Өлең: Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек)

Eгic тақау қалды деп,
Партия ұран салды деп,
Қаулысы боп бәрінің.
Партияның дерегін
Тұқым, сайман керегін
100 процент дайындап
Бітірген кім? «Калинин».
Ол орыстың ауданы,
Талғар, Есік, Қаскелең,
Поселкелер мекені,
Алатаудың баурайы......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу

КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді. Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968)

Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.).
Өмірбаяны
1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті
1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды.
1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты.
1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»),
1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Иван Бунин | Мелитон


Мамыр айының алагеуім ымыртында салт атпен өзіміздің қорықты аралап жүр едім. Жалғыз аяқ сүрлеумен жаңадан жапырақ жайған балапан ағаштарды көктей салып-ұрып келемін. Жасыл желек жамылған орман, көмейі бүлкілдеп ана ағаштан да, мына ағаштан да бұлбұлдар жарыса сайрап жатыр. Күн ұясына қонғалы қашан, бірақ орман әлі тыншыр емес: жол жиегінен көгершін күңкілдеп, әлдеқайдан көкек даусы құмығып жетіп түр... Мамыр айында түн сергек, әрі қысқа, осы алагеуім қалпында бозамық тартып тұрады да көкжиектің арайы таң шапағына барып бірақ қосылады.

Алаңқайдағы күзетшінің үйінен шықтым. Иек артпадағы сай табанында аумағы бір қауым бөгесін қара су бар еді. Көлшікті айнала қоршаған атамзаманғы кәрі қайың мен емен тоғайдың ұшар басынан қылтиып бозамық ай туып келеді. Мелитон көл жағасында томар үстінде отыр екен, жер ошаққа отты маздата жағып, мосыға ілінген бақыр астына қу шөмшекті үстемелеп тастап қояды. Қашан көрсең де мұнтаздай, үстінде кір шалмаған көйлек, аяғындағы бұтыл етіктің қонышын да ықтияттап шандып тастапты. Екі шынтағы тізесінде, алақанымен иегін тіреп отқа үңілген күйі өзінің жіңішке .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

КІРІСПЕ
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы билік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Бағалау | Әктас жер қойнауын бағалау

Жер қойнауын бағалау қазіргі күнде өте маңызды болып келеді. Мұнда белгіленген кәсіпорын пайдалы қазбаларды өндеу жұмыстарымен айналысады. Осы жұмыстарда пайдалы қазбалардың құнын және жалпы мүліктік кешеннің ( бизнес) бағалынады. Пайдалы қазбалар кенорындарда табиғи жатыс ретінде қорланып жатады. Пайдалы қазбалардың қорлану сандық және сапалық қатынасында өндірістік талаптарға жауап беретін экономикалық тиімділігі үшін минералды шикізат алу кенорын деп аталады.
Кенорынның пайдалы қазбалардың теориялық түсініктемелері жазылған. Пайдалы қазбалар, кенорын, минералды шикізат, жер қойнауын пайдаланушылар анықтамалары жазылған.
Кенорынды бағалау әдістемесінде жалпы бағалау тәсілінің үш түрі және амал тәсілдері келтірілген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы және жер қойнауын пайдалануға салық салу заңдары өте кең түрде жазылған. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуда бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заңдары толық келтірілген.
Қатты пайдалы қазбаларды ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалык материал практикалық мәліметтермен бірге берілген ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Көк шайдан жасалған бет маскалары

1. 100 гр майлы сүзбе, 2 шай қасық бал және жарты кесе көк шайды араластырып, 15 минутқа бетіңізге жағып қойыңыз. Бұл тәсіл бет терісін азықтандырады, тыныштандырып, жасартатын қасиетке ие.

2. Келесі тәсілді макияждан кейінгі бетті тазалау мақсатында пайдаланса болады. 2 шай қасық көк шайды 1 жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық қант, 50 гр өсімдік майымен жақсылап араластырып, бетті сүртсе, беттің тазалануына көмектеседі.

3. 2 ас қасық күріш ұнына 1 шай қасық күнжіт майы және 2 ас қасық көк шай араластырылады. Бетіңізді жақсылап тазалап жуып, 10 минутқа бетіңізді сүртесіз. Алдымен жылы сумен, кейін салқын сумен жуасыз. Ол беттегі майда әжімдердің жоғалуына көмектеседі.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөпелерді сілкімеңдер

☝ Бөпелерді қатты тербету, оларды мүгедек ете алатынындай, өлтіріп қоюы да әбден мүмкін. Қатты тербету арқылы басын ана жаққа бір, мына жаққа бір қатты шайқаған кезде мидың жасушалары жыртылуы мүмкін. Бөпелердің иықтағы бұлшық еттері өте әлсіз болғандықтан, денелерімен салыстырғанда ауыр болған бастарын бақылай алмайды. Балаға зиян келтіретін әрекеттерден кейбірлері мыналар:

● Ауаға лақтырып қағып алу.
● Иыққа отырғызып секіру.
● Зырылдауық сияқты айналдыру.
● Төсек және диван үстіне лақтыру. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Кіріспе
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси өдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0