Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономи-калық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығі Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады. Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың аза-юында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуыңда) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады. Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсіддеме (көзқарас); басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтай-лы үйлесуі (үштасуы); басқарудың ғылымилығы; орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудагы келісушілік; басқарудағы жауапкершілік ....
Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол.
•Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
•Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, шаш түсе бастағанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.......
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі. Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада. Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. ....
Рынок қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Рынокта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат рынокта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады. Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде ХІХ-ХХ ғасырдан бастап қолданыла бастады. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл концепцияның өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделілене түсуінде. Сондықтан да XX ғасырдың басында маркетингті өтім әдісі ретінде колданып маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алды. Яғни өндіруші, демек сатушы сатып алуға жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс еді. Яғни маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып, оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирма осыған сай ұйымдастырылуы тиіс еді. Сондықтан да маркетингтің мәні онын алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді десек те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерді. Оның мәнінің өзгерісі өнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін рыноктың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда есте болатыны маркетингке сүйене отырьш фирманың түбінде пайдалы әрекетін ұйымдастыру үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша пайдасыз, кейде тіпті шығынды болуы мүмкін. Бүл болжамды шығындар, немесе ойда болған уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады. Одан кейін мол табыс әкелетін, немесе фирманың қанағатты пайда тауып рынокта тұрақты іс-әрекетін көздеген маркетингтік нысанасы орын алуы тиіс. Осы тәрізді маркетинг нысанасы тек пайданы көбінен табу ғана емес, керісінше әлеуметтік, тұрақтылық, фирманың іс-әрекетінде қауіпсіздік тағы басқа сол сияқы нысанасы болуы мүмкін....
Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6.01.1950 жыл, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекеті - 01.10.2018, Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010). Тұрсын Байтайұлы 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген. Әкесі - Құралиев Байтай (1898-1966), теміржолшы болған. Анасы - Құралиева Рақыш (1928-1996), ұжымшарда жұмыс жасаған. 1968 - 1972 жылдары М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады. 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 - 1977 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. 1977 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Шығырмашылығы....
Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен. Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі. Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
ВВЕДЕНИЕ Проблема налогообложения, пожалуй, явля¬ется самым сложным вопросом всех времен и народов, поскольку обеспечение стабильности и достоверности финансов, устойчивости на¬логового законодательства было и продолжает оставаться залогом экономической безопасно¬сти любого государства. Стабильные налоги - гарантия стабильного исполнения государствен¬ного бюджета. Правительство Республики Казахстан проводить сба¬лансированную налогово-бюджетную политику с учетом как долгосрочных приоритетов и целей, так и задач. Согласно стратегии развития Республики Казахстан до 2030 года Правительство взяло на себя обязательства намерено осуществлять налоговую политику, обеспечивающую увеличение поступления дохо¬дов в государственный бюджет, справедливое распределение налоговой нагрузки на население и хозяйствующие субъек¬ты. В целях увеличения поступления налогов и других обязательных платежей в бюджеты всех уров¬ней, приближения к достижению баланса интересов государ¬ства и хозяйствующих субъектов в финансовых взаимоотноше¬ниях, достижения справедливости в системе налогообложения приоритетными направлениями налоговой политики опреде¬лены следующие мероприятия: совершенствование налогового законодательства, ориенти¬рованного на упрощение порядка налогообложения, упорядо¬чение действующих в настоящее время льгот, уточнение от¬дельных действующих положений по механизму налогообло¬жения, а также на стимулирование развития реального сектора экономики; обеспечение полноты налоговых поступлений по подакциз¬ной продукции, в том числе через реализацию мероприятий по государственному регулированию производства и оборота алкогольной продукции, а также введение государственного регулирования оборота отдельных видов нефтепродуктов; совершенствование порядка определения стоимости недви¬жимого имущества для целей налогообложения; создание условий для вывода капитала из сферы неофици¬альной экономики, усиление ответственности за нелегальное занятие предпринимательской деятельностью и сокрытию объек¬тов налогообложения; соблюдение стабильности фискальной политики путем ог¬раничения проводимых изменений и дополнений относитель¬но сборов и других обязательных платежей в бюджете. Правительством будет продолжена работа по улучшению налогового адми¬нистрирования: повысится эффективность работы с крупны¬ми налогоплательщиками; упростятся требования к заполнению деклараций налогоплательщиками; сформирует¬ся действенная программа подготовки налоговых инспекторов; будут разрабатываться нормативные правовые .....
