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда, ертелі-кеш біреуге кетіп қалар ма екен деген қорқыныш кеудесінен кетпейтін.
2-ші әйелі: Екінші әйелін де жақсы көрді. Екінші келіншегі өте ұқыпты әрі сабырлы болатын. Әр жолы басы дауға қалғанда, содан барып көмек сұрайтын. Қиын уақыттардың бәрінде ол қол ұшын беретін.
Көпестің бірінші әйелі адал, жұмсақ жан еді, әр уақытта көпестің өсіп-өркендеуін тілеумен жүретін. Бірақ, оған көпес назар аудармайтын, назар аударса да, мән бермейтін. Ал ол болса өліп-өше сүйіп қала беретін.......
Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр . Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты . Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады. Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік – экономикалық жағынан терең түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды . ....