Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау

Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның өз қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті коғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаның шығу себебі тауар өндірісі қайшылықтарының етек жайып, тереңдеуінде. Ақша жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше қызметті атқаратын тауар. Ақша да, тауар да қоғамдық еңбектің өнімдері. Бірақ өндіріс құрал-жабдықтрына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар нарықта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде болады, ал ақша - тікелей жеке еңбектің (жалпылама эквивалент) бейнесі ретінде болады. Ақша зат та емес, байлық та емес, өндірістік қатынас.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Айбынды қазақ ханы Абылай

Тарих – бұл өткен өмір бейнесі. Сол тарих көшін басқа арнаға бұрып ,оның алдыңғы дамуына һзінше серпіліс, өзінше өрнек беретін ұлы тұлғалар баршылық. Оларсыз адамзат тарихын көз алдыға елестету мүмкін емес .Содан болар,әлем тарихынан аздаған хабары бар жандардың ішінде: Александр Македонский,Юлиий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеондар жайлы білмейтін жандар баршылық.
Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы, мемлекетіміздің символы, іспеттес аты аңызға айналған, қазақтың ұлы тұлғасы айбынды ханы - Абылай. Абылай туралы бүгінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Абылайдың мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметіне әр уақытта әр түрлі баға беріліп келді. Егер ол қазақтың дастандарында қысылғанда қол бастаған - батыр, қиналғанда ел бастаған көсем, шаршы топта сөз бастаған шешен, елі үшін еңіреп туған ер. Бүкіл ғұмырын қазақтың бсын қосуға арнаған ақылгөй дана айбынды хан ретінде көтерілсе төңкеріліске дейінгі зерттеулерде оның тұлғасына негізінен осы халықтық шындық тұрғысынан баға берңліп келді .
Абылай тұлғасына сыңаржақ көзқарас орын алып, оның мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметін сынап - мінеу тенденциясы орныға бастады. Тек қазақт елі шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана Абылайдың қазақ тарихындағы айбынды рөліне тиісті баға беріліп, тарих төрінен өзіне лайықты орын алды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жар есіне!)

Қиял - күш, ашу - батыр, ақыл - шабан,
Аймалап адал жүрек төнген саған.
Төрт бұрышын төңіректің шарласам да,
Сендей жар жанға жайлы қайдан табам?
Жас жүрек өз жұбайын таппады ма?
Адамдық ардан тайып аттады ма? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесі

Үлкен емес кәсіпорындарда қаржылық директордың рөлін әдетте бас бухгалтер атқарады. Қаржылық менеджменттің жұмысында басты, ол оның фирманы басқарудағы жоғарғы буыны жұмысының бөлігі болып немесе оған қаржылық сипаттағы басқару шешімдерінің қабылдану үшін қажетті сараптамалық ақпаратты берумен байланыстылығы табылады.Фирма басқарудың ұйымдастушылық құрылымына байланыссыз қаржылық мәселелерді талдауына жауап береді.
Кез-келген ірілеу компания белгілі-бір дәрежеде қаржылық рынокпен байланысты; бұл байланыс көп түрлі, өйткені компания әр түрлі жағдайда болуы мүмкін; бағалы қағаздардың эмитенті, инвестор, қарыз алушы, лендер, алып сатушы болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржылық рыноктағы операциялар қаржылық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы ұғымның талдауына әр түрлі көз қарастар бар.Соның ішінде: қаржылық рынокта саудасы жүзеге асырылатын қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялауды көздейтін контрактыны білдіреді.Осылайша, қаржылық құралдарға акцияларды, облигация, фьючерстарды жатқызуға болады [ 11 ].
Қаржылық менеджменттің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі. Оларды үш топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды – сараптамалық және арнайы.
Бірінші топқа несиелеу, ссудалық – қарыздық операциялар , кассалық және есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік операциялар,амортизациялық аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің жалпы логикасы олардың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады.
Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау әдістері, үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша жасалған.
Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың арнайы тәсілдері алады Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр, бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар, франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық құралдар жатыр.
Қаржылық басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып қаржылық сипатты кез келген мәліметтер,соның ішінде бухгалтерлік есепті, қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің ақпаратын, тауарлық , қорлық және валюталық биржалардың мәліметтерін, өзге де ақпараттарды айтуға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)

Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен
Даналыққа, адалдыққа
Сен деген —
Жігерлі де нәзік әнсің!
Ұшы жоқ, қиыры жоқ боз даладан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Бата-тілек: Жамбылдың батасы

Құдайым бұл үйге дұға берсін,
Тіл - аузын дұшпаныңның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары балалар туа берсін!

***
Бұл екі жасқа
Денсаулық, амандық беріп,
Ұзақ өмір берсін.
Адалдан бер,
Ақтан бер,
Пәле - жаладан сақтай бер.

Ер маңайын баққа бер,
Абырой асар жаққа бер,
Батпас күндей шат көңіл,
Жаңа қосақ жасқа бер.....
Баталар
Толық
0 0

Шығарма: Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды.
Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жұмабаевтың өмірі

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, "Молодежный" совхозы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент Мұқамеджан Бегішев ашқан. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұқамбет Серкебаевпен Медресе — Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. ....
Рефераттар
Толық
0 0