Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.6 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- кеңістіктегі векторлардың координаталарын анықтайды;
- векторлардың ұзындықтарын есептейді;
- векторлардың координаталары арқылы амалдар орындайды;
- компланар векторлар туралы, векторларды орттар бойынша жіктеу әдісін білетін болады және векторды орттар бойынша жіктеп үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Дала шақырады

Ол уақытта Маңқыстауға барам дегендерге басшылар қарсы болмайтын. Босату жөнінде нұсқау да бар еді, сол кезде. Осыған қарамастан менің жолым тым қиынға түсті.

Оруджев бастаған ғалымдардың құрамында болып Маңқыстау мұнайының бүгіні мен болашағын байқаған сапар маған үлкен әсер қалдырды. Оруджев, Есенов секілді әйгілі геолог оқымыстылардың өз ара сөздерін тыңдай отырып, қазыналы түбектегі үлкен істер көз алдыма еріксіз елестей берген. АН-2 самолетімен Гурьевке қайтар жолда сол әсерлерді өзімізше ой таразысына салмақтай келе бір тәуекелге бел байлаған сияқтымын. Ендігі бағытым — қазыналы өңірдің өркенді ісіне мықтап араласу.

Гурьевке келе обкомның бірінші хатшысына арыз бердім. «Мені Маңқыстау түбегіндегі экспедиция жұмысына жіберуіңізді сұраймын. Өз мамандығыма орай орналассам болғаны, Партия сенімін адал ақтаймын...»

Өтінішімді оқып отырып, секретарь өзгере қалды. Сонан соң жүзіме тіке қарап:

— Коммунистер жұмысты сұрап алмайды. Керек кезінде өзіміз жібереміз, — деді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Газет және оқырман


Айтсын деп ақиқатты тіл берілген

Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде атап өтіп жатқан тұста әркім-ақ өткен жылдарға өзі куә болған жайларды есіне түсірген болар. Дегенмен атқарылған істі бастан кешкен жайларды бір-ақ сәтте еске түсіру, бағамдап баға беру мүмкін бе? Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игілікті істер ұшан - теңіз ғой.

Білім беру, денсаулық сақтау, отан қорғау, индустрия т.б. Салалардағы жетістіктерді айтып шығу тіптен де мүмкін емес және оның бір мақалаға сыюы да екіталай ғой. Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық «Сарыарқа самалы» газеті орала кеткені. Сәл шегініс жасау артықшылық етпес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу

1.1 Жұмыcтың өзeкті мәceлeлeрі жәнe тәжірибeлік мaңыздылығы
Жылқы шaруaшылығы мaл шaруaшылығының тиімді caлacының бірі.Қaзaқcтaндa нaрық экономикacынa бaйлaныcты мaл шaруaшылықтaры қолғa aлынып, қaйтaдaн өркeндeудe. Хaлықты мaл шaруaшылығының өнімдeрімeн қaмтaмacыз eту aуыл шaруaшылығы дaмуының бaғдaрлaмacы. Қaзіргі жaғдaйдa мaл шaруaшылығын жүргізудің өзіндік eрeкшeліктeрі бaр. Рыноктaғы қaтaң конкурeнцияғa бaйлaныcты, әрбір шaруaшылық aз шығын жacaп, өнім өндіруді көбeйтугe тырыcaды.
Бұл үшін acылтұқымды мaл eнгізілeді, жaңa жaбдықтaр қолдaнылaды, вeтeринaриялық қызмeткe қойылaтын тaлaптaр күшeйeді. Мaл дәрігeрлік қызмeтті caпaлы дeңгeйгe көтeру үшін мaл шaруaшылығындa өтe күрдeлі жәнe жaуaпты мәceлeлeрді шeшу қaжeт.
Көптeгeн жұмыcтaр мaл дәрігeрлік нeгізгі мәceлeлeрді жоюдa aтқaрылып жaтca дa, кaзігі уaқыттa жылқылaр мeн ірі қaрa мaлдaрдың жәнe оның ішіндe төлдeрдің aурулaры жиі кeздecіп мaл шaруaшылығының өнімділігін тeжeп жүр.Мaл шaруaшылықтaрынa мaлдың тығыз шоғырлaнуы инфeкциялық aурулaрдың тeз тaрaлуынa жол бeрeді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары

Қазір ақпарат заманы. Ақпараттар тасқыны кәдімгі Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға» мүмкіндік тудырып отыр. Батыс пен Шығыстың мүдделері тоғысқан, Америка бүкіл әлемнің қожасы болуға талпынған, Ресей ТМД елдеріндегі ықпалын жоғалтпауға күшін салған, Қытай аждаһадай аранын ашқан бүгінгідей заманда қазақ ақпаратының бәсекелестікке төтеп берерліктей мүмкіндігі болуы керек.
ХХІ ғасыр ақпарат билік құратын ғасыр болуы керек. Бұрын билік идеологияның, қарудың қолында болды. Енді ақпараттың қолына көшетін кез жетті. Ал, ақпарат ғасырында ақпараттың экспансияның астына көміліп қалмау біз үшін басты мақсат. «Қазақстан ұлттық телеарнасында» соңғы жылдары жасалып жатқан оң қадамдар, жаңа ізденістер осындай мақсаттың үдесінен туған секілді. Қазақ баспасөзінің жаңа белесі туралы профессор Намазалы Омашев былай дейді: «Қазақ баспасөзі жаңа үрдіске иек артып келеді. Бұқаралық ақпараттың көз-жанарын байлап, екі өкпесін қысқан тас қамалдың есігі ашылып, ішіне саңылау түскендей газет, журналдардың тілі стилі бұрынғы қалпын жойып жаңа леппен, жаңалықпен көрініс табуда. Ақпарат ағынында бәсекелестік пайда болды. Ал, бәсеке дегеніміз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік нарығы

