1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.
Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.......
Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/. Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/. Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/. ....
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.....
Курстық жұмыстың тақырыбы: “Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы”. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өзгерген, діни-руханилықтың жаңа дәуірдегі дамуы мен өзгерістерінің қарастырылуы. Шариғат заңдарының қазақ әдет-ғұрыптарында қалдырған ізінің зерттелуі. Сонымен қатар, Ислам дініндегі мазһабтардың қалыптасу тарихының, мектептердің заң қағидаларының ұстану ережелерін түбегейлі қарастыру. Қарастырылу деңгейі. Бұл жұмысты мен, әуелі Құранға, одан соң бірнеше ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып зерттедім. Тақырыптың қарастырылатын қыр-сырлары көп. Бұрын бұл тақырып кең көлемде қарастырылды деп айта алмаймын. Себебі, осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектер көлемі көпте емес. Мысалы, з.ғ.к., шығыстанушы арабист Нұралы Өсерұлы мұсылмандық құқықтың негіздерін қарастырған болатын. Нақты айтқанда, шариғат заңдарының нормаларын, олардың қазақ әдет-ғұрыптары арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеген болатын. Сонымен қатар, мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздерін – Құран, Сунна, Ижм, Қияс түсініктерін қарастырған. Келешекте, мұсылмандық құқықтың діни жүйемен ара-қатынасы жан-жақты кең қарастылылады деген үмітпен, мен де ғылымға өз үлесімді аз да болса қосу мақсатымен осы тақырыпты таңдадым. Жұмыстың мақсаты: Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесін, сонымен қатар төрт мазһабтар кезеңіндегі құқықтық жүйелерді қарастыру; олардың құқықтық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету; исламдық құқықтың қалыптасуына құранынның алатын орнын, яғни шариғат пен фиқһ ілімін қарастырып өту; мұсылмандық құқықтың діни жүйемен арақатынасын ....
Көшеде екі Бөшке келе жатты, Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты. Ішінде заты бары жай аяңдап, Салдырлап келе жатыр босы қатты. Адамдар даусын естіп қорқып-сасып, Ығысып, алыстан-ақ жолын ашып .....
Алатау шыққан күнмен мұнарланып, Нұрлана, сәулелене тұрды жанып, Күмістей жұлдыз көкте, алма бақта, Үн шашты радио толқынданып. Сол үнді мен тыңдадым құлақ түріп, Қуанды қарт жүрегім аласұрып, Тұрғандай иранбақтың ортасында Бұлбұлдай төгілтейін жырды құйып .....
Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат жүргізу. Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы. Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады. ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу қажеттігін дәлелдейді. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының негізгі бағыты болып есептеледі. Мемлекеттік әлеуметтік саясат – әлеуметтік топттар арасындағы қарым қатынастарды қолдап, қоғам мүшелерінің әл – ауқатын және өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық тәсілдер кешені.....
Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында "...тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады", - деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады. Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. Сонда ғана шындық дүниенің заттары мен құбылыстары туралы бала дұрыс түсініктер алып, ол туралы ой түзеді. Мұның өзі бала ойының жетілуі мен тілінің дамуына игі әсер етіп, алған таным білімдерін әрі қарай толықтырып, ұштап жол ашады. Әр-бір оқу пәні бір-бірімен өзара байланысты ғылыми ұғымдар жүйесін қамтиды. Оқушылыардың жалпы сан бойынша білімдерінің сапасы олардың ұғымдар жүйесін меңгертуіне байланысты. Ал тілдік ұғымдар жүйесін меңгеру – тілдік қарым-қатынас құралы ретінде игерудің негізі. Ұғым деп қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың қасиеттері мен маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық сипаттамасын түсінеміз. Н.И.Кондаковтығ "Логикалық сөздігіне" ұғымды былай анықтайды. "Ұғым зерттелінетін нысанның жалпы, сонымен бірге, мәнді белгілері, негізгі игі түйіні болатынбарлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар" Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Сондықтан ұғым–материалдық шындықты бейнелейтін ойлау нұсқаларының бірі болып табылады. Сөйлеу ұғымдар негізінде жүзеге асады. Дәлірек айтқанда ұғымдар жүйесі сөйлеудің материалы болып табылады. Сондықтан сөйлеуді дамыту дегеніміз ұғымдар жүйесін меңгерту болып шығады.....