Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жолда

Таласа-тармаса ішке енген ол билетінде көрсетілген орында жақ жүні үрпиген шүйкедей шал отырғанын көрген сәтте: «Ата, андағы орын менікі»,- деді билетін көрсетіп. Шал болса мұны оқты көзімен өңмеңінен ата қолындағы зерлі таяғын селтең еткізіп: «Құры, су мұрын неме!» –деді зілдене ақырып. Сейіт амалсыздан кері шегінді. Ал бұл кезде іші адамға сықай толған кішкене Пазик ырғала қозғалып, қала көшелерін артқа тастап, тас жолға ілікті. Автобус орындығына жайғасқандардан тік тұрғандардың саны көп болмаса аз емес еді. Сейіт те солардың қатарында. Бұл Сейіттің Павлодар сияқты ірі қалаға алғаш келуі. Алғашқысында он үш жасында: «Ақыры қаланы да көрдім-ау!» – деп масаттанған. Қаланың аты қала ғой. Біздің айнала тау қоршаған құлаққа ұрған танадай бар болғаны бір-екі үш үйлі Қарақуыс емес бұл. Үйлері қандай биік! Сәнді киінген адамдар, әсіресе балалар... Қайда барам десең құстай ұшып алып баратын такси, қаздай тізілген автобустар...Тек сол сәт күн өтпей жатып өзінің осы ойынан айнып шыға келетінін білген жоқ еді. Жоқ...Жоқ... Ол тіптен де тұрақсыз бала емес. Тек әр нәрсеге сын көзімен қарайтыны болмаса. Алғашқы ой ағыны іркілген тұста қалада да қайнап жатқан қызық жоқ екенін, тек жалғыз үйлі ауылдағыдан мұнда ерсілі-қарсылы ағылған әртүрлі маркалы машиналар, ауыл адамдары жиі міне бермейтін таксилері мен автобустар болмаса. Ал бір-бірімен құшақтаса қол алысып, емен-жарқын әңгімелесіп келе жатқан адамдардың жоқтың қасы екен. Ал мұнда жөн сұрап, жол табамын деу ағаттық екен. Мұның: «Ағатай, кітап дүкенін көрсетіп жібермес пе екенсіз?» – деген сауалына көбі йықтарын қиқаң еткізген. Тек бір әйел: «Жүр, айналайын, мен де сонда бара жатыр едім», –деп ертіп апарды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АКТИВТЕР МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ жэне олар айырбасталады. Ұрлық әуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне колы жетіп, ақшалай қаражатгы күзетуге рүқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функңияларды орындауы тиіс:
• ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
• қолма-кол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
• касса тек қажетті қалдықты сақтау;
• кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
• ақшалай қаражатты физикалық бақылау. Түсімді бақылау;
• Ақшалай шығындарды бақылау;
• Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау;
• Кассалық калдықты салыстыру;
• Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау;
• Кассалық қалдықты салыстыру....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жалпы ішкі өнім

Кіріспе
Сонау бiр жылдары Қазақстан да бiр тудың астына бiрiгiп, таңның атысы, күннiң батысы мызғымас одақтың игiлiгi үшiн еңбек еткен он бес мемлекеттiң бiрi болатын. Иә, өткен шақпен сөйлеймiз: БОЛАТЫН деп. Өйткенi, бүгiн бiз келешегiне сенiмдi қарайтын Егемен елмiз. Мiне, тәуелсiздiгiмiздiң он алтыншы жылы да аяқталып қалды. Осы уақыт аралығында өзгерiстiң сан түрiн өткердiк. Ең күрделiсi - экономикалық реформалар. Бүгiнде экономикамыз бiршама нығайып, ТМД елдерi арасында алдыңғы қатардан көрiнiп келемiз.
Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiндегi, Ресейдегi қаржы дағдарысы Қазақстанға да соқпай кеткен жоқ. Бiрақ, 1996 жылдан бастап қатаң монетерлық саясат жүргiзу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең бастысы, егемендiк алғаннан кейiн шын мәнiсiнде алғаш рет мемлекеттiң реттеушiлiк рөлiнiң көрiнiс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзе алды. Экономиканың нақты секторының қарыштап қарекет етуi үшiн алғышарттар жасалды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Спортшы жастардың фунциональдық және морфологиялық қозғаушы күшінің психологиялық дамуы

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн:
«Болса тәртіп, бала өседі сомдалып
Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,-
дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)

Қызығына Күн ие
Таза еді неткен таңдағы ән?
Күрделі, дархан дүние,
Нәзіктігіңе таңданам.
Бозторғай сазы — толы арман,
Болар ма онсыз таңда мән?
Сұлу боп сонша жаралған
Тіршілікке таңданам.
Кеудесі — көркем көк орман......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қаржы құқығының негізгі ұғымдары

Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жұйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялык, құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, занның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0