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.
Кез – келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – “әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету”.
Жылжымайтын мүлік нарығы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүліктер нарығы ауқымы кең нарық болып саналады. Тұрғын үй –нарықтық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқының және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің көрнекті көрсеткіші.
Тұрғын үй мәселесі кеңес дәуірі кезінен – ақ шешуі қиын мәселе болатын. Ел экономикасы өтпелі кезеңнен өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен шақтан бастап халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Картоп аршуға ерінесізбе

Қазақ етшіл халықпыз. Үйге қонақ келсе бас, ет асып сыбаға жамбасын беріп аттандырамыз. Сол етке кейде картоп қосатындымыз болмаса салатқа арнайы пісіретіндіміз. Оны алдымен суға қайнатып пісіріп алып артынан қолмен аршып біраз уақыт алатындымыз. Олда әуре. Бірақ мұныңда оңай уақыт алмайтын тәсілі бар қараңыз.

1. Картопты суға қайнатпас бұрын алдымен қабығын ортадан айналдыра тіліп алыңыз.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
2. Картоп қайнап жатқанда, мұз дайындаңыз. Иә, мұз. Мұздатқыштағы төртбұрыш пішіндегі мұздар пайдалы.
Картоп пысқасын қасықпен бір бірлеп ыдысқа дайындалған мұзды суға салыңыз. Содан 10 секун санайсыз.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
3. Енді мұздаған картопты алыңыз. Картопты қолыңызбен қатты қыспай жұмсақ тартыңыз. Қабы ақырын өзі сырғып шығып келеді.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
Сіз картоп мұздап қалды деп ойладыңызба? Жоқ, картобыңыз сол қалпы ыстық, сақталынады екен. Міне кереметі.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЦИКЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

КІРІСПЕ
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік басқарушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.
Қайта құру жылдарында көптеген фирмалар әр қилы меншік түрлерін тудырды, олардың көбі соңғы он жылда бәсекелестікте төтеп бере алмады.
Нарықтық және экономикалық факторларға қарсы тұра алатын бірқатар аса ірі фирмалар бар. Тек аса ірі компаниялар ғана нарыққа елеулі ықпал ете алады, алайда мүлдай компаниялардың саны аз.
Негізінде бұлар (компаниялар) мұндай мүмкіндігі жоқ аса үлкен де емес. Сондықтан олардың негізгі міндеті - нарық проблемаларымен «сыйысу» болып отыр және ең жоғары деңгейдегі экономикалық пайданы алу үшін нарық факторларын өз пайдаларына айналдыруы көздейді.
Бухгалтерлік есептің кезеңдері әр түрлі сатыда болады және әр кезеңге тән өзінің ерекше белгілері болады.Осы курстық жұмыста көптеген материалдық аспектілер, газет-журналдыр қолданылды.
I ТАРАУ.
1.1. Басқарушылық есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі, негізгі кезеңі.
Бәсекелестер мен нарық жағдайының өзгеруіне қарсы тұра алмаудан жэне басшылықтың жетіспеушілігінен кәсіпорын күйреуге ұшырайды. Басқа суъектімен өзара әрекет тудыру мақсатында кәсіпорынға ықпал ететін менеджмент (басшылық) маңызды рөл ойнайды. Оның міндеті – кәсіпорын жұмысына қолайлы мүмкіндік іздестіру (тудыру), сондай-ақ оны (кәсіпорын жүмысын) тиімді тәсілмен басқару және үйлестіру болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялық екпінділік және оның ерекшеліктері

Тақырыптың бүгінгі күн талабына сай келуі: Қазақстан өз
тәуелсіздігінің қысқа кезеңіңде экономикалы жекешелендіру
процесінде мәнді дамуға жетті. Қазақстан мемлекет
экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер арасында
алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек маңызды өнімдер түрінің
экспортері ғана емес сонымен бipгe инвестицияны icкe асырға
қажетті құқықтың негізі бар және оған қолайлы жағдай жасалған
мемлекет. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының негізгі
инвесторлары болып АҚШ, Азия және Европа елдерінің
компаниялары табылады. Егер бұл жобалардың инвестициялық
сиымдылығын ескерсек, бұл Қазақстан дамуының ұзақ мерзімге арналған ерекшеліктерінің бipi "Қазақстан халқына арналған Президент үндеуінде" көрсетілгендей (Қазақстан 2030) "жоғары деңгейлі шетел инвестициясының дамыған экономикасына негізделген, экономикалық даму" болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты өcyi, оның барлық ресурстарының барлық құраушылары, жоғары технологияны пайдалана отырып және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей:
ВВМ өсуінің әрбір пайызына мемлекет өндірістік инвестицияга 3% кем емес ВВМ бөлу қажет.
Қазақстан Республикасы бай пайдалы қазбасы бар, ауылшаруашылық кеңістігі кең, жоғары білімді кадырлары бар және оларды тиімді қолдану үшін инвестиция жеткіліксіз.
Қазақстан экономикасын дамытуға тек өкімет қана емес, iшкі инвесторлар қабылетсіз, ceбeбi мемлекеттің экономикасын ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ

Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0