Бүгінгі күнде жеңіл жүрісті қыздар күн санап артып бара жатыр. Қазақ елі, инаббатты, ибалы, салиқалы, үлкенді сыйлай білетін кішіпейіл xалық емес пе? Әттең, бұл тек қана он тоғызыншы ғасыр тариxына тән оқиға деп білем мен. Бесіктен белі шықпаған қыздар,түні бойы көше кезіп,сақа жігіттердің ойыншығына айланып жүргені рас. Мектепке бармақ түгіл, бір-екі аптаға үйлеріне келмей,әке-шешесі амалсыздан көп жағдайларда тәртіп сақшыларының көмегіне жүгініп,артарынаң іздеу салып жатады. "Есін барда,елінді тап"-деп қазақ атамыз айтқандай,көшеде жоғалып,үйін таппай жүрген бой жеткен қыздар қанша ма? Үйінде дұрыс тәртіп берілмегендіктен бе,жоқ,әлде тым ерке қылып өсіргендіктен бе, кінәлі кім заман ба адам ба? Осындай мектеп жасында жүрген оқушы қыздардың бірі, А... болып табылады,өзінен әлде қайда үлкен бәз біреулермен көңіл жарастырып жүргенін жиі-жиі ауылымнаң немесе көрші ауылдағы достарымнаң естіп қаламын. Өткен жылы өзім мектеп бітіріп жатқан кезде, бұл қыздың үстінен бір айға жуық іздеу салынған болатын. Бірақ,қашан,қай күні табылғаның анық білмеймін. Ал,бүгінгі күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Сол оқиғадан бері, А... көрмей кеткен едім. Оразаның үшінші күнінде яғни, бүгін есік алдымнан ыржалақтап өтіп бара жатқан А-ны, көріп қалдым.Біраз жанына барып ақыл айтып, есін жидырайым ба деп тырыстым да, жә, "бұндай ессіз қызға сөзімді шығын қылып қайтем" -деп ішімнен, артыма қарамайа құлағыма құлаққап киіп, бұрылып кеттім. Қазақта өсек деген дүние ең жаман, әр бір қазақ қызының атына дақ келтіретін заттқой. Мектеп жасында жүрген түнгі көбелектердін санын азайтып, дұрыс жолға қалай түсірсек болады?
Кіріспе Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады. Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: 1. Банктің меншікті капиталы 2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі. ....
Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбүрыс кезең де болып отыр. Осы "Үлы жаңару кезеңі" (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз үлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мүны бүкіл адамзаттың өткен тарихы дәлелдеп берді. Енді ғана табалдырығын аттаған жаңа XXI ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда, Орталық Азия, Евразия және бүкіләлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және ол қазіргі таңда іс жүзіне асып та жатыр.1 Қазіргі таңдағы халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі, интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени-тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде, әсіресе мәдениетаралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттерінің эволюциясындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр. Мәдениеттің өзара ықпалдастығы - өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті қүбылыс. "Мәдениет - бүл диалог, пікір алмасу және төжірибе алмасу, басқа халықтардың қүндылықтары мен дәстүрлерін игеру - оқшау жағдайда ол солып, кері кетеді", - деп атап көрсетілді мәдениет саласындағы саясат жөніндегі бүьсіләлемдік конференцияның Декларациясында.2 Қай халық болмасын басқа халықтардың мәдениетімен қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі. ....
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді. Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы – қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады. Қолда бар ақша – қаражатсыз кәсіпорындар аяқтан тұра алмайды. Сондықтан, қолма – қол ақшасыз дамып кетудің бір жолы — банктік несиелерді кеңейту . Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек. Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады .Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүиесінің құрылымы қалыптасады .....
Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады. - саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады. - Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді. - Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың барлық белгілері кезеңдермен дамиды. Бірінші, бастапқы кезең: қоғамдық өмірдің әр аумағында көптеген жанжалдар ошағынаң пайда болуымен сипатталады. Солқылдақ плюралистикалық жүйеде тоқырау күштер мен көзқарастардың жаңа арақатынасын көрсетеді, олардың шешімі саяси дамудың жаңа көздері болып табылады.Бұл жағдайда жанжалдар тұрақтандыру, түзету рөлін атқарады. Қатаң көпшілік- саяси жүйеде жанжалдар тұрақсыздық, бұлғаңдату рөлін атқара отырып саяси күйзелісті тереңдетеді....
Кіріспе Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме? Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа салар еді. Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз курстық жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп алдыма қоямын.....
Жер төсінде керуенін шұбалтып, Өмір көшіп барады. Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып, Көп нәрсе өшіп қалады. Қазы - уақыт барлығын да екшейді, Барлығын да ол болжаған. .....
Кіріспе. Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді. Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды;....