Кіріспе Барлық деңгейдегі – мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің қаржылық қамтамасыз етуілуі мемлекеттің әр түрлі кірістері есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің кірістерінің негізгі түрі болып бізге белгілідей салықтар табылады, өйткені олар мемлекеттік қазынаға түсетін ақша қаражаттарының көп бөлігін құрайды. Нарық экономикасының барлық елдерінде салық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Осыған қоса олар экономикаға мемлекеттің әсер етуші тұтқасы ретінде болады. Әлемнің кез-келген мемлекеті көп салық алуға мүдделі, бірақ әр қайсысы тепе-теңдікті қадағалайды, және көп табатын мемлекет бай емес, дұрыс есептейтін мемлекет бай болып саналады. Кез – келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын әсіресе экономиканың жағымсыз реттеушісі ретінде кеңінен пайдалануды болжайды. Нарыққа көшу жағдайында экономикалық реформалардың негізгі міндеттерінің бірі- әр деңгейдегі бюджеттің ұлғаюы мен жекелеген субъектілердің ықпал етуі және экономикалық жалпы дамуы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін тиімді салық механизмін қалыптастыру. Салықтар өздеріне тән ерекше әдістерімен әсер етуді іске асырады. Мемлекет салық мөлшерлемелерін көтеріп, жеңілдіктерді тарылтып болашағы жоқ өндірістердің қызметін шектей алады. Ал ынталандыруды мысалы: « кері немесе кері қаржыландыру» деп шартты атауға болатын әдісті пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады. Оның мәні салық төлеуші қосымша қаржы ресурстарын сырттан емес, өз меншік табысынан және қаржыларынан алуында. Қазақстан Республикасының салық саясатын салықтық реттеудің құралы ретінде пайдалану барған сайын ашық саяси және әлеуметтік сипатқа ие болуда. Оның дұрыс және тиімді қызмет етуінен тек экономикалық сипаттағы мәселелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тыныштықтарының сақталуы, саяси тұрақтылық , мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы да тәуелді болады. Салық реформаларын республика халқының тұрмысын жақсарту перспективалары әсіресе халықтың әлеуметік әлсіз топтарына нарыққа көшу кезеңі кезіндегі қиындықтармен байланысқандай болмасын қақтығыстарды жоятын жағдай жасаумен байланысты. Мемлеекттің тіршілік етуі оның бюджетерінің кіріс бөлігіне салықтар мен алымдар ретінде түсетін ақша қаражаттарынсыз мүмкін емес. Салық төлеушілер үшін оларды төлеу жауапкершілік қана емес, сонымен қатар ол- қажеттілік. Салық төлеушілер есебінен мемлекет аппараты және оның құрылымы қамтамасыз етіледі, өз кезегінде сол мемлеект өздерінің салық төлеушілерн- мемлеект азаматтарын өркениетті қоғамда белгіленген тәртіп сақтау бойынша көптеген шараларды іске асыру мен қорғауды іске асырады. Қоғамның және мемлекеттің дұрыс қызмет етуіне қажет дін, ғылым, медицина, тәртіп сақтау мен басқа көптеген қызметтер мемлекеттің салық түрінде алатын қаржылары есебінен қаржыландырылады. Нарықтық экономика жағдайында қоғамда болатын әлеуметтік және экономикалық процестерге ықпал ету құралы ретінде мемлеект оларды пайдаланады. Салық туралы неғұрлым көп білу керек, өйткені олармен адам өмірі үзіліссіз байланыста болады. Салықтың шауашылық субъектілері мен жұмыс істеуші халықтардың алғашқы табыстарын мемлекеттің пайдасына объективті қажет екені білімді және заңға бағынушы қоғам мүшесіне ешқандай күмән туғызбайды. Мемлекетке жиналатын қаржылар оның өзінің қызметерін іске асыруға қажет, салықтарды жоюды талап ету қоғамды жоюды талап етуді білдірер еді. Халықтың меншігіне салынатын салықтар жергілікті, тура нақты салықтарға жатады. Халықтан алынатын салықтарды оқу бізге азаматтарға салық салу салыстырмалы теңеледі деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Олардың біріншісі- әрбір азаматың мемлекеті көтеруге өз табыстарының бөлігін беруге міндетті түрде қатысуы, екіншісі- мемлекеттің халықты белгіленген «бөлінбейтін құндылықтарымен» қамтамасыз етуі. Бұл әдіс тепе-теңдіктің мемлекет тарапынан бұзылуы, азаматтардың салық төлеуге тілегін және өз табыстарын жасыруға алып келеді. Мемлекет өз төлеушілерін қорғауы керек, өйткені оларды ешкіммен ауыстыруға болмайды. Басқаша айтқанда төлеушіні төлеу қабілетінен айыруға болмайды. Мемлеект пен азаматардың арасындағы салық қатынастарында философиялық бірлік заңымен қарым- қатынастар күресі едәуір айқын көрінеді. Сондықтан мемлеект фикалды қажеттіліктерді қанағатандыру мақсатындағы әрекеттерді міндеті түрде олардың әлеуметтік салдарының болмауына талдау жасауы қажет. Халықтан алынатын салық ставкаларын көтеру бюджеттің табысын тек бір салық кезеңіне ғана өсіреді, өйткені келесіден оларды төлеу базасы күрт қысқаруы мүмкін. Салықтарды төмендету болса халықтың табысының өсуін ынталандырады, тұтынудуң көбейюіне, тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуіне, және одан кейін барлық салық түсімдерінң ұлғаюына алып келеді. Тақырыптың маңыздылығы . Жер және жер ресурстары экономикада өз мағынасы бойынша терең тамыр мен үлкен мәнге ие. Жер кез- келген мемлекеттің негізгі байлығы, ал Қазақстан Республикасы жағдайында ол ерекше орын алады. Жерді ақысыз пайдалану оның ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен құрылыста тиімсіз пайдаланудың бірден бір себебі болуда.....